Талдықорған: +8°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жетісу жүйріктері жеңімпаз

1 қаңтар 1970
АЛТЫН ТҰҒЫР
Жетісу жүйріктері жеңімпаз
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың ат жарыстырып, арасынан үздікті анықтауы қанында бар. Атадан балаға жалғасатын ұлы қасиет. Жылқы танып, сырын ұққан ұрпақтың ұтылмасы анық. «Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгесі осы бір ұғымды асқақтатып тастағандай. Әр өңірден жиналған шабандоздар 14 күн бойы жылқы жарыстырып, командалық есеп бойынша жеңімпазды анықтады. Сөреден мәреге дейінгі қашықтықты жалпы уақыт бойынша ұтқан Жетісу облысының құрамасы үздік шықты.

Былтыр елімізде алғаш рет ұйымдастырылған марафон-бәйге 12 күнге созылған. Ол кезде Маңғыстау өңірінен қатысқан «Көкмойнақ» командасы жеңімпаз болып, «Жетісу» ұжымы 2-орын алған еді. Биыл қатарластарынан қара үзіп шыққан Рүстем Досжанов бастаған жетісулықтар 14 күннің қорытындысы бойынша 93 сағат 47 минут 43 секундта келді. Одан кейін Ақтөбе облысы  (95 сағат 06 минут 37 секунд), Алматы қаласы (104 сағат 23 минут 57 секунд) және Абай облысының (112 сағат 12 минут 46 секунд) шабандоздары мәре сызығын кесті. «Amanat» партиясының қолдауымен, «Sport qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қорының серіктес болуымен ұйымдастырылған жорық 6 қыркүйекте Қаражар ауылынан басталып, 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталды. Шабандоздар Ақмола, Қарағанды, Ұлытау және Түркістан облыстары арқылы 1300 шақырымды бағындырды.  

Жеңімпаз болған жетісулықтар 18 000 000 теңгені, ереже бойынша екінші келген ақтөбеліктер 16 000 000 теңгені, үштікті түйіндеген алматылықтар  9 000 000 теңгені алды. Төрешілер шешімімен мәреден төртінші болып өткен Абай облысының командасына 5 000 000 теңге берілетін болды.

Марапаттауда сөз алған «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек:

«Мемлекет басшысы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге ерекше көңіл бөліп отыр. «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі осы бағытта атқарылып жатқан ауқымды шараның бірі. Бұл – ел мерейін асырған, рухымызды көтерген дүбірлі дода болды» деді. 

Алтын кубокпен Жетісуға оралған жерлестерін көксулықтар Балпық би ауылындағы Мәдениет үйінің алдында салтанатты түрде күтіп алды. Көксу ауданының әкімі Марлен Көлбаев сөз сөйлеп, шабандоздардың еңбектері үшін алғыс білдіре келіп, арнайы сый-сияпат табыстады. Ат жаратып, жарыс жолына шыққан шабандоздар келесі доданың мәресінен алғашқы болып көріну үшін бүгіннен еңбектенбек.

Қали АСҚАР

Қатысты жаңалықтар

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Бүгін, 18:00
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Бүгін, 17:37
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

Бүгін, 17:30
Ел егемендігі – эссеге арқау

Ел егемендігі – эссеге арқау

Бүгін, 17:07
«Ең соңғы оқырман қалғанша…»

«Ең соңғы оқырман қалғанша…»

Бүгін, 16:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.