Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

БАП ПЕН БАҒЫ ҚАТАР ШАПҚАН

31 мамыр 2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
БАП ПЕН БАҒЫ ҚАТАР ШАПҚАН
WhatsAppTelegramFacebook

Табиғаты көркем Талғар ауданының Панфилов ауылындағы атшабарда ұлттық ат спортының «Теңге ілу» және «Жамбы ату» түрлері бойынша ересектер арасында Қазақстан Республикасының дәстүрлі чемпионаты өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы тікелей қолдау көрсеткен биылғы чемпионат ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту ретінде ұйымдастырылған.

Теңге ілуден ХV және жамбы атудан VІІ Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанатында ҚР Ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Нұркен Байбөриев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отырған ҚР чемпионатына қатысушылардың жеңіс тұғырынан көрінуіне және әділ ойын өтуіне тілектестігін білдірді. 
– Алматы облысының атшабары жақсы дайындықта болғандықтан мұндай бәсекелі жарыстар мен турнирлер үнемі өткізіліп келеді. Аталған чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұлттық құрама командасына алынады. Сосын бұл ересектер арасындағы жарыс болғандықтан 1, 2-орын иегерлеріне ҚР спорт шебері атағы беріледі және ұлттық құрамаға алынғаннан кейін әлемдік деңгейдегі халықаралық жарыстарға Қазақстанның атынан шығып, ел намысын қорғайтын байрақты бәсекелерге қатысатын болады. Сондықтан, республикалық чемпионат өз дәрежесінде өтеді деген ойдамыз, – деді ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік бас жаттықтырушы Н. Байбөриев.
Шашасына шаң жұқтырмас жүйріктің жалына жармасып, бауырында ойнайтын епті де жүректі спортшылардың шеберлігін шыңдап, байрақты бәсекелерде Жетісу жерінің намысын қорғайтын ұлттық ат спортын дамытуда өңірде ауыз толтырып, көңіл көншітерлік істер қолға алынып жатқаны жөнінде облыстық дене шынықтыру басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев тілге тиек етті. 
– Жетісу өңірінде есімдері елге мәлім атбегілер өте көп. Бұған жыл сайын Президент кубогі үшін ұйымдастырылатын аламан бәйгенің ықпалы зор. Көкпар, аударыспақтан Азия чемпиондары бар. Сондай-ақ, марқұм Жолан Омаровтың атымен «Жоланның жүйріктері» жалғасын табатын болады. Мұндай байрақты бәсекелердің барлығына облыс әкімі Амандық Баталовтың айрықша қолдау көрсететінін атап айту орынды. Аймақ басшысының қолдау көрсетуінің нәтижесінде енді спортшылар мен жаттықтырушылар тұрақты түрде еңбекақы алатын болады. Бұл да бұрын-соңды болмаған жетістік, – деді Нұрбақыт Молдахметұлы.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ҚР Ұлттық ат спортының «Теңге ілу», «Жамбы ату» түрлері бойынша өткен чемпионатқа қатысушы спортшылар арасындағы тартысты бәсеке өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Оларды марапаттау рәсіміне арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, қоғам қайраткері  Бекболат Тілеухан, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Арман Ташметов, жаңадан құрылған Жамбы ату федерациясының президенті Нұрлан Әметов және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Алмат Үшкемпіров қатысып, жеңімпаздарды салтанатты түрде құттықтап, кубоктар мен қаржылай сыйлықтың сертификаттарын табыс етті.
Сонымен, ересектер арасындағы ұлттық ат спорты түрлері «жамбы ату» мен «теңге ілуден» өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Түркістан облысының ат құлағында ойнайтын спортшылары 1-орынды иеленсе, Жамбыл облысының ат спортшылары 2-орынға табан тіреді. Ал жүлделі 3-орын Алматы қаласының ұлттық ат спортшыларының қанжығасына байланды.
Сондай-ақ, жамбы атудан қазақ, кәріс және түрік стильдері бойынша да жекелеген спортшыларға арнайы дипломдар табыс етілді. 

Ұлбосын ИСАБЕК
Панфилов ауылы,
Талғар ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Бүгін, 11:36
Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Бүгін, 11:30
Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:00
729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:30
Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Бүгін, 10:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.