Талдықорған: +20°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ҚОЛ

Қымбаттың құнды бұйымдары

28.04.2026
АЛТЫН ҚОЛ, КҮНДЕРЕК
Қымбаттың құнды бұйымдары

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Кәсіпкер Қымбат Ахметқанова Жұмахан Балапанов ауылында туып, өскен. Қазір осы жердің келіні, Раяна, Айла, Айым атты 3 баланың анасы.

Қымбат Сәрсенғазықызы осыдан 10 жыл бұрын Талдықорған жоғары медициналық колледжін тамамдап, мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. Сөйтіп, декреттік демалыста отырған шағында қосымша табыс табуды ойлап, кәсіппен айналысуға бел буды. Осы мақсатты бетке алып, қаладан тәтті торт пісіру курсын оқып, ауылында шағын кондитерлік жұмысын бастаған. Ауылдастарына түрлі торт, бәліштерін ұсына жүріп, тұрақты тұтынушыларын қалыптастыра білді.

Қыз-келіншектерге тәттілер дайындаудың әдіс-тәсілін үйретіп, тәжірибесімен бөліседі және шеберлік-сыныбын өткізді. Той-томалақ өткізушілер кәсіпкердің өнімдеріне тапсырыс беріп, сұранысты арттырды. Кейіннен гипстен ақша жинайтын түрлі қобдиша жасап, көпшіліктің таңданысын туғызған. Қолдан жасалған бұл өнімдерге балабақшадағы бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары қызығушылық танытты. Осылайша жергілікті тұрғындардың көңілінен шыққан бұл кәсіп тұрақты дамып, тұтынушылардың қатарын арттыра түсті.

– Қобдиша жасау үшін бастапқыда көп іздендім. Әлеуметтік желілер арқылы үйреніп, бүгінде ол табыс көзіне айналды. Алғашқы кезде дұрыс жасалмай, біраз қиналдым. Кейіннен қолым жаттығып кетті. Дүкендерден гипс сатып алып, арнайы қалыпқа құямын. Кепкен соң түрлі-түске бояп, сатуға шығарамын. Көп ұзамай өтіп кетеді. Осы кәсіптің арқасында қазір ісім өрге басып, кең қанат жая түсті. Мұнымен шектеліп қалмай әлі де оқып, білімімді жетілдіргім келеді. Осының бәрін өз қаражатымның есебінен жүзеге асты. Алдағы уақытта Үкіметтен қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізуге жол ашылса, кәсібімді одан әрі кеңейту жоспарымда бар, – дейді ойымен бөліскен кәсіпкер.

Бұған қоса Қымбат Ахметқанованың ауыл ортасынан орын тепкен шағын дүкені бар. Онда қыз-келіншектердің бет күтіміне арналған косметикалық бұйымдар, киім-кешектер, басқа да керекті заттар саудаланады. Дүкеннен тамақтануға арналған шағын бұрыш та қарастырылыпты.

Дүкенге келушілерге тәттілермен бірге ыстық, хош иісті кофе ұсынылып, ерекше жайлылық сыйға тартылады. Бүгінде кәсіптің жаңа тынысын ашуды ойлаған кәсіпкердің тәттілері мен ақша жинайтын қобдишасын дәл осы жерден табуға болады.

– Қазіргі таңда қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтың аспан мен жердей екенін мойындауымыз керек. Үйден торт пісіріп бастаған шағын кәсібімнің бүгінде ауыл жастарына қаладағы заттарды ұсына алатын орынға айналғанына қуанамын. Әмбебап дүкен көпшіліктің ризашылығын тудырды. Өйткені, олардың бұл жерден керекті заттарын табуына мүмкіндіктері мол. Қазақтың «жігітке жеті өнер де аз» деген нақыл сөзі осы заманғы қыз-келіншектерге арналып айтылғандай. Өйткені мен медбике, аналық міндетті, бала тәрбиесі, отбасы, ошақ қасы сияқты жоғарыда аталған жұмыстың бәрін қатар алып жүрмін, – дейді Қымбат Сәрсенғазықызы.

Бұл дүкен қазір бірнеше бағытта қызмет атқарады. Мұнда бес адам жұмыспен қамтылып отыр. Кәсіпкер келіншек түрлі қайырымдылық шараларына да белсене қатысып, әр маусым сайын 2-3 отбасын қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етеді. Осындай кәсіп түрлерін меңгеріп, бүгінде тасын өрге дөңгелентіп отырған Қымбат Сәрсенғазықызы Алакөл ауданы әкімінің «Көшбасшы – 2025» жастар сыйлығының «Үздік жас кәсіпкер» номинациясының иегері атанған.

Алдағы уақытта да кәсіптің керегесін кеңейтіп, одан әрі өрістетуді ойлаған кәсіпкер бұдан да биік белестерді бағындырып, жоғарыға көтерілері сөзсіз. «Тәуекел түбі – жел қайық, өтесің де кетесің» демекші, тәуекелге бел буып бастаған жас келіншектің бұл ісі бүгінде осындай жетістіктерге жетелеп, еңбектің жемісін көруге мүмкіндік тудырып отыр.

Айгүл Байбосынова,
Жұмахан Балапанов ауылы,
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

28.04.2026
Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

28.04.2026
Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

28.04.2026
Текті жырдың тұйғыны

Текті жырдың тұйғыны

28.04.2026
Жас таланттар тоғысқан алаң

Жас таланттар тоғысқан алаң

28.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.