Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЖЕЛҚАЙЫҚПЕН ЖАРЫСТЫ

18 тамыз 2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЖЕЛҚАЙЫҚПЕН ЖАРЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Кербұлақ ауданы, Көксу шатқалында мемлекеттік қызметкерлер арасында «KOKSU WATER FEST – 2017» атты  рафтингтен сайыс өтті. Жарысқа 15 команда, 100-ге жуық спортшы қатысты.

Шара облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арқау Шынтаевтың алғы сөзімен бастау алды. Ол:
– Осымен үшінші мәрте жалауын желбіретіп отырған дәстүрлі доданың мақсаты, қатысушыларға жер жаннаты Жетісудың тамылжыған табиғатын көрсетіп, өңіріміздегі туризмді дамыту, экстремалды спорт түрін насихаттау. Бүгін ауа райының қолайсыздығына қарамастан су туризм фестиваліне келген жандар нағыз туристер. Сіздер сайыс­тан керемет әсер алып қайтады деген сенімдемін, – дей келе қатысушыларға сәттілік тіледі.
Осыдан кейін төрешілер жарыс­тың қалай өтетінін айтып, қауіпсіздік ережесімен таныстырды. Дода екі кезең бойынша өрбіді. Алғашқы турда мемлекеттік қызметкерлер Көксу өзенінің арнасымен 15 шақырым қашықтықты жүзіп өтсе, екінші кезеңде тау бедеріне шығып, туристік көпсайыс бойынша бақ сынасты. Желқайыққа отырып ағыны қатты Көксу өзенінің арнасымен жүзіп, тосыннан туған түрлі қауіп-қатерді бағындыруға әркімнің ерік-жігері жете бермесі анық. Әйтсе де ешқайсысы қаймыққан жоқ. 
Мен экстремалды спорт түріне қатысуға келгенімді Көксудың тентек суы қайықты арылы-берілі лақтырып, алдыңнан сан түрлі өткелдер шыққанда ғана ұғындым. Нағыз қорқыныш осында. Өзеннің арнасымен жүзген қайықты ағыс кенет бұрқырамаға тастап жібергенде теңіздің толқынына түсіп кеткендей боласың. Аударылсаң арқыраған ағынмен арпалысып, қайыққа қайта шығуың керек. Бір қуантарлығы, үстіміздегі арнайы киімдер суға батырмайтыны және бас киімнің ауыр жарақаттардан құтқаратыны. Дода қызыққа толы болды. Әр ойыншы бойындағы қорқынышын жеңіп, жүлделі орындардан көрінуге тырысты. 
Екінші кезең де тартысты өтті. Тау биігінен арқанмен сырғанай түсіп, түрлі өткелдерден өту жылдамдықты талап етеді. Осыған орай жартасты жағалай шыққан жандар барынша ерте келу үшін аянып қалмады. 
Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені облыс әкімінің аппаратынан келген команда иеленсе, 2-орынды «БАҚ» өкілдері қанжығасына байлады. 3-орын «ТАТЭК» командасына бұйырды.
Туристік сайыста тау бөктеріне шығып, тұмса табиғаттың саф ауасымен тыныстап, көбігін көкке атқан ерке өзенде жүзіп керемет әсер алып қайттық. Жыл сайын ұйымдастырылатын шара биыл да жоғары деңгейде өтті. Жиналған жұрт сайысты ұйым­дастырушыларға алғыс жаудырып, тамылжыған әсем табиғат аясында жарыстар жиі өткізіліп тұрса екен деген ниетпен тарқасты.

Айдар Қалиев.

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.