Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Биыл Лепсі ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы толық аяқталады

3 сәуір 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Биыл Лепсі ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы толық аяқталады
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі таңда елімізде бұқаралық спортты дамыту, әр елді мекенде тұрғындардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау, жасөспірімдердің кәсіби тұрғыда айналысуына мүмкіндік туғызу – басты мақсаттың бірі. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ жиі айтып, бұқаралық спорттың дамуы үшін жасалған әр істі айрықша атап өтіп, атлеттеріміздің нәтижесін назардан тыс қалдырған емес. Облысымызда спорт нысандары жыл санап көбейіп келеді. Биыл да жоспар бойынша құрылысы қарқынды жүріп жатқан кешендер бар. 

Өткен жылы «Baq.kz»  ақпараттық сайтына пікір берген Алакөл ауданының тұрғыны Есенбек Әбітәліп: «Лепсі ауылы таудың етегінде орналасқан, табиғаты көркем. Спортпен айналысамын деген азаматтарға таза ауа, тұмса табиғат дайын. Осыны айтып, арнайы үлкен спорт кешенін салуды ұсынғанбыз. Ұсынысымыз қабыл болғанымен жұмысы әлі бітер емес. Бір тоқтап, бір басталып тұр. Мердігер ақшаның толық бөлінбегенін айтады. Келер жылы іске қосылса да жақсы. Спортқа әуес қаншама жастар жүр. Соларға үлкен көмек болар еді» деген еді. Биыл Лепсі ауылындағы 180 орынды дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жатақхананың құрылысы толық аяқталады. Наурыздың соңындағы мәлімет бойынша кешеннің ішкі жұмыстары бітуге жақын, ал 150 орынға есептелген жатақханада терезені орналастыру, су, жылу мәселелері реттелді. 

Өзгертулер мен түзетулерден кейінгі құрылыстың жалпы құны 3 миллиард 899 миллион теңге. Ауыл тұрғыны Жестай Тушкенова: «Туризмге бай ауылымызда үлкен спорт кешені жатақханасымен бірге салынып жатқанына қуаныштымыз. Бұрын жастарымызға дұрыс жаттығатын орын болмаған еді, енді олар бос уақытын кең, заманауи жерде пайдалы өткізе алады. Бұл тек спортпен шұғылдануға емес, бүкіл ауыл тұрғындарының басын біріктіретін үлкен жоба деп ойлаймын. Осындай игі істі қолға алған азаматтарға,  облыстық әкімдікке алғысымыз шексіз!» деді. Биыл Алакөл ауданында жалпы құрылысы басталатын, пайдалануға берілетін бірнеше нысан бар. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз хатшысы Айжан Мұратова «Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің тапсырыс беруімен Екпінді, Көлбайда клуб, Қазақстандағы блокты-модульді Мәдениет үйіне қаражат бөлінді. Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен былтырдан бері құрылысы жалғасып келе жатқан Жыланды, Жанама, Көлбайда ауысымына 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, Қызылқайың, Ақжар, Үшбұлақ, Сапақ, Қайнарда фельдшерлік-акушерлік пункт, Бескөл, Жайпақ, Екпіндіде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, Достық ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орынды орта мектептің жұмыстары жүріп жатыр»,–  деді. Аудандағы құрылыстың қарқыны жоғары. 

Лепсідегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені жақын арада пайдалануға берілмек. Одан бөлек, облысымызда бірнеше нысан қолға алынып, жұмыстары қарқынды жүруде. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Саят Сарқытовтың сөзіне сүйенсек «Өткен жылы спорт саласын дамытуға 22,4 млрд. теңге бөлінді. Спорттық инфрақұрылым саласы біртіндеп дамып келеді. Мәселен, облыс көлемінде дене шынықтыру және спортпен айналысуға бағытталған мыңнан астам спорттық құрылым бар. Жетісу өңірінде 2024 жылдың есебі бойынша халықты 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету көрсеткіші 64,1%-ды құрап отыр» деген еді. 

Қаратал ауданындағы Көпбірлік, Тастөбе, Ескелді, Жаңаталап ауылдарында, Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылында, Ескелді ауданындағы Шымыр, Елтай, Жетісу ауылында блокты-модульді спорт кешендерінің құрылысы бой көтерді. Одан бөлек, инвесторлардың көмегімен бірнеше нысан салынып, пайдалануға берілді. Мәселен, «Меридиан М.О.В.Company» ЖШС Талдықорғанда спортшыларға арнап 40 орынды тұрғын үй салып берсе, «Жетісу – Қолдау» ҚҚ үстел теннис орталығына, «Қазақстан Халқына» ҚҚ Панфилов ауданындағы Көктал, Ақсу ауданындағы Қапал ауылдарына ангар іспеттес спорттық нысанға демеушілік жасады. Өңірімізде әлі талай нысан бой көтеріп, спортшыларымызға жағдай жасап, тұрғындарымыздың кедергісіз спортпен шұғылдануына мүмкіндік бермек.     

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.