Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«МЕН ОҒАН ЕРКЕЛЕЙМІН»: АТ МІНГЕН АРУ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

9 желтоқсан 2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
"МЕН ОҒАН ЕРКЕЛЕЙМІН": АТ МІНГЕН АРУ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тау етегінен орын алған «Поло» ат спорты клубында алыс-жақын шетелдерден, атап айтсақ, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз және Әзербайжан елдерінен келген спортшылардың басы қосылып, 38 сәйгүлікті тізгіндеген шабандоздар өнерлерін көрсетіп, өзара бәсекеге түсті. Спорттық шараға республикалық ат спорты федерациясы ұйытқы болғандығын атау абзал.

Жарыс ережесіне сай әртүрлі биіктіктегі кедергілерден айна-қатесіз секіріп өткен ат пен шабандоздың есебі жоғары бағаланды. Нәтижесінде, 38 үміткердің арасынан Орта Азия кубогін жеңіп алған бір ғана жеңімпазға Еуропа чемпионатына жолдама берілетінін ескерсек, жарыстың өте тартысты әрі жоғары жауапкершілікпен өткендігі айқын.

Атты ер қанатына балаған қазақ халқы үшін бәйге мен көкпар таңсық болмағанмен, конкур сынды кедергіден секіретін бұл спорт түрі кенжелеп қалғаны ақиқат. Дей тұрғанмен, қатары жылдан-жылға артып, шеберліктері шыңдалып қалған спортшыларымыздың қатарында қаракөз қыздарымыз да жоқ емес. Соның бірі, сәйгүлігін жан серігі санайтын ару Нұрила Тұрысбекова бес жылдан бері осы спорт түрімен шұғылданып, бірқатар шыңдарды бағындырған.

— Аттың жанын түсініп, зерделеп қарасақ, олардың да әр түрлі мінезі болады. Менің сәйгүлігімнің аты – Клинтара. Ол маған, мен оған еркелеймін. Соңғы жылдары кедергілерден мүдірмей өтуге бар күшімізді салудамыз. Бүгін де жаман өтпеген сияқтымыз. Еліміздің Көк Туын көкте желбіретіп, чемпиондар қатарынан көрінсек деген тілегім бар, — дейді шабандоз қыз.

— Талғарда ту көтерген аталмыш ат спортынан әлем чемпионатына іріктеу турниріне Ресей мен Орта Азия елдерінен 40-қа таяу шабандоз шақыртылды. Алғашқы кезеңде қатысушылар 1 метр 30 сантиметрлік биіктіктен секірді. Одан кейін 1-де 40-ты бағындырады. Осылай бір шыққанда тақ және жұп кедергілерден 13 мәрте қарғып өтуі тиіс. Ат тұяғы кедергі таяқшаларға тиіп  немесе құлатып кетпей, ең қысқа уақытта келгені жарыс жеңімпазы атанады. Аттар 6 түрлі комбинациядан өтетін болса, ең соңғы сатысында 1 метр 60 сантиметр биіктікті бағындыруы тиіс. Бұл, әрине, ең күрделі әрі қиын сатысы саналады, — дейді республикалық ат спорты федерациясының президенті Анатолий Кошенко.

Сөйтіп, үш күнге ұласқан ат спортынан Орталық Азия лигасының кубоктік бәсекесінде Рузана Бакумян 1-орын иеленсе, Ержан Қорабай 2-орынды қанағат тұтты. Ал ат спортынан өткен Гран-при додасында қазақстандық Нұрила Тұрысбекова қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, ол спорт шебері нормативін орындаған. Командалық сында Өзбекстан спортшылары топ жарса, екінші және үшінші орындарды Қырғызстан мен Қазақстан командалары еншіледі.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бір аптада мас күйінде көлік басқарған тоғыз жүргізуші ұсталды

Бүгін, 09:30
13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47
Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.