Талдықорған: +19°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ФЕДЕРАЦИЯ БАСШЫЛЫҒЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ. ДАНИАЛ АХМЕТОВ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛА МА?

11 желтоқсан 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ФЕДЕРАЦИЯ БАСШЫЛЫҒЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ. ДАНИАЛ АХМЕТОВ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛА МА?
WhatsAppTelegramFacebook

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының 2024 жылды қорытындылау жиыны өтті.


Іс-шараға жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, облыстық федерацияның басшылары, спортшылар мен федерация өкілдері қатысты. Жиында Даниал Ахметов федерацияның атқарған жұмысы туралы есеп беріп, спорттағы бірқатар маңызды жетістіктерін атап өтті. Оның ішінде, халықаралық жарыстарда қазақстандық атлеттер көрсеткен жоғары нәтижелер мен жеңістер, сондай-ақ жеңіл атлетиканың дамуына бағытталған жаңа бастамалар айтылды. Отырыста Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, федерация президенттігіне даңқты жеңіл атлет, Рио Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың кандидатурасын ұсынды.

Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының басшылығы мен спорт қауымдастығы О.Рыпакованың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Министр Ербол Мырзабосынов жеңіл атлетика федерациясын бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметовке жемісті қызметі үшін алғыс білдіріп, президенттікке тағайындалған Ольга Рыпакованың қызметіне сәттілік тіледі.

Жеңіл атлетика – елдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Қазіргі таңда 360 мыңнан астам отандасымыз дәл осы спорт түрімен кәсіби түрде айналысады. Сондықтан біз бұл спортты жаңа деңгейге көтеріп, оның халықаралық аренада танымалдылығын арттыруымыз қажет. Бүгінгі жиында федерацияның жұмысына қатысты маңызды өзгерістер болып жатыр. Федерацияны бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметов қызметінен кетіп жатыр. Оған атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін. Даниал Кенжетайұлының басшылығымен біздің атлеттер халықаралық жарыстарда үлкен жетістіктерге жетті. Енді федерация президенттігіне Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова келіп отыр. Ольга Сергеевнаның отандық жеңіл атлетиканың дамуына қосқан үлесі мол. Алдағы уақытта да еліміздің жеңіл атлетика спортын биіктерге көтереді деп сенеміз, — деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.

Жиын соңында министр Ольга Рыпаковаға еліміздегі жеңіл атлетика спортының халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығын арттыру, спортшылардың дайындығына және резервті даярлауға ерекше көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

Экономика тірегі

Экономика тірегі

Бүгін, 16:06
Нейрохирургтар сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

Нейрохирургтар сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

Бүгін, 15:35
Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Бүгін, 14:58
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Бүгін, 14:35
Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.