Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«ЖОЛ БЕРДІ»: ҚОС ҚАЗАҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА КЕЗДЕСТІ

14 қаңтар 2020
АЛТЫН ТҰҒЫР
"ЖОЛ БЕРДІ": ҚОС ҚАЗАҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік алғалы ел спорты қарыштап дамып, талай тарланбоз Туымызды көкте желбіретті. Жауырыны жерге тимеген апайтөс балуандар, шойын жұдырықты боксшылар мен зілтемір көтерген толағайлар дүрмекті додаларда абыройымызды асқақтатты. Бүгінде спортшыларымыз мықтылығымен төрткүл дүниені мойындатып келеді.

Оған дәлел – Румыния елінің Констанца қаласында қолкүрестен ересектер арасында өткен әлем чемпионаты. Байрақты бәсекеде 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қос батырымыз Талғат Ақтаев пен Мағжан Шамиев қарсыластарын қоғадай жапырды. Құрыш білекті Мағжан Шамиев алғашқы кездесуінде грузиялық Иракли Зиракашвилиді ұтты. Одан кейін болгариялық Валентин Господинов, американдық Джереми Фралей, молдавалық Олег Тудоряннан басым түсті. Жартылай финалда ресейлік Ортан Скияевті тізе бүктірді. Ал Талғат Ақтаев белоруссиялық Иван Виарениш, ресейлік Казимир Искандаров, италиялық Паласидо Джиоко, түркиялық Емрах Оксу, ресейлік Ортан Скияевтерді жеңіп, ақтық бәсекеге жолдама алды.

Қарсылас шақ келтірмеген қайсар жігіттеріміз ақтық сында жаға жыртысып алтынға таласпады. Кішісі үлкенге құрмет көрсетіп, бауырмал қазақтың дәстүрін қайта жаңғыртты. Талғат жасы үлкен ағасы Мағжанға жол берді. Тәуелсіз ел тарландарының сыйласымдығын, бауырмалдығын көріп, көзімізге қуаныштың жасы үйіріліп, жарайсыңдардан басқа сөз айтпадық! Біз әлемге қазақтың қандай рухшыл, бірлікті ту еткен халық екенін көрсеттік. Қос қазақты жеңістің тұғырынан көрген кезде қазақ баласы шықты деп, жарты әлемге жар салып қуандық.

Қандай керемет жарасым десеңізші?! Алаштың екі азаматы иық тіресіп, жеңістің тұғырында қатар тұрғаны. Саф алтындай жарқырап Мағжан, қасында қыранның қанатындай болып Талғат күміс тұғырда құшақтасып тұрды. Әлем төрінде абыройымыз биіктеп, Гимн шырқалды. Бұл бізге ғана тән. Бір атаның екі баласы қол ұстасып, алып елдердің көзін қызықтырып, сағын сындырды. Ел қоржынына бір алтын, бір күміс түскенімен қазақ жұрты үшін тонның ішкі бауындай болған қос азаматтың екеуі де алтын! Бұл – өрендеріміздің еліне жасаған құрметі, тәуелсіздікке тартқан сыйы болса керек.

Иә, шоқтығы биік саңлақтар – өз басынан ел абыройын жоғары қоятын рухты ер. Бейбіт күн батырының туған еліне деген адалдығы мен сүйіспеншілігі ғажайып ғибраттың қайнары. Бұйырса, екеуінің әлі талай жеңісіне қуанатын боламыз. Төрткүл дүниені таңғалдырып, дүбірлі додаларда жеңістің желкенін көтересіңдер. Олай болса, жас чемпионға Көк байрақтың астында өнер көрсетіп, бөрілі байрақты қолға алсам деген асқақ армандардың орындалсын демекпіз.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.