Талдықорған: +24°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«Лепсі – 2026» облыстық шаңғышылар жарысы өтті

16 ақпан 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, ЖАҢАЛЫҚТАР
«Лепсі – 2026» облыстық шаңғышылар жарысы өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Лепсі ауылында Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Жетісу облысының шаңғышылары арасында ашық «Лепсі – 2026» облыстық жарысы өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы

Аталған додаға Талдықорған, Текелі қалаларынан, Кербұлақ, Ескелді, Сарқан, Алакөл аудандарынан және Алакөл ауданына қарасты Лепсі, Жыланды, Екпінді, Теректі ауылдық округтерінен 9-63 жас аралығындағы спортшылар қатысты.

Жарыстың басты мақсаты – оқушылар арасында Лепсі ауылындағы спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының шаңғы бөліміне іріктеу жүргізу, ал ересектер арасында Жетісу облысында қысқы спорт түрлерін насихаттап, дамыту болды.

Қатысушылар ерлер, әйелдер, ұлдар және қыздар болып бөлінді. Жас шаңғышылар үш топта, ал ересектер алты жас санаты бойынша бақ сынасты. Жарысқа Қазақстан біріншілігінің және Жетісу облысының бірнеше дүркін чемпиондары да қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ересектер арасында командалық есепте:
І орын – 158 ұпаймен Кербулақ ауданы
ІІ орын – 134 ұпаймен Алакөл ауданы
ІІІ орын – 96 ұпаймен Талдықорған қаласы

Эстафеталық жарыста:
Ерлер арасында:

І орын Талдықорған қаласы
ІI орын ауданы
ІII орын Кербулақ ауданы

Әйелдер арасында:

I орын Алакөл ауданы
ІI орын Кербұлақ ауданы
ІII орын Талдықорған қаласы

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, медальдармен және командалық кубоктармен марапатталды. Команда жетекшілеріне арнайы сыйлықтар табысталып, Лепсі ауылының бал өнімдері сыйға берілді.

Жарыс барысында қатысушыларға Лепсі ауылындағы спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты ұжымының атынан бал қосылған ыстық шай мен бауырсақ ұсынылды.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен қонақтар тарапынан оң бағасын алды.

Қатысты жаңалықтар

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55
Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Бүгін, 12:28
Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Бала тілі бал болмай тұр

Бүгін, 11:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.