Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Волейбол: Ауыл бұрымдылары Астанада бақ сынайды

9 ақпан 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Волейбол: Ауыл бұрымдылары Астанада бақ сынайды
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының волейболшы қыздары Талдықорғанда өткен Ұлттық мектеп лигасында топ жарып, кезекті мәрте чемпион атанды. Жас спортшылар енді сәуір айында Астанада өтетін Қазақстан чемпионатында облыс абыройын қорғайды.

Облыс орталығындағы байрақты бәсекеде өңірдің ең таңдаулы 10 командасы бақ сынасты. Финалдық кездесуде Ақсу мен Панфилов аудан командалары бетпе-бет келді. Ойын алғашқы минуттардан-ақ тартысты басталды. Ақсулық спортшылар тор алдындағы шеберліктері мен жойқын соққыларының арқасында айласын асырып, қарсыластан басым түсті. Әсіресе, шешуші партияда есеп тең түсіп, тартыс қызған сәтте аруларымыз темірдей төзімділік танытты. Сәтті блоктар мен дәлме-дәл берілген пастар ойын тағдырын шешіп, Ақсу құрамасын алтын тұғырға көтерді.

Кез келген жеңістің артында білікті бапкердің еңбегі тұратыны анық. Команданың бас бапкері Сәкен Рафиков шәкірттерін тек физикалық тұрғыдан емес, психологиялық жағынан да шыңдай біледі. Команда құрамындағы тәжірибелі ойыншылар мен жас таланттардың сабақтастығы топтың болашағы зор екенін көрсетеді. Әсіресе,  Нұрай Рахымбек секілді көшбасшылардың жойқын соққылары мен байсалды ойыны жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленіп жүр.

– «Бұл жеңіс – ұзақ уақыттық дайындық пен темірдей тәртіптің жемісі. Біздің мақсатымыз – тек сауатты әрі сапалы волейбол көрсету емес, жүйелі жаттығудың арқасында әр жарыстан жеңіспен оралу», – дейді бас бапкер Сәкен Нұрмұхамедұлы.

Команданың белді ойыншысы Айзере Қалибай алаңдағы тартыс пен алдағы жоспарлары туралы былай деді:

– «Біз тағы да чемпион атандық.  Жетісу облысының намысын қорғау үшін Астана қаласына жолдама алдық. Жарыс басталған сәттен-ақ өз ойын өрнегімізді жүргізіп, қарсыласқа еркіндік бермедік. Шешуші сәттерде нағыз мінез көрсеттік. Блокта да, қорғаныста да қателікке жол бермей, әр мүмкіндікті ұпайға айналдырдық».

Айта кетейік, бұл команда өткен жылы да елді сүйіндірген еді. Олар Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қоры жүзеге асырып отырған «Auyl Sport» жобасында республика чемпионы атанды. Сол кезде еліміздің 17 облысынан жиналған үздік командаларды басып озып, ауыл спортының деңгейі биік екенін дәлелдеді. Ендігі кезекте қыздарды халықаралық деңгейдегі турнир күтіп тұр. Жансүгіров ауылында волейболдың осындай қарқынмен дамуы – халықтың салауатты өмір салтын берік ұстануының нәтижесі.

Чемпиондар ауылға оралғанда, Жансүгіров жұрты оларды зор қуанышпен қарсы алды. Жерлестері, ата-аналар мен ауыл ақсақалдары ақжарма тілектерін жеткізіп, спортшыларға батасын берді.

Арайлым Абылғазы 
ЖУ 4-курс студенті

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.