Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

МАҚСАТ МІН ІЗДЕУ ЕМЕС. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА СПОРТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ КЕЛДІ

25 ақпан 2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
МАҚСАТ МІН ІЗДЕУ ЕМЕС. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА СПОРТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат ЕРҒАЛИЕВ Жетісу жеріне келіп, спорт нысандарын аралап, өңірдегі өрендердің дайындық деңгейімен танысты. Арнайы іссапармен келген комитет төрағасын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт ТЕҢІЗБАЕВ күтіп алды.

Әуелі Самат Серікқанұлы бастаған топ «Жастар» спорт сарайына бас сұқты. Олар кешенді толықтай аралап, бапкерлердің жұмыс барысымен танысып, саңлақтарымен жүздесті. Келесі кезекте Талдықорған орталық бассейнін, қаламыздағы спорт интернатын, Ескелді ауданындағы дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенін аралады. Сайыпқырандардың тынымсыз жаттығуын көрген комитет төрағасы ризашылығын білдіріп, ақжарма тілегін ақтарды.

Осыдан кейін Салтанат сарайында қорытынды жиын өтті. Оған  аудан-қалалардағы спорт кешендердің басшылары қатысты. Басқосу барысында сөз алған Самат ЕРҒАЛИЕВ:

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әр кеңейтілген отырысында бұқаралық спорт пен жасөспірімдер спортын дамытуды жиі айтады. Сиқырлы өнерді өркендету үшін нақты тапсырмалар берді. Осыған орай министрліктен мониторлық топ құрылып, әр өңірдегі спорттың даму деңгейін тексеріп жүрміз. Біздің мақсат – мін іздеу емес. Қиындығы мен қызығы мол спорт саласындағы кемшін кеткен тұстардың орнын бірігіп толтыру, ұтып жатқан жерлерін барлық өңірлерге насихаттау, тәжірибе алмасу, – деді.

Өз кезегінде сөз алған спорт және дене шынықтыру комитеті мониторинг тобының жетекшісі Жұмажан Имаяқов облыста спорт саласы дамып, барлық жағдай жасалып жатқандығын айтты. Сонымен қатар, бір апталық талдау барысында кеткен кемшіліктерді де баяндады.

­– Уақыттың тығыздығына байланысты апталық мониторинг кезінде соңғы үш жылда атқарылған жұмысты ғана талдадық. Үш жылда спорт кешендері көптеп салыныпты, десе де бұл облыс үшін жеткіліксіз. Соның салдарынан жаттығу кестесінде қателіктер өте көп. Мәселен, бір уақытта 3-4 топ бірге жаттығу жасайды. Көптеген спорт кешендерінде аға жаттықтырушы жоқ. Тіпті, кейбір жерде бапкерлер жаттығу жоспарынсыз жұмыс істеп жүр. Ал мүмкіндігі шектеулі спорт мектебінің жартысы жаттықтырушы. Бір адам алты спорт түрінің бапкері. Спортты дамытқымыз келсе мұндай өрескел қателіктер жасамау керек, ­– деді ол.

Жиында «Жетісу» футбол клубының қаржысы шет елден келген ойыншылардың жалақысына кетіп жатқаны, Талдықорғандағы спорт интернатында бала саны тым көп екені, ұлттық спорт, оның ішінде ат спортының кенжелеп тұрғаны айтылды.

Жиын соңында Нұрбақыт Молдахметұлы алдағы аптадан бастап кемшіліктерді жүйеге келтіру мақсатында жиын өткізетінін, олқылықтың орнын толтыру үшін нақты тапсырма беретінін жеткізді. Сонымен қатар, әр спорт кешендерінің басшыларын жеке-жеке қабылдайтынын айтты.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Бүгін, 13:30
Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Бүгін, 13:00
Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Бүгін, 12:30
Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 12:00
Транзиттік әлеует трансформацияланады

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Бүгін, 11:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.