Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдегі өнерін екінші айналымда аяқтады. Қазақстандық теннисші бұл кезеңде филиппиндік Александра Эаламен кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша есе жіберді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Турнирде екінші нөмірмен тіркелген Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастады. Оның қарсыласы әлемдік рейтингте 35-орында тұрған Александра Эала болды. Кездесу 1 сағат 32 минутқа созылып, 7:5, 6:4 есебімен филиппиндік спортшының пайдасына аяқталды.
Матч барысында Елена Рыбакина 13 эйс орындап, төрт рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ ол екі брейк-пойнт мүмкіндігінің біреуін ғана сәтті пайдаланды.
Осылайша, қазақстандық теннисші Берлиндегі WTA 500 турниріндегі жарыс жолын екінші айналым кезеңінде аяқтады.





