Талдықорған: +9°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ЖЕТІМ-ЖЕСІРДІ ЖЫЛАТПАЙЫҚ»: ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ТӨРТ ПӘТЕР БЕРІЛДІ

1 тамыз 2019
ӘЛЕУМЕТ
"ЖЕТІМ-ЖЕСІРДІ ЖЫЛАТПАЙЫҚ": ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ТӨРТ ПӘТЕР БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Гүлдала ауылының жұртшылығы қуанышқа кенеліп, асыға күткен қоныстойдың куәсі болды. Келісті етіп салынған бір шатыр астындағы 4 пәтер иелерінің аты аталып, кілттері салтанатты түрде табыс етілді.

Мұндай естен кетпес игі шараның жүзеге асуына жасы 70-тен асқан ақ самайлы ана Жакангер Мұратова мұрындық болғанын атап айту абзал. Отыз жылдан астам уақыт қайырымдылықтың «қамытын» киіп, әлеуметтік жағынан ақсап жатқан қаншама отбасының жылағанын жұбатып, сүрінгеніне сүйеу бола білген кең пейілді ананың аялы алақаны мен ыстық жүрегінің жылуын жетім-жесір аналар мен балалар сезініп келеді. Гүлдала ауылдық округінде 16 мыңға таяу халық мекендесе, орталығы Гүлдаланың өзінде ғана 10 мыңға жуық тұрғын тұрады. Алматыға іргелес жатқан ауыл болғандықтан қоныстанушылар жылдан жылға өсіп келетіндігін ауылдық әкімдік өкілдерінен естіп, білдік. Олардың арасында пәтер жалдап тұратындар да жеткілікті.

Міне, тағдырдың ащы дәмін татып, отбасына сүйеу болар ер-азаматынан ажырап, жалғызілік қалған жандарға жұбаныш болуды мақсат еткен Жакангер апа осыдан екі жыл бұрын Гүлдаладан Аналар үйін салып, 10 шақты отбасын баспанамен қамтамасыз еткен. Осы игі ісін аяқсыз қалдырмай, жалғызбасты аналар мен олардың әрбіріндегі артынан ерген 5-6 баланы далаға тастамаудың қам-қарекетін жасап, баспана мәселесін түбегейлі шешіп беру мақсатында жанға жайлы пәтер салып беруді жөн санаған. Сөйтіп, жаңадан бой көтерген 4 пәтерлі үйдің кілтін көп балалы аналар Бағилаш Жанатаева, Татьяна Хулхачинова, Зарина Чурукова және Зульфия Исраилова иемденді. Енді бір аулада 4 отбасының 20-дан астам баласы құлын-тайдай бірге өсетін болады.

– Ауылымыз қалаға тиіп тұрғандықтан қоныстанушылар қатары көбеймесе кеміген емес. Сол себепті, тұрғындармен «Нұр Отан» париясының бастауыш ұйымы, ауылдық  әкімдік, мектеп және қоғамдық ұйымдар, медицина саласының өкілдері, ақсақалдар, аналар кеңесі боп бірлесіп, жұдырықтай жұмыла жұмыс жасаймыз. Жакангер апамыздың арқасында біздің мектепте оқитын қаншама жетім, жартылай жетім балалар жан жылуын сезініп, киім-кешектен, азық-түліктен тарықпай, қатарынан кем қалмай білім алуда?! Олардың қатарында осы үйге қоныстанып жатқан отбасылардың да балалары бар. «Үлкеннің мыңы қуанғанша, баланың бірі қуансын!» деген ғой дана халқымыз. Бұл жақсылықты балалар ұмытпайтын болады. Жақсылық атаулы балаларға жасалуы керек, – дейді №21 орта мектептің директоры Қуан Айтбаев.

Ана мен баланың қуанышын көруге ауыл жұртшылығы жаппай жиылыпты. Алты қанат ақбоз үй тігіліп, тұрғын үйдің ауласына қонақжайлылықпен ақ дастарқан да жайылған. Салтанатты шараға республикалық ұйғыр этно-мәдени орталығының «Нұр-Аналар» қоғамдық ұйымының төрайымы, атымтай жомарт анамыз Жакангер Мұратова, «Ұйғыр авази» газетінің редакторы, республикалық ұйғыр этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары  Ершат Асматов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Толқын Сәметова, Гүлдала ауылдық округі әкімінің орынбасары Меруерт Әзілқияшова, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы  Нәдірбек Бекжігіт, ауылдың бас имамы Бақтияр, басқа да алыс-жақыннан келген меймандар қатысып, жүрекжарды ізгі тілектерін білдірді.

– Бүгінгі қуаныш ана мен баланыкі. Жетім-жесірімізді жылатпайық, қамқор болайық. Осы үйдің салынуына қолұшын берген демеушілерімізге, кәсіпкерлерімізге үлкен алғысымды айтамын. Бұл – көппен біткен іс. Жүрегі жомарт жастарымыз аянбай атсалысты. Бүгін 4 үйдің кілтін берсек, енді аз уақыттан соң тағы осындай үлгіде бой көтеріп жатқан 5 пәтердің кілтін табыстайтын боламыз. Сол себепті, жақсылық жасаудан аянбайық, ағайын. Балаларымның қонысы құтты боп, өсіп-өнсін, – деген Жакангер ананың ақ тілегінен соң лента қиылып, шашу шашылды.

Тұрмыстық қиындықтың ауыртпалығын аз тартпаған 4 отбасының аналары баспаналы болудың бақытын, қуанышын сезініп, көздеріне ыстық жас алды. Аналарындай қамқор, мейірбан бола білген ақ жүректі Жакангер аналарына алғыстарын жаудырды. Қуанышқа жиылған жұрт құтты болсын айтысып, ақ дастарқаннан дәм татты.

Ұлбосын ИСАБЕК

Гүлдала ауылы,

Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Бүгін, 17:22
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Бүгін, 16:45
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Бүгін, 15:20
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.