Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҚАШАНҒЫ МЕССИ МЕН РОНАЛДУҒА ТАМСАНАМЫЗ?

23 маусым 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҚАШАНҒЫ МЕССИ МЕН РОНАЛДУҒА ТАМСАНАМЫЗ?
WhatsAppTelegramFacebook

Жеңіс… Қуан, қазақ елі, біз Еуропа чемпионатында өнер көрсетеміз. Иә, бұл сөзді есту әрбір қазақ баласының көңіліне шаттық сыйлайтыны хақ. Бірақ, осы бір шынайы қуанышты сезініп, футболшыларымыздың әлемді бағындырғанын көзбен көре аламыз ба? Әй, қайдам. Қазіргі қарқынмен қуаныштың ауылы алыста сыңайлы.


Ел тәуелсіздік алғалы «ќазақ футболы қашан дамиды?» деген сауал әркімді мазалап жүргені анық. Еліміздің спорт саласы шетелден біраз артта. Неге десеңіз, ұлттық құрама футболдан ешқандай жетістікке жеткен жоқ.

Өткенге көз жүгіртсек, 1992 жылы Қазақстан Футбол федерациясы құрылды. 1994-те біз ФИФА-ның толыққанды мүшесі атандық. Ал 2002 жылы 25 сәуірде УЕФА бізді өз қатарына қосты. ФИФА-ның турнирлерінде біз ешқандай жолдама алмадық. Тек іріктеу кезеңдерінде ғана өнер көрсеттік. Қайта УЕФАда біздің жігіттер үмітке үкі таққандай болды. 

Ұлттық құрама сапында 19 бапкер ауысты. Күні кеше ғана Ресей елінің ардагер футболшысы Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұған дейін жаттықтырушы тізгінін экс-бапкер Магомед Адиев атқарды. Адиевтің басқаруымен құрама біздің футбол тарихында біраз сенсация жасады. Ал бұл кісі келместен бұрын Қазақстан жан-жақтан бапкер іздеді. Жыл сайын бапкер ауыстырамыз. Одан не өзгерді? «Баяғы жартас сол жартас» болып қалды. Мәселен, Африка елдерінің ішінде кішкентай ғана Марокко футбол құрамасы бар. Олар 2022 жылы футбол тарихында сенсация жасады. Бір ғана бапкер ауыстыру арқылы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті. Бас бапкерлері өз елінен шыққан ардагер футболшысы Валид Реграги. Ел үшін намысқа тырысып, сөзсіз керемет ойын көрсете білді. Әлемге әйгілі Криштиану бастаған Португалияны жарыс жолынан шығарып, Роналдуды кубоксыз қалдырды. Әрине, олар ойнайды, өйткені сол елдің, сол жердің суын ішіп, топырағына аунап өскен азаматтар қалай болса да намысқа тырысады. Матч соңында Хаким Зиеш, Ашраф Хакими, Яссин Буну алаңға өз отбасын шақырып қуанышты бірге тойлай алуы, барлығы бірдей сәждеге басын қойғандары елдің есінде мәңгіге қалды. Дана халқымызда «Өзіңнен тумай ұл болмас» дейтін тәмсіл бар. Бәлкім, бізге де өз азаматтарымыздан бапкер шығару керек шығар.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ел жастары Бразилияға барды емес пе? Келісім бойынша бразилиялықтар біздің жастарды шыңдауға келісті. Сол спортшыларымыз қайда? Неге осындай дүбірлі додаларда өнер көрсетпейді? Сонда барлығы кәсіби ойыншыларға тіреліп тұр ма? Жоқ. 2016 жылы Еуропа чемпионатында өнер көрсеткен Исландия құрамасы «жылдың үздік құрамасы» және «ең үздің жанкүйерлік қолдау» номинацияларын жеңді. Өзіңіз байқап қараған болсаңыз, Гимн орындалып жатқан сәтте арасындағы бірен-саран қазақ қана «ұранды әнді» ішінен айтып тұрады. Италиялықтар жеңімпаз болып қана қоймай, әнұран орындау кезінде капитан Леонардо Бонучи, Джанлуиджи Доннарумма, Марко Верратти сияқты ойыншылар көптің көңілінен шыға білді. 
Қашанғы біз өзге елдерге, командаларға жанкүйер бола береміз. Бәрінің кумирі Роналду мен  Месси, Реал мен Барселона. Қазаққа қазақтан басқа ешкімнің жаны ашымайды. Үйірмеге қатысып жүрген жас жеткіншектерге ең алдымен дұрыс тәрбие бере білу керек. Әр ауылдағы футбол үйірмелеріне өзгерту енгізу керек. Негізі тума талант қабілеті бар талай бүлдіршін ауылдан шыға алмауда. Қара домалақ балалардың ішінен мықтыларын таңдап, оларды одан әрі жетілдіре білсек бізден де Криштиану мен Месси секілді футбол жұлдыздары шығатынына сеніміміз мол! 

     Бауыржан ҚАСЫМХАН,
                     ЖУ студенті 
 

Қатысты жаңалықтар

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.