Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Баба мерейтойына арналады

25 қыркүйек 2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
Баба мерейтойына арналады
WhatsAppTelegramFacebook

Үштөбе қаласындағы «Жастар» стадионында Ескелді Жылкелдіұлының 325 жылдығы құрметіне арналған Президенттік тест тапсырудан  оқушылар арасында Қаратал ауданының чемпионаты өтті. Жарысқа 18 мектептен 150 оқушы қатысты. Аудан әкімі Қайрат Бисембаев сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, барша жұртшылықты спортпен айналысуға шақырды.

Ескелді бабамыздың мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған дүбірлі дода аса тартысты өтті. Спортты серік еткен қараталдық спортшылар барын салып, жеңіске жігерлік танытты. Әсіресе, желаяқтар жарысы көптің көңілінен шығып, көрермен қауым қызу қолдап отырды. Атап айтсақ, 9-10 жас аралығында қыздар арасында          1-орынды Кәлпе орта мектебінің оқушысы Ә. Тұрсынбай жеңіп алды. Ал 2-орынды      № 51 орта мектебінің оқушысы К. Орт иеленсе,            3-орынға Панфилов атындағы орта мектебінің оқушысы К. Ким табан тіреді. Сонымен бірге президенттік тест тапсыруда ұлдар арасында          1-орынды Кәлпе орта мектебінің оқушысы Е. Кикен қанжығасына байласа, 2-орынға  М. Горький атындағы орта мектебінің оқушысы Н. Дмитренко, 3 орынға Елтай орта мектебінің оқушысы А. Аскер ие болды.  Сондай-ақ, 11-13 жас аралығында қыздар арасында 1-орын А. Ташенбайға (М. Горький ОМ) бұйырды. Ал үзеңгі қағыстыра келген А. Цой (Р.Кошқарбаев ОМ)    2-орынға табан тіресе, Е. Кенжеғали (Молдағалиев ОМ)      3-орынды місе тұтты.  
Бір айта кетерлігі, жастардың спортқа деген құлшынысы ерекше байқалып тұрды. Мұны біз президенттік тест тапсыруда жүгіру ғана емес, секіру, кермеге тартылу секілді сынамаларды ойдағыдай орындауынан байқадық. Мәселен, 11-13 жас аралығында ұлдар арасында Елтай орта мектебінің оқушысы        С. Алтыбаев жеңіске деген жігерінің арқасында 1-орыннан көрінді. Сонымен бірге № 13 Орта мектебінің оқушысы И. Қасымов 2-орынға қол жеткізсе, А. Пушкин атындағы орта мектебінің оқушысы Е.Мадығасен 3-орынға лайық болды. 
14-15 жас аралығында қыздар арасында О. Белишко  (№51  ОМ) алтыннан алқа тағынса, К. Кудашкина (Б.Римова ОМ) күміспен күптеліп, А. Рахымберлина (№13 ОМ) қолаға қол созды. Сонымен бірге ұлдар арасында 1-орын С. Рахимбековке (Есенберлин ОМ),  2-орын А. Сабитовке (Елтай ОМ), 3 орын И.  Смағұловқа (Горький ОМ) бұйырды. 
16-17 жас аралығында қыздар арасында қарсыластарын шаң қаптырған А. Койайдарова (Елтай  ОМ) жеңімпаз атанды. Тиісінше 2-орынға Ф. Рыскелдинова (Байсейітов ОМ) жайғасса,  3-орынға А. Ибо-оглы (Б.Римова) тұрақтады. Ұлдар арасында Е. Нығмет 1- орынды (Елтай ОМ), А. Рамазанов 2-орынды (Горький ОМ),  Магомедов  (Кошкарбаев ОМ)     3-орынды иеленді. 
Жалпы командалық есепте 1-орынды Елтай орта мектебі жеңіп алса, 2-орынды Горький орта мектебі, ал 3-орынды Кәлпе орта мектебі иеленді.

 

 * * *
Дәл осы күні «Жастар» стадионында «Отбасы күні» мерекесіне арналған «Әкем, анам, мен – біз біргеміз спортпен»  аудандық спорттық  жарысы өткізілді. Сайысқа  9 команда қатысып, спортқа жаны құмар отбасылар бақтарын сынады. Нәтижесінде 1-орынды Шарипбаевтар отбасы жеңіп алды. Сондай-ақ, 2-орынға Сүндетбековтар отбасы лайық деп танылса, 3-орынды Караосманоглының отбасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар тапсырылып, кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
А. БАҚЫТҰЛЫ.
Қаратал ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.