Талдықорған: +18°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жетісудың шалғай елді мекендерінің мектептеріне жаңа автобустар берілді

15 шілде 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР, КҮНДЕРЕК
Жетісудың шалғай елді мекендерінің мектептеріне жаңа автобустар берілді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының шалғай ауылдардағы мектептерге 8 жаңа автобус берілді. Бұл жаңа көліктер оқушыларды тасымалдаудың қолайлылығын қамтамасыз ететін болады. 

Атап айтқанда, Ескелді ауданының Бақтыбай және Алдабергенов ауылдарына, Қаратал ауданының Көкпекті, Кербұлақ ауданының Шанханай, Сарыбұлақ, Сарыөзек ауылдарына, Көксу ауданының Балпық би ауылына, Сарқан ауданының Черкасск ауылына мектептерге автобустар кілтін облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов салтанатты түрде табыстады. Ол өз сөзінде балалардың білімге қолжетімділігін арттыру басты міндет екенін тілге тиек етіп, жаңа автобустармен қамту балалардың мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

– Біздің мектепте 122 оқушы бар, соның 15-і Аққайың ауылынан келіп оқиды. Бұған дейін оқушыларды тасымалдайтын ескі автобусымыз болған. Енді оның орнына жаңа, заманауи, қолайлы автобус берілді. Бұл жайлылық қана емес, балалардың қауіпсіздігі үшін де маңызды, – деп атап өтті Черкасск орта мектебінің директоры Бауыржан Ибраимова.

Бұл автобустар отандық өндіруші «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС зауытында жасап шығарылған. Автобустарда қауіпсіздік белдіктері, ауа салқындату жүйесі, дыбыс зорайтқыш, сигнал түймесі бар. Сол сияқты дәрі қобдишасымен, өрт сөндіргіш және авариялық белгілермен жабдықталған.

Жалпы Жетісу облысының мектептерінде 94 автобус оқушылар тасымалына қызмет көрсетеді. Бұл автобустармен 87 елді мекеннің 2513 оқушысы тасымалданады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.