Бұл бастама 18–35 жас аралығындағы жұмыссыз жастарға арналған. Жоба олардың әлеуметтік, ғылыми, мәдени және кәсіпкерлік бағыттағы идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты — жастардың ел дамуына қосар үлесін арттыру, жеке кәсібін ашуына, ауыл шаруашылығы, өндіріс, экология және креативті салаларда дамуына қолдау көрсету.
Гранттар мына бағыттар бойынша ұсынылады:
-
Мал және балық шаруашылығы
-
Өсімдік шаруашылығы
-
Сүт өнімдерін өндіру
-
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
-
Қолөнер және шағын өндіріс
-
Агротуризм және экотуризм
Грант көлемі:
Әр жеңімпазға қайтарымсыз қаржылай қолдау көрсетіледі. Қаражат құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алуға, жұмыс орнын жабдықтауға және жобаны іске қосуға бағытталады.
Өтініш қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 15 мамырдан 15 шілдеге дейін.
Қатысу талаптары:
-
18–35 жас аралығындағы ҚР азаматы болуы;
-
Жұмыссыз ретінде тіркелген болуы;
-
Жобалық ұсыныс пен бизнес-жоспар дайындауы;
-
Жобаны Жетісу облысы аумағында жүзеге асыруы.
Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасы жастарды осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырады. Бұл грант – тек қаржылық қолдау емес, өз арманыңды іске асырып, табысты кәсіпкер болуға жасалған нақты қадам.
«Жетісу-Ақпарат»