Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Демеу Жадыраевтың бапкері күрес федерациясының Бас хатшысына қызметтен кетуді ұсынды

10 қазан 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
Демеу Жадыраевтың бапкері күрес федерациясының Бас хатшысына қызметтен кетуді ұсынды
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Бас хатшысы Димаш Сұлтановтың әлеуметтік желіде жария болған мәлімдемесінен кейін Демеу Жадыраевтың жеке бапкері Боранбек Қоңыратов оған қызметінен кетуді ұсынды.

Димаш Сұлтанов қоғам өкілдеріне жолдаған үндеуінде, федерацияның қызметі, бапкерлер штабының жұмысы, командаларды құру және басқа да мәселелер бойынша шындыққа сәйкес келмейтін және жалған ақпараттар көп таралып жатқанын атаған. Осылай деген ол өзінің ашық диалогқа дайын екенін алға тартқан. Бірақ кейбір мәселе бойынша заң орындарына жүгінетінін де жасырмаған.

«Федерация жалған ақпарат тарату, бапкерлердің, спортшылардың және төрешілердің абыройы мен қадір-қасиетін қорлайтын жалған деректерді тарату, сондай-ақ ұлттық және рулық алауыздықты қоздыру деректері бойынша құзырлы органдарға жүгінуге мәжбүр болады», — деп мәлімдеген Димаш Сұлтанов.

Осыдан кейін федерацияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жария болған жазбаның астына Боранбек Қоңыратов пікір білдірді. Ол Бас хатшының елді қорқытып отырғанын айтып, қызметін тапсырып, орнына ар-ұяты бар адам келуі керек екенін жеткізді.

«Димаш, сен мына жазған жазбаңда күресті жақсы көретін бүкіл қоғамды қорқытып жазып отырсың. Сонда күрес федерациясының беделі жоқ болып отыр ма? Халықты жинап, ақылмен шешуге, әлде «кім бірінші арыз жазады соныкі дұрыс»  деген принципті ұстайсың ба? Федерация дұрыс шешім қабылдамай жатса, федерацияға сөйлемей, ойымызды айтпай, федерация қандай шешім қабылдаса, сол шешімді басымызды изеп қабылдауымыз керек болып тұр ғой. Димаш, маған арналған  ЗУМ-арқылы болған жиналыс еш өшпейді. Күрес түрін жақсы көретін қоғамды осындай постпен қорқытып ұстасаңдар, қазақ күресі алысқа бармайды. Димаш, осындай постпен және ісіңмен жаттықтырушыларды,төрешілерді бір-біріне данос жазғызып үйреттің. Соның ішінде жеке менің атыма және еркін күрестің бапкеріне жаздырдың. Донос жазғаннан кейін жаттықтырушылар мен төрешілердің рухы өшті. Рухы жоқ жаттықтырушы, төреші қандай спортшы дайындайды. Сондықтан, Димаш ұятың болса, федерациядан кетіп қал. Орныңа ұяты, ары, намысы бар адамдар келсін», — деді Боранбек Қоңыратов.

Бұл жайтқа қатысты спорт журналисі Аслан Қаженов те жазба жариялап, федерацияның әрекеті қисынға келмейтінін алға тартты. Тіпті, федерацияның баспасөз хатшысының қарадүрсін жауаптары да шошытқанын мысалға келтірді.

«Сіздердің бастарыңыз істей ме? Мынау не мәлімдеме? Қорқыту-үркіту ме? Бүгінге дейін қаншама проблема айтылды. Үндемей келдіңіздер. Бірде-бір жауап болған жоқ. Енді әрі ойланып, бері ойланып, тапқандарыңыз осы ма? Федерацияны меншіктеп алған жоқсыздар ма? Әлде, ата-бабаларыңыздан қалған мұра ма? Халық өзінің аузынан жырып беріп жатқан қыруар қаржының есебін талап ете алмай ма? Тілшілер қордаланған мәселелерді көтеріп, оның шешілуіне түрткі болса, сотқа сүйрейсіз бе? Логиканы мүлде түсінбедім. Бас хатшының өзі осындай нәрсе жазады. Баспасөз қызметіне жауаптысы мына жақта әріптесімізге «Баяғыдан қайда қалдың?», «Өз орныңды біліп жүр!» деп шүйлігіп жатыр. Кәсіби біліктілік қайда? Федерацияда өз саласының мамандары отыр ма? Жалпы мақсаттарыңыз қандай өзі? Әлде, біз, осыдан кейін аузымызға құм құйылып, үнсіз қалады деп ойладыңыз ба? Жоқ, жоқ, жігіттер, олай болмайды», — деді Аслан Қаженов.

Дереккөз: 1bol.kz
Фото: instagram.com/boranbek1966

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55
Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.