Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

МАҚСАТ – ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ СПОРТЫН ДАМЫТУ

2 наурыз 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
МАҚСАТ – ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ СПОРТЫН ДАМЫТУ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс орталығындағы спорттың дамуы кейінгі кезде оң бағытқа бет алып, түрлі іс-шара жиі ұйымдастырылып, тұрғындардың да тұрақты шұғылдануына жағдай жасалып келеді. Былтыр сәуір айында Талдықорған қаласы әкімінің қолдауымен дене шынықтыру және спорт бөлімі ашылып, өз жұмысын бастады. Басшысы Жаннұр Әбішевпен тілдесудің сәті түсті.

– Құрылғанына бір жылға жуық уақыт болған бөлімнің бүгінге дейінгі жұмысы көз алдымызда. Жаннұр Мұратұлы, өзіңіз кеңінен тоқтала кетсеңіз.

– Рақмет, бір жыл ішінде көптеген істерді жүзеге асырдық, әлі талай жобамыз дайын тұр. Барлығы өз ретімен келе жатыр. Біздің мақсат – Талдықорғанның спортын дамыту. Ол үшін жүйелі жұмыс жүргізуіміз қажет. Қаламызда түрлі спорт нысандары бар, алдағы уақытта осы бағытта бірнеше ғимарат салынады. Сондықтанда кәсіпқой деңгейде де, әуесқой бойныша да тұрғындардың емін-еркін спортпен айналысуына жағдай жасау – біздің міндет. Енді осыған дейінгі спорттық шаралардың негізгісіне тоқтала кетсем. Есіңізде болса, алғашқы жарысымыз 27 мектептің оқушылары қатысқан «Мектеп барысы» (7 кезеңнен тұрды) жобасы. Одан кейін еліміздің бірнеше облысынан және Ресейден келіп арнайы қатысқан (1500 спортшы болды) «Qazaq marathon Taldyqorgan», 10 жылдан астам қаламызда тоқтап қалған үлкен футболдан қала чемпионаты ұйымдастырылып, оған 8 команда қатысты. Тағы сондай көптен бері болмай кеткен Талдықорған гарнизоны әскери бөлімдері арасындағы спартакиаданы қолға алдық. Қала әкімінің ұсынысымен «Aula fit» жобасы (100 спорттық шара өтті, оған 4 мың бала қатысты) бастау алды. Ұлттық спорт түрлерінен тұратын жарыс өтіп келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында түрлі эстафеткалық жарыс ұйымдастырылып, әуесқойлар үшін футбол, волейболдан қала біріншілігі әр мезгіл сайын өтіп келеді.

– Ал бөлім спорттық шараларды ұйымдастырудан бөлек тағы қандай істер атқарады?

– Біздің бөлім спортшыларға түрлі спорттық разрядтар беру, жаттықтырушыларға және әдіскерлерге біліктілік санатын беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Бұл қызметтер қаладағы дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуға бағытталған және қала тұрғындары үшін өте маңызды мәнге ие деп білемін. Былтырдан бері бөліміміз тарапынан 561 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың ішінде мерзімі бұзылған немесе шағымданған деректер тіркелген жоқ. Бұл біздің жұмысымыздың тиімділігін және тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасын айғақтайды. Нақты айтсақ, спортшыларға разрядтар беру бойынша – 365, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушыларға – 125, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскерге – 13, спорт төрешісі бойынша – 58 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бізге жүгінген жандарға заң аясында тиісті жауап беріп, еңбегіне қарай бағалап, түрлі санаттарды тапсырамыз. 

Серік Қантай

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03
Машина жасау мен фармацевтика салалары рекордық өсім көрсетті

Машина жасау мен фармацевтика салалары рекордық өсім көрсетті

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.