Талдықорған: +18°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жаркент жаңғырып келеді: 12 көпқабатты үйдің келбеті өзгереді

23.04.2026
ӘЛЕУМЕТ, ЭКОНОМИКА
Жаркент жаңғырып келеді: 12 көпқабатты үйдің келбеті өзгереді

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласы уақыт өткен сайын түрленіп келеді. Ажары айшықталып, сәулеттене түсуде. Оған себеп жеткілікті. Жергілікті әкімдік тұрғындар талабына құлақ түріп, көптің сұрауына сай қарекет етуде. Мәселен, жаркенттіктер көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті тозып, шаһар келбетін қашырып тұрғанын көптен базыналап жүрген. Енді мұндағы 12 көппәтерлі үй заман талабына сай жаңғыруда. 

Мұндай айшықты жұмыстардың бірін «ZERGER Construc-tiоn» ЖШС жүзеге асыруда. Мердігер мекеме Жібек Жолы даңғылындағы 3 көпқабатты үйді жаңа кейіпке енгізеді. Құрылыс бригадирі Асылбек Шерімбетовтың айтуынша, нысан басында 4 техника мен 15 адам тер төгуде. Алматылық компания межелі кезеңде құрылыс жұмыстарын бітіруге бекінген. Қажетті жабдықтар мен материалдар уақытында жеткізіліп тұрғанын алға тартты серіктестік маманы.

– 3 айда 3 көпқабатты тұрғын үйді жаңа кейіпке енгіземіз. Қазіргі мақсат – тұрғындардың, оның ішінде балалардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету. Ол үшін тұрғындармен тілдесіп, балаларды құрылыс алаңында бейберекет жүрмеуіне септесуді сұрадық. Мұнан бөлек, ғимараттың сыртқы келбеті біркелкі болуы үшін пәтерлердің балкондарындағы темір жабындарды алуға келістік. Кезінде әркім өз шамасына қарай қатты отын жағатын пеш орнатқан. Себебі, бұл үйлер орталық жылуы жүйесіне қосылғанына көп болмаған. Темір құбырларды алып тастаймыз. Сонымен бірге, подъездердің әртүрлі терезесін бірдей етеміз. Заманауи пластик терезелер орнатамыз. Бастысы, тұрғындар құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қараса, – дейді компания өкілі.

«ZERGER Constructiоn» ЖШС жаңғырту жүргізіп жатқан көпқабатты үйдің тұрғыны Асхат Сламжанов балалары үшін қуанып жүргенін жасырмады. Айтуынша, үйдің сыртқы келбеті көңіл түсіретіндей кейіпте. Балалары үй сыртын қашан қалыпқа келтіретінін жиі сұрап жүріпті.

Ажары айшықталып, сәулеті келіскен

– Балаларым заман талабына сай сәулетті үйде өмір сүреріне аса қуанышты. Жайлы жерде тұруды кім армандамайды?! Орталық жылу жүйесіне қосылғанымызға көп болмады. Алты жылдан бері осындағы қолайсыздыққа бой үйреттік. Қыста көмір тасып әлек болатынбыз. Ауламыз да абаттанды, балалар ойнайтын алаңқай бар. Мұның бәрі балалардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр деп түйсінеміз, – деді қала тұрғыны.

Жаркенттегі қайта жаңғыратын 4 көпқабатты тұрғын үйді «SilkWayGrand» серіктестігі, 2 үйді «MIR&ER» компаниясы заман талабына сай етпек. Жалпы, 12 көппәтерлі үйдің қасбеті мен шатырын жөндеуге бюджет қоржынынан 700 млн. теңге қаражат қаралып отыр.

Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Аудан орталығын сәулетті ету жұмыстары мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жібек Жолы даңғылының шығыс бөлігі қайта абаттануда. 2025 жылы басталған жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 501,4 млн. теңге қаралған еді. «Golden City DS» ЖШС осынша қаражатқа жол жиегін кеңейтіп, кіреберіс бөлікке арка орнатады. Жүргіншілер жолын салып, балалар ойын алаңдарын, кіші архитектуралық формалар орналастырады. Жаңғырту жұмыстары осы жылы аяқталады.

Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Дидар Ешеновтың айтуынша, серіктестік құрылыс жұмыстарын 40 пайызға орындаған. Биыл жаңғырту жұмыстары толық аяқталады.

– Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың қатарында «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейінің маңайын және Головацкий көшесін абаттандыру жобалар бар. Екеуі де былтыр аяқталып, тұрғындар игілігін көруде. «Таза Қазақстан» республикалық тазалық акциясына аудан тұрғындары бір адамдай жұмылып қатысуда. Биыл жыл басынан бері акцияға 5 мыңға жуық адам қатысып, 68 техника жұмылдырылды. 450 тоннадай қоқыс шығарылып, 5 мыңнан аса көшет отырғызылды. «Таза сенбі», «Таза өлке» және «Мөлдір бұлақ» іс-шаралары негізінде «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейі­нің аумағы, «Жаркент-Арасан» шипажайы мен «Киелі ағаш» айналасы, «Өсек» өзенінің арнасы күл-қоқыстан тазартылды, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Текелі қаласының таулы аймағында өткен «Eco Spring Action» экологиялық акциясы қарапайым сенбіліктің шеңберінен асып, жастардың табиғатқа деген көзқарасын айқындайтын маңызды қоғамдық құбылысқа айналды. Бұл жолғы бастама тек қоқыс жинаумен шектелмей, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен ортақ жауапкершілікті сезінудің жарқын үлгісін көрсетті.

Көрікті табиғат аясында ұйымдастырылған шараға 50-ге жуық ерікті қатысып, туған жердің тазалығы үшін нақты іске кірісті. Іс-шараны ұйымдастырған Жетісу жастары коммуналдық мемлекеттік мекемесі еріктілерді бір мақсатқа жұмылдырып, табиғатты аялау идеясын нақты әрекетпен ұштастырды. Нәтижесінде демалыс аймақтары мен оған іргелес тау бөктерлері тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоршаған ортаға келтірілетін зиянның алдын алу бағытында маңызды қадам жасалды.

Акция барысында қатысушылар жол жиектерін ретке келтіріп, 50 қап қоқыс жинады. Жиналған қалдықтардың сұрыпталуы да бүгінгі экологиялық талаптарға сай жүргізілгені көңіл қуантады. Бұл бастама айналаны ластамау мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын аңғартады.

Жетісу жастары мекемесі директорының орынбасары Ақыл Сәрсекбаев:

– Бұл шара «Халықаралық еріктілер жылы» аясында ұйымдастырылып отыр. Мұндай бастамалар жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып қана қоймай, табиғатқа жанашырлық сезімін тереңдетеді, – дейді.

Аталған сенбілік Жетісу өңірінде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы 20-шы іс-шара ретінде тіркеліп отыр. Апта сайын тұрақты түрде өткізілетін мұндай сенбіліктерге төрт жүзге дейін белсенді қатысуы қоғамдағы экологиялық жауапкершіліктің артып келе жатқанын білдіреді.

– Тазалық жұмыстары еліміздегі ең ұзын көшелерінің бірі Дінмұхамед Қонаев атындағы көшеде жүргізіліп отыр. Акцияның ерекшелігі, жастар сенбіліктен кейін бас қосып, гитарамен ән шырқап, шығармашылық кеш ұйымдастырады. Бұл өз кезегінде экологиялық мәдениеттің тек еңбекпен ғана емес, рухани байланыспен де бекитінін көрсетеді, – дейді Текелі қалалық филиалының жетекшісі Айым Әбзелбаева.

«Eco Spring Action» акциясы тазалықтың тек біркүндік науқан емес, үздіксіз үрдіс екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Табиғатқа деген жанашырлық, ортаға деген құрмет осындай нақты әрекеттерден басталады.

Дастанбек САДЫҚ,
Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

23.04.2026
«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

23.04.2026
Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

23.04.2026
23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23.04.2026
Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді

Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.