Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЕРСІННІҢ ЕРЕН ЖЕҢІСІ

6 желтоқсан 2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЕРСІННІҢ ЕРЕН ЖЕҢІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Сумо күресі – жапон халқының ұлттық спорты. Аталмыш спорт түрімен айналысып, Жапония мемлекетінде қазақтың нар тұлғалы палуаны атанып жүрген жерлесіміз Ерсін Балтағұлдың бүгінгі жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай.

Аспанасты елінде қазақтың мақтанышына айналған Ерсін Мүсілім- ұлы Бақанас ауылының тумасы. Алматы қаласындығы №164 орта мектептің  түлегі. Ерсін әкесі Мүсілім мен анасы Айнұр Қайшыбайқызының тәрбиесін бойына сіңіріп, жастайынан спортқа бейім болып, 3-сыныптан бастап дзюдо күресімен айналысқан. Спортшы болуды армандаған жас палуан өзінің ептілігін көрсетіп, Алматы қаласы және Алатау ауданында өткен жарыстарда бірнеше мәрте жүлделі орындарды иеленіп, өз салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанған. 2015 жылы Алматы қаласына Жапониядан арнайы келген 25 мәрте Император кубогінің жеңімпазы, сумо күресінің ең жоғары атағы «Екодзуна» дәрежесінің иегері, атақты Асасерю Акинори өзіне шәкірт тәрбиелеу мақсатында кастинг жасап, таңдауы Ерсін Балтағұлға түскен. Сөйтіп 2016 жылы қазақтың жас палуаны Ерсін Балтағұл Жапония еліне Токио қаласына қоныс аударып, 12-ші сыныпты сол елде аяқтайды.
Алдына қойған мақсатына жетуді көздеген Ерсін 2017 жылы Нихои университетінің спорт факультетіне құжаттарын тапсырып, қазіргі таңда аталмыш білім шаңырағының 3-ші курс студенті. Жапон тілін еркін меңгерген жан-жақты, білімді азамат. 
Сумо күресінің қыр-сырын жетік білетін біздің Ерсіннің 2016 – 2017 жылдар аралығында жеткен жетістіктері қуантарлық. Ал биыл өткен жарыстарда ерекше жетістікке жеткен жерлесіміздің жеңісті жекпе-жектеріне тоқталар болсақ, Уакаяма қаласында Тайкай Сумо күресінен университет студенттері және ересектер арасында өткізілген командалық жарыста жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, Каназава қаласында студенттер арасындағы командалық жарыста жеңімпаз атанса, Тоуада қаласында өткізілген жарыста командалық І орын иегері. Сондай-ақ, Токио қаласында өткен жекелей турнирде +135 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, ІІ орынды қанжығасына байлады. Бұл жекелей жарыс бойынша үлкен жетістік болып саналады. Өзінің жеңістерге жететініне кәміл сенген жас палуан Осака қаласында Жапон елінің студенттері арасында өткен үлкен командалық жекпе-жек барысында тәжірибелі спортшылармен иық тіресіп, осы жарыста командасымен жеңімпаз атанды. Осы орайда айта кетер болсақ, Ерсін жекпе- жек барысында Сумо күресінің жоғары дәрежесі «Екодзуна» атағының иегері, тәжірибелі спортшыны қапыда қалдырды. Ерсіннің атағы асқақтап, жергілікті газеттер біздің ержүрек Ерсін жайында жарыса жазып, «Қазақтың палуан баласы, былтырғы жылғы чемпион еко-    дзуналарды тізе бүктірді», – деп хабар таратқан. Бұл біз үшін қуантарлық жаңалық. Қазақ елінің абыройын жат жерде асқақтатып жүрген осындай білекті де жүректі палуанға алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз.  

Бақтығали МЕЙРАМБЕКҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.