Талдықорған: +37°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ҚОЛ

Шойын жолда шыңдалған шебер

03.07.2025
АЛТЫН ҚОЛ
Шойын жолда шыңдалған шебер

Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Төзім мен шыдамның «қорғасынын» қатар құйған мамандар тек теміржолда жұмыс істейді десек жаңсақ болмас. Өйткені, бұл салада еңбек ететіндер осы екеуді тұрмысқа арқау қылады. 1992 жылдан шойын жолдың ыстығы мен суығына қатар төзген, тағдырын да, жарын да темір жолдан тапқан Ерболат Жетібаев осылай дейді. Саланы әбден меңгерген маманның сөзін құп көрмеске лаж жоқ. Бесаспаптығын айналасына мойындатқан теміржолшыны әріптестері құрмет тұтады.

Кейіпкеріміз салаға адасып келмеген. «Әке көрген – оқ жонар» тәмсілі бойынша саланы әкеден аманаттап алған. Әкесі саналы ғұмырын қосылмайтын қос арналы жолда өткізіпті. Мұны ескерген Ерекең де тағдырын теміржолмен байланыстырған. Алғаш пойыз тоқтатушы қызметін атқарады. Кейін басшылықтың нұсқаулығымен Тараз қаласындағы теміржол техникалық мектебінде білімін жетілдіреді. Осылайша экономиканың күретамыры саналатын салаға әбден ден қояды.

– Теміржол кішкентай болсын қателікті кешірмейді. Өйткені көп адам бейжай қарайтын қателіктердің ауыр салдары болуы мүмкін. Бар түйсінгенім, шәкірттерімнің бойына дарытқаным осы жайт болды. 30 жылдан астам уақыттан бері бірнеше шәкірт тәрбиеледім. Олардың алды жоғары лауазымға ие болып, теміржол саласының жауапкершілігін арқалап жүр, – дейді Ерболат Жетібаев.

Кейіпкеріміз шойын жолда махаббатын да жолықтырған. Шаңырақ көтеріп, үбірлі-шүбірлі болған. 1993 жылы ШЧ-32 стансысында байланыс механигі қызметіндегі Галия Белгібайқызымен отбасын құрды. Екі бұрымдыны дүниеге әкелді. Қазір қыздары тұрмыста. Қолы босағанда немерелерін ертіп кеп, Ерболат Ақанұлының шаңырағын шаттыққа бөлеп кетеді.

Стансы бастығының орынбасары Данияр Тәңірберген әріптесінің өз ісін жетік меңгерген маман екенін алға тартуда. Айтуынша, жетістігі мол кейіпкеріміз үнемі жасы кішілерге меңгергенін үйретуші.

– Ерболат Ақанұлымен 2010 жылдан таныспыз. Сол уақытта стансыға жұмысқа келгенмін. Содан бері ағамыз ақылшымызға айналды. Ол кісіні «Теміржолдың кеңес кітабы» десек артық емес. Саланы меңгерген маманнан білмегенімізді сұрап, үйреніп жүрміз. Ерболат Жетібаевтың еселі еңбегі басшылық тарапынан жоғары бағаланады, – дейді Данияр Тәңірберген.

Қазір кейіпкеріміз стансының пойыз құрастыру №2 пунктінде қызмет етеді. Стансы бастығының орынбасары Д. Тәңірбергеннің сөзінше, бұл қызмет қаупі жоғары теміржолдың саласы екен. 20 тонналық салмағы бар вагондар 60 тонна жүгімен тұрғанда оларды бір-біріне тіркеу мен ажырату осы кісінің жауапкершілігіне жүктелген. Жүк пойыздарын тоқтатып, бір-біріне жалғап, вагондардың қауіпсіздігін саралау Ерболат Жетібаевтың құзыретінде. Осындай қауіпті жұмыс істеп жүрген кейіпкеріміз жұмысының жоғары бағаланғанына дән разы.

– Еңбегімізді «Қазақстан Темір жолы» ҰҚ АҚ бағалауда. Жалақымыз өсті. Содан болар, біздің салада жастардың қатары артты. Қолдау болмаса мұндай орын алмас еді, – дейді кейіпкеріміз.

Жолаушы һәм жүк тасымалында теміржол ең қауіпсіз транспорт қатарында. Бәлки, мұның сыры Ерболат Жетібаев сынды мамандардың жұмыс істеуінен болар?!

Дастанбек САДЫҚ
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

18.07.2025
Аптап ыстық, нөсер: 16 облыста дауыл туралы ескерту жарияланды

Аптап ыстық, нөсер: 16 облыста дауыл туралы ескерту жарияланды

18.07.2025
Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.