Талдықорған: +22°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

2028 жылғы Олимпиада: Қазақстан спортшылары стипендияға ие болды

26 қыркүйек 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
2028 жылғы Олимпиада: Қазақстан спортшылары стипендияға ие болды

sb.by

WhatsAppTelegramFacebook

2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарына дайындалу мақсатында Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) жекелей стипендиясын алған қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы Aikyn.kz. сайтының дерегіне сүйеніп.

Бұл бастаманы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті көтеріп, ұлттық федерациялармен және ХОК-мен бірлесе жұмыс жүргізді. Сондай-ақ барлық қажетті құжаттарды рәсімдеуді қамтамасыз етті.

Бағдарламаның мақсаты – спортшыларды төртжылдықтың басты додасына іріктеу кезеңінде және дайындық барысында қолдау. Ұсынылған кандидаттар ұлттық федерациялар арқылы іріктеліп, гендерлік теңдік сақталды. Әр спорт түрінен бір ер және бір әйел спортшы ұсынылды. Сонымен қатар мүмкіндігінше көбірек спорт түрін қамтуға мән берілді, осылайша әртүрлі бағыттағы атлеттерге қолдау көрсетілді.

ҚР ҰОК мәліметінше, стипендия Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына енген жекелей спорт түрлерінде өнер көрсететін спортшыларға беріледі. Міндетті талаптар: іріктеуден өтуге және  жоғары орындарға үміткер болуға мүмкіндік беретін нәтижелер, сондай-ақ допингке қарсы ережелерді бұзбау және Олимпиадалық хартияға қайшы келетін санкциялардың болмауы.

Қаржы оқу-жаттығу жиындарына, жекелей дайындықтарға, бапкерлер мен мамандардың еңбекақысын төлеуге, медициналық және ғылыми қолдауға, сақтандыруға, сондай-ақ тұру мен тамақтануға жұмсалады. Қаражаттың мақсатты жұмсалуы тұрақты есеппен қадағаланады.

Қазақстаннан бағдарламаға енген спортшылар тізімі:

— Аида Әбікеева (бокс)

— Сағындық Тоғамбай (бокс)

— Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо)

— Әбиба Әбужақынова (дзюдо)

— Милад Карими (спорттық гимнастика)

— Руслан Курбанов (семсерлесу)

— Исхар Курбаев (грек-рим күресі)

— Ризабек Айтмұхан (еркін күрес)

— Зейнеп Баянова (әйелдер күресі)

— Мария Бровкова (байдарка мен каноеде есу)

— Александра Ле (нысана көздеу, пневматикалық қару)

— Ислам Сәтпаев (нысана көздеу, пневматикалық қару)

— Әмір Маймұратов (спорттық құзға өрмелеу)

— Батырхан Төлеуғали (таеквондо)

— Алан Құрманғалиев (үстел теннисі)

— Елизавета Матвеева (жеңіл атлетика)

— Әсем Орынбай (стенд ату)

— Сергей Петрович (ауыр атлетика)

— Арай Нұрлыбекова (ауыр атлетика)

— Данил Мусабаев (батуттағы гимнастика).

Қазақстандық спортшылардың бұл бағдарламаға енуі олардың Олимпиада-2028 ойындарына жүйелі әрі сапалы дайындық жүргізуіне қосымша мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.