Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жетісуда баспана құрылысы жаңа деңгейге көтерілді

1 маусым 2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Жетісуда баспана құрылысы жаңа деңгейге көтерілді

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы  құрылғаннан бері өңірде 1,4 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы уақыт ішінде 10833 отбасына баспаналы болса, соның ішінде өткен жылы «Жетісу жастары», «Маман» бағдарламаларымен және жалгерлік, несиелік тұрғын үйлер берілді, сол сияқты әлеуметтік осал топтарға баспана сатып алынды, тұрғындар апатты үйлерден көшірілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл өңірде тұрғын үймен 3 мыңнан астам отбасын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мәселен, бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнінде Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында 57 отбасы жаңа пәтерлер мен жеке тұрғын үйлердің кілттерін қолына алып, баспаналы болу қуанышына кенелді.

Қоныстанушылардың қатарында көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер және басқа да санаттағы тұрғындар бар.

Жаңа қоныс иелерінің Жансүгіров ауылының тұрғыны Гүлмира Оспанова:

– Тұрғын үй кезегінде 2017 жылдан бері тұрдым, І топ мүгедегімін. Бүгін көптен күткен екі бөлмелі пәтерімнің кілтін алдым. Тұрғын үй мәселесін шешуде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызға жаңа шаңырақта бақ-береке мен амандық тілеймін, – деді.

Тағы бір жергілікті тұрғын Диана Сұлтанғазина да тілегін білдірді:

– «Жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде 6 жыл тұрдым. Ата-анамнан ерте айырылдым, бүгінде өзім де ана атанып отырмын. Осындай мерекелі күні өз пәтерімнің кілтін алғаныма өте қуаныштымын. Баршаңызды мерекемен және қоныс тойымен құттықтаймын, – деді ол.

Айта кетейік, Жетісу облысы құрылғаннан бері Ақсу ауданында тұрғын үймен 200-ге жуық тұрғын қамтамасыз етілді.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.