Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Арманға жол ашқан грант

16.09.2026
КҮНДЕРЕК
Арманға жол ашқан грант

Айша Серікқызы

WhatsAppTelegramFacebook

Ауылда кәсіп бастауға ниетті жас көп. Бірі мал өсіргісі келеді, енді бірі шағын наубайхана ашуды ойлайды. Идея көп, талап бар, бірақ сол ойды іске асыруға келгенде қаражат қолбайлау болады. Қолға алынған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты осы алшақтықты қысқартуды көздейді. Бұл туралы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингте Жетісу облысы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Жанерке Бексеитова мен «Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға ықпал ету қоры» қоғамдық қорының директоры Светлана Садуакасова мәлімдеді.

Жетісуда қолға алынған бұл бастама елді мекендерде тұратын жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік жобаларын қолдауға бағытталған. Жобаның ұтқыр тұсы кәсіп ашуға қаражат берумен ғана шектелмейді.

– Біздің мақсатымыз – ауыл жастарының кәсіпкерлік әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың өз өңірінде еңбек етіп, тұрақты табыс табуына және жаңа жұмыс орындарын құруына жағдай жасау. Грант жастарды ауыл шаруашылығы мен шағын бизнеске тартуға бағытталған, – деді қоғамдық қор директоры.

Конкурсқа Жетісу облысының ауылдық елді мекендерінде тұрақты тіркеуде тұрған 18 бен 34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатыса алады. Жеңімпаздардың әрқайсысына 3 миллион теңгеден грант беріледі (жалпы 10 адамға көзделген). Қайтарымсыз қаражат болғанымен, оны «ұтып алдым, енді өзім білемін» деуге келмейді. Мәселен, грант қаражатын еңбекақы төлеуге, үй-жайды жалға алуға немесе жобада қарастырылмаған басқа шығындарға жұмсауға болмайды.

– Грант қаражаты тек ұсынылған бизнес-жобада көзделген мақсаттарға жұмсалуы тиіс. Жеңімпаздармен жұмыс грант берілгеннен кейін де аяқталмайды. Қаражаттың мақсатты пайдаланылуына жыл бойы мониторинг жүргізіледі. Егер талап бұзылса, грант сомасын толық қайтару мәселесі қойылады, – деді Жанерке Бейбітқызы.

Жастарға ұсынылып отырған мүмкіндіктің тағы бір ерекшелігі – кәсіптің бір ғана саламен шектелмеуі. Грант алты негізгі бағытты қамтиды.

Ауылдың тіршілігі төрт түлікпен біте қайнасқаны белгілі. Сондықтан алғашқы бағыт мал және балық шаруашылығына арналған. Жастар ірі қара мен ұсақ мал, құс, ара немесе балық өсіруге байланысты кәсіпті қолға ала алады. Егінге ебі барларға да мүмкіндік қарастырылған. Өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша жылыжай салып, қияр, қызанақ, бұрыш, көк шөп өсіруге немесе ашық далада ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруге болады. Сүт өнімдерін жасап шығарамын дегендерге де жол ашық. Сүт, сүзбе, ашытылған сүт секілді өнімдерді дайындап, шағын өндірісті жолға қоюға мүмкіндік бар.

Ал қолынан іс келетін жастар ұлттық және заманауи қолөнер бұйымдарын жасап, оны кәсіпке айналдыра алады. Бұл бағыттың бір ұтымды тұсы да осында: атадан қалған өнерді тек сандық түбінде сақтамай, заманға бейімдеп, табыс көзіне айналдыруға болады. Тағам өндірісі мен қоғамдық тамақтану да назардан тыс қалмаған. Жартылай фабрикат, кондитерлік өнім шығару, асхана немесе өзге де тамақтану орнын ашу осы бағытқа кіреді.

Алтыншы бағыт білім саласына арналған. Балаларды дамыту және қосымша білім беру орталықтары, балабақша, спорт залдары, шығармашылық пен зияткерлік үйірмелер ашуға мүмкіндік беріледі.

Әрине, үш миллион теңгені жақсы ойы бар кез келген адамға тарата салмайды. Үміткер бизнес-жобасын нақтылап, оның сипаттамасын, таныстырылымын және шығындар сметасын ұсынуы тиіс. Бұған қоса жеке куәлік көшірмесі, жұмыссыз ретінде тіркелгені, соңғы алты айдағы зейнетақы аударымдары және тұрғылықты жері туралы тиісті құжаттар тапсырылады. Қажет жағдайда білім туралы құжат та сұралады.

Конкурс екі кезеңмен өтеді. Алдымен құжаттардың толықтығы мен талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Одан өткен жобалар конкурстық комиссияның қарауына түседі. Үміткерлер өз жобаларын таныстырып, оның өміршеңдігін дәлелдеуге тиіс.

Комиссия құрамына облыстық басқармалар, азаматтық қоғам өкілдері мен кәсіпкерлер кіреді. Жобаларды бағалау өтінімдер қабылданғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Жеңімпаз атану кәсіпкер атандым деген сөз емес. Негізгі жұмыс содан кейін басталады. Грант иегері шартқа қол қойған күннен бастап үш ай ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет. Сол мерзім ішінде қаражаттың қалай жұмсалғаны және жобаның жүзеге асу барысы жөнінде есеп береді. Бұдан кейін де кәсіп назардан тыс қалмайды.

Туған жерде тұрақтап, өз еңбегімен табыс тауып, өзгеге де жұмыс ұсынатын жас көбейсе, ауылдың тіршілігі де жандана түсері анық.

Айша СЕРІКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімді баспана: Елде 105 мыңнан астам отбасы қоныстойын тойлады

Қолжетімді баспана: Елде 105 мыңнан астам отбасы қоныстойын тойлады

16.09.2026
Арманға жол ашқан грант

Арманға жол ашқан грант

16.09.2026
Сөз өнерінің сүрлеуі

Сөз өнерінің сүрлеуі

16.09.2026
Дін атын жамылған қылмысқа тосқауыл: Елімізде 22 заңсыз топ құрықталды

Дін атын жамылған қылмысқа тосқауыл: Елімізде 22 заңсыз топ құрықталды

16.09.2026
Президент Қазақстан мен Корея арасындағы «алтын көпірді» атады

Президент Қазақстан мен Корея арасындағы «алтын көпірді» атады

16.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.