Талдықорған: +2°C
$ 526.02
€ 607.55
₽ 6.50
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Ұлттық жоба – ұлт саулығын қалыптастырады

03.10.2024
ДЕНСАУЛЫҚ
Ұлттық жоба – ұлт саулығын қалыптастырады
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асуда. Қазір мұнда 9 медициналық нысан бой көтеруде.

Екпінді, Жайпақ және Бескөл ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, Жанама, Сапақ, Үшбұлақ, Қызылқайың, Ақжар және Қайнар елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункттер бой көтеруде. Қазір Ақжар ауылындағы медициналық нысан 40 пайызға даяр. Мердігер «Дәулет» ЖШС-нің құрылыс бастығы Құрбанәлі Омаровтың сөзінше, нысан құрылысы уақытында аяқталады. Нысан құрылысына 182 млн. теңге қаралған. 240 шаршы метр болатын фельдшерлік-акушерлік пункт толықтай қараша айының аяғында қолданысқа беріледі. Айтпақшы, осы серіктестік Жетісу өңірінде 4 нысанның құрылысын жүргізуде.

 – Құрылыс жұмыстары тамыз айында басталды. Қазір қарқынды еңбектенудеміз. Жергілікті 10 тұрғынды жұмыспен қамтып отырмыз. Жалақылары 300 мың теңгенің шамасында. Одан өзге мамандарымыз вахталық әдіспен жұмыс істеуде. 20 сотық жерде орналасқан фельдшерлік акушерлік пункттің медициналық жабдықтарын сатып алдық. Құны 35 млн. теңгенің жабдықтары қазір Алматы қаласында тұр. Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауға мүмкіндігіміз толық жетеді, – дейді «Дәулет» ЖШС өкілі.

Ақжар ауылында ескі фельдшерлік-акушерлік пункт 60-жылдарда салынған. Қазіргі күйі тіптен, сыны кеткен. Дейтұрғанмен 1500 адам сол нысанда ем-дом қабылдап келді. Ауылдық округ әкімі Елес Жапарғалиевтің айтуынша, қыста суық әрі талаптар мен нормаларға сәйкес келмейтін нысанның жайы көптен сөз болып жүріпті.

 – Ауыл тұрғындары жаңа медициналық нысан салынып жатқанына қуанышты. Ауылдық округке қарасты Қоңыр ауылында шілде айында блокты-модульді медициналық пункт пайдалануға берілді. Ауылдағы ағайынның сапалы өмір сүруі үшін бар жағдай жасалуда. Былтыр 150 орынды мәдениет үйі пайдалануға беріліп, ауыл мектебі жаңғыртудан өтті, – деді ауыл әкімі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіровтың айтуынша, ауылдағы тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруда блокты-модульді медициналық нысандардың көптеп салынуы үлкен маңызға ие.

 – Алакөл ауданында былтыр Қарлығаш, Байзерек және Ынталы ауылдарында блокты-модульді медициналық пункттер салынды. Биыл Бибақан, Арқарлы және Қоңыр елді мекендерінің тұрғындары мұндай нысанға қол жеткізді. Тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамту мақсатында Достық, Қабанбай, Ақтүбек ауылдарына 3 санитарлық автокөлік алынды. Жыл соңына дейін аудандық аурухананы заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланған. Алакөл ауданында 200 төсектік стационары бар орталық емхана құрылысы да жоспарланып, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде, – дейді облыстың бас дәрігері.

Жалпы, қазір Жетісу өңірінде 59 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Аудандар мен 2 қаланы қоса алғанда 17 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік пункт, 5 медициналық пунктің іргесі қалануда.

Дастанбек САДЫҚ
Фото: Жеңіс Ысқабай

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 100 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Жетісуда 100 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

08.11.2025
Талдықорғанда заманауи бизнес көшбасшыларының форумы өтті

Талдықорғанда заманауи бизнес көшбасшыларының форумы өтті

08.11.2025
Сарқанда электр энергиясы өндірісі артып келеді

Сарқанда электр энергиясы өндірісі артып келеді

08.11.2025
Әдеп кодексінің нормалары сақталады

Әдеп кодексінің нормалары сақталады

08.11.2025
Аида Балаева отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

Аида Балаева отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

08.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.