Талдықорған: +30°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЖҮГЕРІ ДЕ САТҚАН

10.08.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЖҮГЕРІ ДЕ САТҚАН
WhatsAppTelegramFacebook

Әр бапкердің өзіндік сүрлеуі, шәкірт дайындауда ерекше методикасы бар. Бүгінде қанатының астынан шығып, грек-рим күресінде Жаркент өңірінен әлемдік сында атой салып жүрген талай спортшының алғашқы бапкері – Жұмахан Тұрғанбеков.


Ол 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері болған Нұрбақыт Теңізбаевтың бірінші бапкері. Нұрбақыттан кейін қазақ балуаны грек-рим күресінен жүлде алмаған еді, араға 16 жыл салып  Жұмахан Тұрғанбековтың екінші шәкірті Олимпиада ойындарында медальға ие болып отыр. Нұрбақыт та, Демеу де Панфилов ауданына қарасты, Үшарал ауылында дүниеге келген. Екеуіне алғаш күрестің әліппесін үйреткен Жұмахан Тұрағанбеков Кербұлақ ауданына қарасты Алтын Емел ауылының тумасы. Бапкерлік жолын 23 жасында Үшарал ауылында бастады.

Сол кезде жас бапкердің бойындағы албырттық, мақсатқа деген сенімділік, арманға деген адалдық бәрін жеңді. Арнайы жаттығу залы, киінетін, жуынатын бөлмесі жоқ жерден балуандар дайындауға кірісті. Әр әдісті жете түсіндіріп, күрестің айла-тәсілін үйретті. Оның қарапайымдылығы, еңбексүйгіштігі, мақсаткерлігі көп бапкерден ерекшелеп тұратын. Үшарал ауылындағы барлық бала тегіс күрес үйірмесіне жазылып, Жұмахан Тұрғанбековтің тәлімін алды. Електен өткендері жарыстарда топжарды.   

Олимпиада жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев өз естеліктерінің бірінде «Әр әдісті қызықты әдіспен үйретіп, ерекше түсіндіретін. Бір ерекшелігі бір жерден басталған әдіс-айла екінші, үшінші әдістерге ұласып жататын. Мысалы, менің сүйікті тәсілім «диірменді» оңтайыма келтіре үйреткен алғашқы бапкерім еді. Одан кейін жердегі қарсыласты жұлқыған бойда айналдырып тастауға ұзақ дайындалдық» дейді. Әр еңбектің өз өтемі бар. Үйретуден аянып қалмаған бапкермен үйренуге құштар шәкірттің  түбі нәтиже шығарары сөзсіз.

Биыл 61 жасқа толған Жұмахан Тұрғамбековтың жүзінен еңбектің табын көруге болады. Өз шәкірттері үшін жанын салып, барын беріп келген бапкердің қиыннан да жол тауып кететіндігі жөнінде Демеу Жадыраев «балаларды жарысқа апару үшін жүгері егіп, соны сататын. Тапқан-таянғанын әр баланың жолына жұмсады» деген болатын. Шәкірттері үшін қара жұмысты да қатар алып, шаруамен айналысқан бапкер кейінгі жылдары денсаулығын әлсіретіп алды. Сонау қырық жыл бұрын басталған ұстаздық жолда талай талант шықса, қазақтың мерейін Олимпиада ойындарында асырған екі балуанның жүлдесі — нағыз еңбектің бағасы.

Дему Жадыраевтың тәртібі, әр істі жоспарлап уақытылы істейтіндігі талай балуанға үлгі. Оны ұлттық құрамадағы жігіттер жиі айтып, «үйренеріміз өте көп» дейді. Оның негізі Жұмахан Тұрғанбеков ақсақалдан басталады. Ол жөнінде Демеу «Бапкеріміз жаттығу кезінде қатал еді. Бізде тәртіп күшті болатын. Бір рет кешіксең, ұрысып алады. Ал сол жағдай қайталанса залдан қуып шығады. Ағайымыз өз ісін сүйетін және ықыласты адамды үйретуден жалықпайтын» дейді. Бала жастан берілген біліммен бойға сіңген әдет ғұмырдың соңына дейін жалғасатындығы сөзсіз. Алғашқы бапкердің бүгінгі жеңісі – Демеудің Олимпиада ойындарындағы жүлдесі.   

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Астанада Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

29.06.2026
Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

29.06.2026
QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

29.06.2026
Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

29.06.2026
Сарбаздар куәлік алды

Сарбаздар куәлік алды

29.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.