Талдықорған: +18°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Электрондық коммерция дамытылады

07.06.2018
ДЕНСАУЛЫҚ
Электрондық коммерция дамытылады
WhatsAppTelegramFacebook

Халыққа менингококк инфекциясы бойынша түсіндіру жұмысын күшейту керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кезекті Үкімет отырысында сөз қозғады. Жиында елдің «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын орындау және электрондық коммерцияны дамыту мен Қазақстанның VII азаматтық форумының ұсынымдарын іске асыру мәселелері де қаралды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, жыл басынан 593 адам менингококк инфекциясы күдігімен дәрігерлерге жүгінген. Соның 213-і ауруханаға жатқызылып, 58 емделушіде аталмыш аурудың диагнозы анықталған. Ауруханадан 10 адам жазылып шығып, 35-і емделуді жалғастыруда. Бүгінде менингококк инфекциясына қатысты жағдайды тұрақтандыру үшін арнайы шаралар қабылданып, Денсаулық сақтау министрлігі жанынан жұқпалы аурулардың алдын алу жөнінде штаб құрылған. Кешенді іс-шаралар жоспары да бекітіліпті. Қарым-қатынаста болған 4136 адам анықталып, бәріне антибиотик курсы тағайындалған. Қазіргі кезде 3438 адам курсты қабылдап, 698 адам жалғастыруда. Алматы қаласы мен облысында мектепке дейінгі балалар мекемелерінде көпшілік іс-шараларға шектеу қойылып, жазғы сауықтыру лагерьлерін ашу          18 маусымға шегеріліпті. 
Осы мәселеге қатысты тапсырма берген Бақытжан Әбдірұлы: «Мұндай мәселені жедел шешу қажет. Әкімдермен тиісті жұмыс жүргізілуі тиіс. Мұндай жағдайда барлық емдеу мекемелеріне нұсқау беріліп, аталған инфекцияны жұқтырғандардың бәрін ештеңеге қарамастан қабылдау керек. Елжан Амантайұлы, сіз Алматыға жол жүріп барасыз. Бәрін өз көзіңізбен көріп, қажетті шешімдерді қабылдап, халыққа түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырамын», – деді.
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, 2017 жылы шамамен 1,1 млрд. кВт/сағат «жасыл энергия» өндірілген. Ал биыл қуаттылығы шамамен 138 МВт. жаңартылатын энергия көздерін қосу жоспарланған. Бүгінде елде жалпы қуаттылығы 352 МВт. ЖЭК пайдаланатын 58 нысан жұмыс істейді. Жыл соңына дейін ЖЭК жалпы қуаттылығын 490 МВт.-қа дейін жеткізу көзделіпті.
Сондай-ақ, Қанат Алдабергенұлы ұзындығы 1081 шақырым болатын Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Астана бағыты бойынша «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жобасының бірінші кезеңі пысықталып жатқанын атап өтті. Газ құбырының аталған учаскесі Астана қаласының жылу электр орталығы мен екі облыстың және 171 елді мекенінің халқын табиғи газбен қамтуға мүмкіндік бермек. Атмосфераға зиянды ластаушы газдар мен шаңнан бөлінетін заттарды төмендету мақсатында денитрация және десульфирлеу шаралары жүргізілген. Биыл энергия өндіруші ұйымдармен бірлесе отырып, жылу электр стансылары шығарындыларын төмендету жөніндегі іс-шараларды кезең-кезеңімен ендірудің ұзақмерзімді жоспары әзірленуде. 
Су ресурстарын орнықты пайдалану, жоғары өнімді ауылшаруашылығы және экожүйелерді сақтау туралы баяндаған ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанның «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына сәйкес табиғи экожүйелерді кешенді басқару орман, балық шаруашылықтары және жануарлар дүниесінде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Қазақстан орманы аз мемлекеттер қатарына жатады. 
– Жасыл желектерді көбейту – бүгінгі таңда министрліктің негізгі міндеттерінің бірі. Осыған байланысты облыстардың әкімдіктерімен бірлесе отырып, бекітілген жоспарларға сәйкес облыс орталықтарының айналасында жасыл аймақтар құру жұмыстары басталып та кетті, – деді ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі.
ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың сөзінше, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен Электронды сауданы дамытудың жол картасы аясында негізгі іс-шараларды жүзеге асыру басталған уақыттан бері оң үрдіс байқалған. Ресми статистика деректеріне сәйкес, былтыр электрондық сауда нарығының көлемі 106,9 млрд. теңгені құраған. Бұл бөлшек тауар айналымы жалпы көлемінің 1,2 пайызы, өсім 36,2 пайыз. 
Жыл басынан 110 жаңа электрондық сауда субъектілері тіркелген. Нарықта 1658 интернет-дүкен жұмыс істейді, сатып алушылар саны 5 пайызға өскен. 
Аталған салада 71,6 мың адам жұмысқа орналасыпты. Цифрлық қаржы қызметтерін дамыту мақсатында Ұлттық банк ұялы телефонды пайдалану арқылы жылдам төлем жүйесінің жобасын әзірлеген. Аталған жүйенің мақсаты – онлайн режимде жеңілдетілген реквизиттер бойынша банкаралық төлемдер үшін ыңғайлы және қолжетімді құралды қамтамасыз ету. Жүйені пилоттық режимде тамызда тестілеу жоспарланған. Мамырда «электронды әмиян» жобасы іске қосылып, ол ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеуге арналған.
Биылдан бастап логистиканың инфрақұрылымын дамыту үшін Fullfilment орталығы – логистикалық хабтар мен сұрыптау орталықтарын құру жұмыстары басталған. Бірінші орталық Астанада сәуір айында іске қосылыпты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. «Жалпы, электрондық сауда саласында жүргізіліп жатқан іс-шаралар экономиканың басым салаларының бірі ретінде сауда саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. 2022 жылға қарай электрондық сауда үлесін 2,6 пайызға дейін ұлғайтып, 200 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр»,– деді Тимур Мұратұлы. 
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев электрондық сауданы, қаржылық технологияларды және қолма-қол төлемді дамыту – «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі екенін айтып өтті. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Зерде» холдингі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, оқыту бағдарламаларын әзірлеген. Заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру нәтижесінде елде интернетті пайдаланушылар саны өткен жылы 78,8 пайызға жеткен. Ал 2021 жылға қарай ауылдық елді мекендердің басым бөлігін кең жолақты интернетпен қамту көзделіпті. Өңірлерде онлайн сауданы дамыту бойынша бірқатар облыс әкімдері хабарлама жасады. 
Осы ретте ҚР Премьер-Министрі: «Бүгінгі баяндамалар болашақтың электронды коммерциямен тығыз байланысты екенін дәлелдеді. Мемлекеттік бағдарламаны қабылдау кезінде 2022 жылға қарай аталған салада 200 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарладық. Осы жылдың бес айының өзінде 40 мың жұмыс орны ашылды. Бұл онлайн сауданың үлкен әлеуетін көрсетеді. Елдің транзиттік әлеуетін пайдаланып, бұл саланы дамытуға ұмтылып жүрген әкімдерге қолдау көрсету қажет»,– деді.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың сөзінше, Қазақстанның VII азаматтық форумының ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары ҮЕҰ ұсынымдарының негізінде әзірленген. Бұл ұсынымдарды іске асыру мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемін екі еседен астамға, гранттық қаржыландыруды шамамен бес есеге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын өңірлік мемлекеттік органдардың санын бір жарым есеге арттыруға жол ашқан. 
Аталған мәселеге қатысты ой қорытқан Үкімет басшысы министрліктің VII Азаматтық форумының ұсынымдарын орындау тәсілдеріне қолдау танытып, министрліктер мен өңірлердің әкімдеріне Қазақстанның VII азаматтық форумын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты мәселелерді оңтайлы шешу және белсенді түрде қатысу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.