Талдықорған: +35°C
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Бірлігі жарасқан мекен

14.07.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бірлігі жарасқан мекен
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамның берекесі – татулықта, бірлікте. Түрлі этнос өкілі бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан үшін қоғамдық келісім баға жетпес құндылық. Осы игі ұстанымды жастардың бойына сіңіру мақсатында «Абай» этноауылында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерінің қатысуымен тұңғыш рет облыстық «ЭТНО-QUEST» ойыны өтті.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Айдос Игенбай бұл жоба қоғамдық келісімнің қағидаларын нығайтып қана қоймай, ел ертеңіне бейжай қарамайтын белсенді буынның қалыптасуына ықпал ететін маңызды алаң екенін айтып, командаларға сәттілік тіледі.

Шараның жарқын сәті ретінде бейбітшілік пен ынтымақтың белгісі ретінде көк аспанға 25 ақ көгершін ұшырылды. Ақ қанатты құстардың самғауы және жарқын болашаққа деген сенімнің көрінісіндей.

Жоба аясындағы сайыстар ұлттық ойындар мен зияткерлік тапсырмаларды ұштастырды. Түске дейін жастар ептілік пен шапшаңдықты талап ететін жарыстарда бақ сынады. Қатысушылар асық және садақ атудан мергендік пен дәлдікті анықтаса, арқан тартыста командалар ауызбіршілігі мен күш-жігерін көрсетті. Уақытқа ат ерттеу кезеңінде ұлттық ат спортына қатысты тәжірибелерін байқатты.

Күннің екінші жартысында сайыс зияткерлік ойынға ұласты. Бес команда қатысқан білім бәйгесінде жастар тарихи деректерді, ұлттық салт-дәстүрді, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен қоғамдық келісімнің негізгі қағидаттарын жан-жақты саралап, өзара мықтыны анықтады.

Кешкі бағдарлама да мазмұнды өрбіді. Қатысушылар «Оқылмаған хаттар» көркем фильмін тамашалап, соңынан кешті әсем ән мен биге бөледі. Ресми жарыс аясынан тыс ұйымдастырылған бұл жүздесулер жастардың бір-бірімен жақын араласуына, өзара сенім мен сыйластықты қалыптастыруына ықпал етті.

Екінші күні қатысушылар Талдықорғандағы тарихи және мәдени орынды аралап, аймақтың өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігін саралады. Танымдық экскурсия жастардың туған өлке тарихына қызығушылығын арттырып, мәдени мұраға деген құрметін тереңдете түсті.

Шара соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталып, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Осылайша, алғаш рет ұйымдастырылған облыстық «ЭТНО-QUEST» ойыны өз мақсатына жетіп, жастарды ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырған мазмұнды жоба ретінде есте қалды.
Татулықты ту еткен, бірлікті басты құндылық санаған мұндай бастамалардың маңызы уақыт өткен сайын арта беретіні анық. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба алдағы жылдары дәстүрлі түрде өткізіліп, өңір жастары асыға күтетін тағылымды алаңдардың біріне айналмақ.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

14.07.2026
Басты байлық – денсаулық

Ұлт саулығы – ел байлығы

14.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Тәуелсіздікті тұғырлаған тарихи құжат

14.07.2026
Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті нығайтуда

Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті нығайтуда

14.07.2026
Талдықорғанда туған қызына қатыгездік көрсеткен әке түрмеге қамалды

Сот орындаушының құзыреті қандай?

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.