Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

СЫНАМА СЫРҚАТТАН САҚТАЙДЫ

15 қыркүйек 2024
ДЕНСАУЛЫҚ
СЫНАМА СЫРҚАТТАН САҚТАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл  сайын елімізде бір жастан асқан  балаларға туберкулин сынағы, яғни манту сынамасы  жүргізіледі. Ол – баланың туберкулезді  жұқтырғанын дер кезінде анықтау үшін жасалады.  Туберкулин диагностикасы ағзаға туберкулез қоздырғышы  енген жағдайда антиденелерді анықтау үшін жүргізіледі.  Тексерудің нәтижесінде  сынаманың жан-жағына аллергиялық реакция беріліп, немесе «оң» нәтижені көрсетуі мүмкін.


Вакцинаның салдарынан да әртүрлі белгілер байқалуы мүмкін. Сол үшін одан қорқудың қажеті жоқ. Мұны медицина тілімен «вираж» деп атайды.

Бұл – қоздырғыштың ағзаның қан айналым жүйесінде барын,   бірақ, ағзаға  әлі толық  орналаса қоймағанын білдіреді.  Мұндай  кезеңде қабыну  болмайды. Сондықтан зертханалық және басқа тексеру жолдарымен оның барын  анықтау мүмкін емес.  «Вираж» кезеңінде бала әлі сырқаттанбаған, бірақ қорғаныш күші әлсіреген кезде ауырып қалуы ықтимал. Сондықтан мұндай белгі байқалған балалар фтизиатр дәрігердің  кеңесіне жолданады.  Оларға ем тағайындалып,  химиопрофилактика жүргізіледі. 

Антидене туберкулез таяқшаларын жұқтырғанда ғана пайда болмайды. Ол, сондай-ақ, БЦЖ екпесінен  кейінгі алғашқы жылдары және аллергиясы бар балаларда  «оң» нәтиже көрсетуі мүмкін.  Кейде суық тиіп ауырып  тұрғанда немесе сырқаттанып  жазылған балаларда да  белгі байқалады. Қазіргі кезде диаскин-сынақ арқылы аллергия ма,  жоқ туберкулез қоздырғышы ма, бірден анықтауға болады. Бірақ, оны ең қажетті жағдайда ғана  қолданады. Басқа уақыттарда манту сынамасын қолданады. Диагностика көп жағдайда қауіпті топқа жататындарға, туберкулез сырқатына шалдыққан адамдармен қарым-қатынаста болғандарға, сондай-ақ,  диспансерлік есептен шығарылатын балаларға жүргізіледі.  Туберкулин білектің ортаңғы бөлігіне тері астына жасалынады.  Ине салынған орында түйме тәрізді инфильтрат пайда болады. Ине салынған жерді тырнауға, уқалауға, моншада жуынып, жөкемен ысқылауға болмайды. Нәтижесі 72 сағаттан кейін оқылады. 

Туберкулин сынамасы туберкулин микробактериясының алғашқы рет  жұққан және туберкулин сынамасы гиперергиялық  нәтиже көрсеткен адамдарды анықтаумен қоса БЦЖ вакциналауына балаларды іріктеу үшін жасалынады.  Манту сынамасы мен БЦЖ   ревакцинациясы арасындағы аралық кем дегенде  үш күн және екі аптадан аспауы  тиіс. 

                                                                   Мәлік БАЗАРБАЕВ,
дәрігер

Қатысты жаңалықтар

Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43
Пайдалануға берілетін нысан көп

Пайдалануға берілетін нысан көп

Бүгін, 12:29
Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Бүгін, 12:27
Шырайы кірген шағынаудан

Шырайы кірген шағынаудан

Бүгін, 12:25

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.