Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

14.11.2018
ДЕНСАУЛЫҚ
ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?
WhatsAppTelegramFacebook

Әйелдердің алаңдаушылығы көбейді. Әркімнің ойында қатерлі ісік дертіне шалдығып қалмасам екен деген уайым тұрады. Себебі, сырқатқа шалдығушылардың саны артқан. Қасымыздағы замандастарымыздың  әр нәрседен күдіктеніп жүргеніне күн сайын куәміз. Бірі кеудесінің шаншитынын айтып  қалың ойға батса,  бірі белінің, ішінің сыздайтынынына көңілі алаң. 

Аты жаман сырқат қалай пайда болады? Себебі не? Сұрақтың жауабын білу үшін Талдықорғандағы әйелдер кеңесінің жоғарғы санатты дәрігері, жатыр мойны сырқатын емдеу бөлімінің меңгерушісі  Назгүл Керімбекқызына жолығып, сауал тастаған едік.

— Кесел көп жағдайда әртүрлі инфекциялардың жұғуы және  суық тиюдің салдарынан туындайды.  Әйел жылына бірнеше рет дәрігерге келіп тексеріліп тұруы тиіс. Сол кезде өзгеріс болса, дәрігер бірден айтады. Күдік туындағандардан  сараптама аламыз.  Егер аз-маз өзгеріс болса, бірден ем тағайындаймыз.  Мысалы, біз күніне 30-35 әйелді тексереміз. Соңғы уақыттағы тексеру нәтижесінде үш әйелден қатерлі ісік дертін анықтадық. Келушілердің үштен екісінде суық тию, эрозия, папиллома жұқпасы табылып жатады.  Әр кеселдің өршуін әртүрлі ем тоқтатады. Сондықтан, суық тиген сияқты деп ем-домды өз бетінше жасай беруге болмайды. Бұрын әйелдер үйден тампон жасап, шөптерді қайнатып, жуыну арқылы емделетін. Қазір сырқат, инфекцияның түрі өзгерген. Сондықтан, тек арнайы білімді медицина маманының тағайындауы ғана емделудің кепілі бола алады, – дейді дәрігер.

Оқырмандарымызға толыққанды мәлімет беру үшін жалпы қатерлі ісіктің орын алу себебін сұрадық. Маманның айтуынша, ерте жыныстық қатынас, иммунитеттің төмендігі, шылым шегу, күйзеліс, суық тию, гармондық өзгерістер ісіктің  пайда болуына негіз болатын көрінеді. Қатерлі ісіктің бастапқы кезеңінде ешбір белгі байқалмайды. Науқастардың дәрігерге кеш келуінің себебі де сондықтан. Әйелге тән өзгешеліктердің сыр беруі, іштің төменгі жағының ауруы қатерлі ісіктің белгілері болуы мүмкін.

Жатыр мойнының қатерлі ісігін уақытында байқаған жағдайда емдеуге болады. Әсіресе, бірінші, екінші дәрежедегі обыр тез жазылып, әйелдің денсаулығы қайта қалпына келеді. Мемлекет те дерттің бұл түрін ерекше назарға алып отыр. Бүгінде 20-55 жас аралығындағы  әйелдер скринингтік әдіспен тексеруден өткізіліп, онкоцитологиялық жұғын алынады. Мұндай тексеруден жергілікті жердегі әйелдер кеңесіне барып кез келген уақытта өтуге болады. Сондай-ақ, жатыр мойнының эрозиясы мен дисплазия, яғни, жатыр мойнының клеткалары өзгеріске ұшыраса, ондай әйелдер 2 жылға дейін есепке қойылып, тұрақты бақылауға алынады. Осы уақыт аралығында емделіп шықса, тіркеуден шығарылады. Жалпы кез-келген 20 мен 55 жас аралығындағы келіншектер әйелдер кеңесіне барып тексеріліп, жоғарыда аталған дерттің бар-жоғын анықтаулары тиіс. Әрі тұрмысқа шыққан қыздар балалы болудың алдында да бір тексерістен өткені дұрыс.  Кесел, жұқпа болған жағдайда ем-дом алуы тиіс. Сонда сәбидің де, өзінің де дені сау болады. Ұрпағыңның аман-сау болып өмірге келуі үшін алдын ала тексерілгеннің берер көмегі зор.  Ендеше, әйелдер кеңесіне уақытты созбай барайық.

Гүлжан МҰҚАШҚЫЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.