Талдықорған: +23°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Қаны таза адам қасірет шекпейді

16.02.2018
ДЕНСАУЛЫҚ
Қаны таза адам қасірет шекпейді
WhatsAppTelegramFacebook
Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда адамдар арасында өлім-жітім көп. Бұрын, бала күнімізде, біздің ұғымымызда тек жасы келген кәрі кісілер ғана қайтыс болатын сияқты көрінетін. Солай болды да. Ал қазір түрлі дерт өрімдей жастарды да, тіпті, бесіктегі бөбектерді де жалмап жатыр. Бүгін біз ағзадағы ауруларды тың тәсілмен емдеп жүрген ерекше дәрігер туралы әңгімелемекпіз.

Иә, аурудың түрі көп. Санамалай жөнелсек, саусақтарымыз да жетпес. Ел арасында тері аурулары, қан аздығы, аллергия, урологиялық, эндокриндік сырқаттар, жүйке жүйесінің бұзылуы, тағы да басқа кеселді дерттердің көбейіп келе жатқандығы алаңдаушылық туғызбай қоймайды. Әрине, медицина бұл аурудың бәрін емдеп шығуға талпынуда. Өкініштісі сол, осы дерттердің микробтары адам ағзасында қалып қоятын жағдайлар өте көп. Ол кеселдер денсаулығы нашар ата-анадан балаға беріледі, яғни, тұқым қуалайды.
Дерттің басым көпшілігі қандағы грибоктардан болады. Ұлттың жаны да, тәні де таза болу үшін қан тазалату керек. Бұл сөз біздікі емес, Алматыда орналасқан «Отырар» медицина орталығының директоры Серік Нақысбековтің айтқаны.
– Неге? – деген сауалымызға дәрігер:
– Қандағы грибоктардың (медицина тілінде – зааминеллез) көзі жойылса, адамның иммунитеті де көтеріліп, түрлі ауруға қарсы тұрып, денсаулығы оңалып, нәтижесінде өмірі де жақсарады, – деп жауап берді.
Қан құрамындағы ағзаны бүлдіріп жататын грибоктарды емдейтін еліміздегі әзірге жалғыз мекеме – «Отырардың» ашылуы да кездейсоқ болған екен.
– Сонау 1983 жылы төрттегі қызым бронхиалды демікпенің ең ауыр түрімен ауыратын. Құшағыма қысып жүріп, апармаған жерім, кірмеген есігім қалмады. Зайыбым да дәрігер болатын, бірақ екеулеп жүріп те емін таппадық. Бірде Ташкентте қандағы грибоктарды тазалайтын орталық барын естіп, сонда жол тарттым. Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей Ғылым академиясының академигі Назима Декхан-Ходжаева сол кезде ТМД аумағында тұңғыш болып осы дертті емдеуді қолға алған екен. Бұл тың әдіс-тәсілі 1993 жылы Нидерландыдағы Дүниежүзілік микология орталығында ресми түрде тіркелген көрінеді. Сөйтіп қызымды Өзбекстанға үш рет апарып, тағайындалған ем-домды тұрақты түрде қабылдай жүріп, емін өзіміздің дәрігерлер таба алмаған дерттен құлан-таза айықтырып әкелдім. Ең қызығы, балам демікпеден бөлек, бойындағы басқа да кеселдерінен сауықты. Бұл ем, дәрігер ретінде мені қатты қызықтырды. Сөйтіп бұл тың әдісті еліме алып келуге бел шеше кірістім, – дейді Серік Әлікеұлы. 
* * *
Ол алдымен профессор Назима Абдуллақызының алдынан өтіп, оның ісін өз елінде жалғастырғысы келетінін айтып рұқсат сұрайды. Сосын Ташкент жерінде біраз аялдап, профессордың осы бағыттағы дәрістеріне үзбей қатысады.
Елге келген соң, 1995 жылы Алматы қалалық №12 клиникалық аурухана ғимаратынан «Отырар» атты медициналық орталық ашып, ақылы бөлімде жекелеген адамдарды қабылдап, емдеуге көшеді. Сөйтіп, міне, арада 23 жыл өтіпті. Осы жылдар аралығында дәрігердің алдына асқынған ауруымен келген жандар толықтай жазылып шықты және бірде-бір науқас: «Ауырдым», – деп екінші қайтара оралған жоқ. 
Бүгінде білікті де тәжірибелі екі дәрігер, екі медбике, бір лаборанттан құралған шағын ұжым алдына келген науқастың диагнозын да өздері қояды, емді де өздері тағайындап, өздері ем-шара жасайды. Бірақ грибокқа қарсы медикамент әзірге Ресейден сатып алынады.
– Грибоктың қалай пайда болатындығын әрқайсысымыз біліп жүруіміз керек. Ең бірінші кезекте, бұл дерт балаға ата-анадан беріледі. Осы уақыт аралығында біздің «Отырарға» келген сырқат жандардың 90 пайызына грибоктың тұқым арқылы берілгендігі анықталып отыр. Сондықтан үлкендер алдымен өздерінің денсаулығына мән бергені абзал. Грибок адамның иммунитетін әлсіретеді. Ал иммундық жүйесі бұзылған адамға түрлі дерт оңай жабысқыш келеді. Мәселен, баспа, тез тұмауратып қалу, асқазан, өт, ішек жолдарының ауруы, аллергия, бойдағы бойкүйездік, яғни, әлсіздік, жыныстық кеселдер, ұзақ уақыт бала көтере алмау және тері ауруларының 90 пайызы осы қандағы грибоктың өршуінен болады, – дейді «Отырар» медицина орталығының директоры Серік Нақысбеков. 
* * *
Дәрігер келтірген тағы бір мысал – түрлі созылмалы дерттердің 80 пайызы да қандағы грибокпен байланысты. Айтпақшы, С. Нақысбеков қанды тазалау, яғни, грибоктан емдеу тәсілі кейбір адамдарда ауыр жүретіндігін жасырмайды. Бұл орайда кез келген аурудың денеге батпандап кіріп, мысқалдап шығатындығын ескеруіміз керек сияқты. Емнің ауыр жүретіндігінің бір белгісі – ем кезінде бойдағы кесел қоза түседі. Бірақ алғашқы кезде қозып, өршіп барып, сосын ем қона бастайды екен.
Әу баста бұл емдеу тәсілін біздің дәрігердің өзбек ағайындардан алып келгендігін айттық. Бірақ олар бұл әдісті 2005 жылы профессор Назима Декхан-Ходжаеваның қайтыс болуына байланысты әрі қарай жалғай алмаған көрінеді. Әзірге, ТМД аумағында емдеудің осы бір тың тәсілін жүргізіп отырған Қазақстан мемлекеті, ал оның ішінде – жалғыз «Отырар». Сондықтан Серік Нақысбеков адамдарды грибоктан емдеуді заңдастыру арқылы еліміздің барлық аймағында мамандарды оқыту мен емдеу шараларын шындап қолға алатын кез келді деп отыр.
Сонау 1974 жылы грибок кеселі ашылғанда, бұл емдеу тәсілі Мәскеудегі ғылыми-зерттеу институттарында, АҚШ-тың Атланта қаласында рәсімделген екен. Енді еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі осы тың әдісті қолдап, ел игілігіне пайдаланар болса, Серік Нақысбеков іс-тәжірибесін әріптестеріне үйретуге әзір. 
* * *
Көптің алғысын арқалаған Серік Нақысбеков адам баласын қысы-жазы мезі ететін аллергияны, белсіздік пен бедеулікті, түрлі тері ауруларын, урологиялық, эндокриндік сырқаттарды және тағы басқа ондаған кеселді емдеп жазатындығын айтып отыр. 
Айтпақшы, осы орайда халықаралық деңгейдегі мына бір жетістіктерін айта кетейік. Еуропалық сократтық бизнес-ассамблея комитеті (Оксфорд, Англия) қазақстандық «Отырар» медицина орталығын және оның бас дәрігер-директорын «Үздік емдеу мекемесі» және «Жыл басшысы» деген екі бірдей номинация бойынша марапаттап, арнайы сертификатын табыстаған. Осы бір абыройлы атақты алу үшін Серік Нақысбеков Швейцарияның Монтре қаласына барып, 2013 жылы мәртебесі биіктеп қайтқаны бар. Ол бұл сапарында өзінің емес, елінің дәрежесін көтеріп қайтқанына дән риза. Әрине, Серік Әлікеұлы осындай халықаралық дәрежеге жетуін өзіміздің Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауының арқасы деп біледі.
Жыл сайын еліміздің денсаулық сақтау саласына бөлінер қаражат көлемі аз емес, бұл қуанарлық жағдай. Ағайынның, ұлттың денсаулығына, келешегіне алаңдаған мамандар осы қаржының белгілі бір бөлігін «Отырарға» да бағыттаса, сөйтіп осы бір баянды бастамаға жоғарыдан нақты қолдау көрсетілсе, талай адамды дертінен айықтырып, талай отбасына үміт, қуаныш, бақыт сыйлаған болар едік. Елордадан, Алматыдан арнайы ғимараттар бөлініп, қызмет көрсету көкжиегі кеңейтілсе, ұтарымыз көп болмақ. Бұл әлемдік проблема болғандықтан, Қазақстанға ТМД аймағынан да тәніне дауа іздеп талай науқастың ағылып келері анық. Айтпақшы, осы орайда «Отырар» клиникасы ағылшын тілін меңгерген дәрігерге сұрау салуда. Мақсат – әлемдік деңгейге шығу. Ол күн де алыс емес деп үміттенейік.
Серік Әлікеұлы адам емдеп, ақша табуды көздеген жан емес, ол өзі өмір сүріп отырған қоғамда ешбір бала, ана, әке, жалпы отбасы ауырмаса екен деген ниеттегі дәрігер. Егер дертіне шипа іздеген жан болса, Алматыда орналасқан «Отырар» медицина орталығына, 8-727-3170587 нөміріне хабарласуына болады.
 
Серік НАҚЫСБЕКОВ
· Жамбыл ауданының Амангелді ауылында туып-өскен.
· Жоғары санатты дәрігер. Медицина институтын 1974 жылы үздік дипломмен бітірген. Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. 
· Үй салды. Ағаш отырғызды. Ұрпақ өсірді. 
· Бала күнінен кітаппен дос. Әлі де көп оқиды. 
· Адам есіміне қатты мән береді. Тұңғыш қызының есімін Әлия Молдағұлованың, екіншісі Марьяшаны Қаныш Сәтпаевтың қызының құрметіне қойған. Ал Тоғжан атты немересін құдасы екеуі ұлы Абайдың өмірінде ойып тұрып орын алған жанның есімімен атаған.
· Адал жар, тоғыз немеренің атасы, ағайын-туысқа қамқор жан.
· Адамдармен қарым-қатынаста шынайылықты бағалайды. Ешнәрсені кек тұтпайды, өмірде кешірілмес нәрсе жоқ деп есептейді. 
 
Рая ИДРАЛИЕВА,
Алматы облысының 
Құрметті азаматы 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026
Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.