Талдықорған: +24°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ЕЛІМ ДЕГЕН ҒАЛЫМ

03.10.2024
ДЕНСАУЛЫҚ
ЕЛІМ ДЕГЕН ҒАЛЫМ

Елім деп маңдай терін шүмектете еңбек еткен жандарды құрметтеп, олардың өнегелі ісі туралы тебірене жазғанға не жетсін шіркін?! Екі мәрте Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған жерлесіміз, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ертай Сәрсебековтың жүріп өткен даңғылы, ізгілікті ісі, өнегелі өмірі жазуға тұрарлық тақырып деп білеміз. Өйткені кейіпкеріміз ғылымның шыңына шыққан, артында соқпақ сайратқан жан.

Иә, Ертай Қожахметұлы Жетісу жерінің төл перзенті. Ол 1951 жылы 9-тамызда  жазиралы Жаркент өңірінің Шежін ауылында дүниеге келген. Қылқалам шебері Әбілхан Қастеев туған құтты мекен, құсни қоныста шыр етіп өмірге келген кейіпкеріміз 1968 жылы А. Розыбакиев атындағы орта мектепті үздік бітірсе, 1974 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын да жақсы нәтижемен тамамдаған.

Кейіпкеріміздің өмір жолына зер салсақ, оның дамуына, ғалым болып қалыптасуына ғұмырының әр жылы баспалдақ болғандай. Мәселен, Ертай Қожахметұлы 1974-1980 жылдары Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде қызмет етті. Практикалық жұмыс пен ғылыми еңбекті қатар алып жүрген ол «Өңеш рак ауруының пайда болуындағы әртүрлі тұрмыстық және кәсіптік факторлардың әсері» атты кандидаттық диссертациясын КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Ленинград қаласындағы Н.Н.Петров атындағы онкология Ғылыми зерттеу институтында 1983 жылы қорғап шықты. Ал, 1991-2006 жылдары Б.О. Жарбосынов атындағы Урология Ғылыми Орталықта (құрылғаннан бастап) ғылыми-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, директорының ғылым жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Оның жетекшілігімен республикада алғашқы рет зәр, жыныс мүшелері ауруларын емдеу-диагностикалық шаралары көлемінің стандарттары және мамандандырылған урологиялық көмектің сапасын бақылау және тиімділігін бағалаудың жүйесі ғылыми негізді жасалды. Осы және басқа да зерттеулер нәтижесінде Е. Сәрсебековтың ғылыми жетекшілігімен 3 докторлық және 17 кандидаттық диссертация қорғалды.

Адам жанының саламатты болуы, ғұмырының ізгілікке бұрылуы, жаны сая табуы, бақытқа бөлену секілді құндылықтардың бәрі медицинаға тікелей байланысты екені анық. Ал бұл салада саналы ғұмырын өткерген кейіпкеріміз көптеген жаңалық ашты. Сол арқылы әр жылдары лайықты марапаттарға де ие болды. Мәселен, ол  мұнай және оның өнімдерін зерттеу нәтижесінде 30-дан аса әртүрлі токсикалық және канцерогендік қосылыстар тауып, хайуанаттардың әртүріне әрқилы әсер ету жағдайларында олардың жоғары деңгейдегі бластомагендік және нефротоксикалық қасиеттерін Кеңес Одағы көлемінде алғашқы рет дәлелдеді. Осы зерттеулер Ертай Қожахметұлының «Ауыр мұнай нефтебитумдық тектестіктер және олардың өнімдерінің блостомогендік және нефротоксикалық қасиеттерін жан-жақты бағалау» атты докторлық диссертациясына негіз болды. Бұл еңбегін 1992 жылы Ленинградта үздік қорғаса, 1995 жылы профессор ғылыми атағы берілді.

«Мемлекеттік тіл туралы» Заңды жүзеге асыру бағытында Ертай Сәрсебековтың редакторлығымен қазақ тілінде «Урология» оқулығы, латын, орыс, қазақ тілінде «Урология терминдерінің сөздігі», қазақ, орыс, ағылшын тілінде «Қазақстан урологиясы» кітабы жарық көрді.  Оған қоса, кейіпкеріміз урология ғылыми орталығы шығарған 8 ғылыми еңбектің редакторы екенін де айта кеткен жөн.

Ғылымдық жолда ғана емес, қоғамдық өмірде де ізгілікті із қалдырған Ертай Қожахметұлы өзі туып-өскен Шежін ауылының мешітінің салуына мұрындық болған жан. Аталған құлшылық орнына қажетті қаражаттың біразын өз қалтасынан шығарғанын де айтуды жөн санадық. Міне, «Азаматың қайсы?» дегенде алдымен атар Ертайдай ғалымымен ауыл, аудан ғана емес, күллі Жетісу жері мақтанса да жарасатындай.

Хош, өз ауылындағы үздік оқушыларға шәкіртақы тағайындап, мешіт құрылысына көмектесіп жүрген ғалым 1996 жылдан бастап ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медицина Орталығының (ҚР ПІБ МО) Алматыдағы клиникалық ауруханасында (Совминде) ғылыми кеңесші болды. Осы Орталық ғалымдарымен қосылып атқарған ғылыми жұмыстарының нәтижесінде ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды.

Ертай Сарсебеков 2006 жылы ҚР Президентінің Іс Басқармасына жұмысқа шықыртылып, Медициналық Орталығы бастығының орынбасары болып тағайындалды.  Қызметтегі ерен еңбегі ескеріліп Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Ал, 2010 жылы ҚР ПІБ МО-ның Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасына қайта шақырылған ғалым, осында ғылыми-инновация Орталығын құрып, ғылыми жұмыстарды жаңа қарқынмен ұйымдастырды.  2011-2013 жылдары ҚР ПІБ МО-ның «Оқжетпес шипажайы» Акционерлік қоғамының Президенті қызметін атқарды. Оның басқарған жылдары шипажай «Еуропалық сапа» алтын белгісімен марапатталды. Ал 2014-2021 жылдары ҚР ПІБ МО-ның Астанадағы ауруханасында ғылым орталығының жетекшісі қызметін абыроймен атқарды. Осы қызметте жүргенде Е. Сәрсебеков Назарбаев Университетінің ғалымдарымен бірлесе отырып ғылыми тұрғыда терең мазмұнды және кең ауқымды эпидемиологиялық-эскперименттік-клиникалық жұмыс істеді.  Нәтижесінде кейіпкеріміз Назарбаев Университеті ғалымдарымен бірге  2017 жылы «Ұзақ өмір сүруді қалыптастырудың ғылыми дәлелденген әдістері» атты көп жылдық сапалы ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін екінші рет ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Еліміздің іргелі саласы медицина ғылымына айтарлықтай үлес қосқан жерлесіміз маңдай терінің өтеуін көріп, әр жылдары жоғары марапаттарға ие болып отырды. Айталық,  «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі», ҚР Құрмет грамотасы, Ел тәуекелсіздігінің 10, 20 жылдық мерекелік және  ҚР ПІБ МО-ның «Үздік еңбегі үшін» медалімен мерейленді. Өңіріне  «Құрмет» ордені мен  «Еңбек ардагері»  медалін тақты.

Осылайша елінің алқауын, мемлекетінің мерейлегенін көрген ғалым әлі де медицина ғылымына өз үлесін қосып келеді. Оның көпжылдық зерттеулерінің нәтижесінде 350-тен аса ғылыми еңбегі жарияланса, бүгінде кейіпкеріміз 14 монография, 16 методикалық әдістеме, 7 ғылыми өнертапқыштық және 11 интеллектуалдық меншік обьектілер куәліктерінің авторы.

Тағдырының тарау жолында елі үшін еселі еңбек еткен ғалымның айшықты ізін осылайша оқырманның көз алдында сайраттық. Тізбелеп жазу, ретімен айту оңай көрінгенімен, бір адамның ғұмырында мұнша құрмет, мұнша еңбектің болуы таңдандырады. Бәлкім, 2 мәрте Мемлекеттік сыйлықты иеленуі де үлкен еңбектің нәтижесі деп айшықтасақ қателеспеспіз.

АРДА БИ

Қатысты жаңалықтар

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

14.05.2025
Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025
Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.