Талдықорған: +16°C
$ 470.17
€ 547.47
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ТАЛҒАРДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

18.10.2018
ДЕНСАУЛЫҚ
ТАЛҒАРДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар ауданында 103 мүмкіндігі шектеулі бала тіркеуде тұрса, енді олардың 25-і Талдыбұлақ ауылындағы «Нұр әлем» күндізгі болу орталығына баратын болды. Іші-сырты талапқа сай безендіріліп, «Айгөлек», «Балапан», «Жұлдыздар» атты жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінген мүмкіндігі шектеулі балалардың күндізгі болу орталығы негізінен үш қабаттан тұрады. Орталықтың стандарт талаптарына сай болып, қалыпты жұмыс жасауы үшін бюджеттен 3 жылға 211,4 млн. теңге қаржы бөлінген.

Орталық салтанатты тұсаукесер рәсімін жасады. Шараға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әбдуәлиев, аталған басқарманың Талғар аудандық бөлімінің басшысы Жәден Байысбаев, «Ақниет» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің директоры Тұрлыхан Сұлтанов, Белбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Қазтай Сарғожаев және Талғар қаласындағы орталық мешіттің наиб-имамы Айдын қажы Жеңісұлы қатысып, ұжым қызметкерлеріне ізгі тілектерін білдірді.

— Менің анам Әділет Нұрбекқызы ұзақ жыл бойы қоғамдық істермен айналысты. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандармен қоян-қолтық жұмыс істеді. Ол кісінің адамға қайырымдылық жасаудағы кең пейілділігі бәлкім маған да дарыған болар, өзім осы жолда қызмет етуге бекем бел будым, – деді «Нұр әлем» күндізгі болу орталығының директоры Саят Нұрсейітов. – Біздің орталықтың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар күндізгі уақытта сапалы әлеуметтік қызмет түрін пайдалана алуы. Олардың оқуына, жазуына тәжірибелі мамандар көмектеседі. Осы тұрғыда іс-тәжірибесі бар 24 қызметкер еңбекке алынды. Ата-аналардың да алаңсыз жұмысын жасауына, тіпті, бірлі-жарымының бізде еңбек етуіне мүмкіндік туды. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде қаланған орталық балалар денсаулығының оңалуына септігі тиетін қажетті құрылғылармен жабдықталғандығын айрықша атағым келеді. 25 төсекпен есігін ашқан орталықтың келешекте керегесі кеңейіп, осындай қамқорлыққа зәру балаларды көптеп алуға жұмыс жасайтын боламыз. Осы орайда, орталықтың ашылуына мүмкіндік жасаған облыс әкіміне айтар алғысымыз шексіз.

— Елбасы өзінің Жолдауларында Үкіметке халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы жұмысты әрі қарай жалғастыра беруді тапсыра отырып, қоғамның көмекке шынында зәру мүшелері – балалар, ардагерлер, мүгедектер, көпбалалы аналарды жауапкершілігіне алып, үнемі қолдау көрсетіп, қарауына алуды міндеттеді, – деген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Жеңісбайұлы орталықтың ашылуына ата-аналар қуанып жатқанын жеткізді. Бұл жерге келетін балаларға педагогикалық және психологиялық көмекпен қатар, дене қозғалысы жаттығуларын жасап, арнайы емдік массаж алып, бір-бірімен қарым-қатынаста болуына жағдай жасалған. Осыған дейін мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары тек қана мемлекеттік тұрғыда шешіліп келсе, ендігі жерде жеке кәсіпкерлер мен мецанаттар да өз үлестерін қоспақ. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс.  

— Алла тағаланың жаратқан мүмкіндігі шектеулі балаларымызды шетте қалдырмай, қоғамның мүшесі ретінде қамқорлық жасау – сауаптың үлкені. Жетімін жылатпай, кемтарға кең пейіл таныту – қанымызда бар қасиет. Сондықтан, бұл игі істеріңізге Алла берекетін берсін. Ем алып, демалатын балаларға Алла шипасын берсін, – деді орталық мешіттің наиб-имамы Айдын қажы. 

Орталықтың ашылу салтанатында сөз кезегін алған ата-аналар ауданнан осындай жайдарман жаңалықты ұзақ күткендіктерін айтып, жанарларына жас алды.

— Мен осында тәрбиеленуші Айзеренің әжесі  боламын. Балаларымыз осы күнге дейін төрт қабырғаға қамалып, теледидарға телміргеннен өзге ештеңе көре алған жоқ. Енді осы орталыққа келгелі дос тауып, емдік дене қозғалыстарын жасап, қуанып қалғандарын көрдік. Сондықтан да көкейдегі күмәнді сейілтіп, үміт ұялатқан орталық басшысы Саят Саматұлына ата-аналар атынан ризашылығымызды білдіреміз, – деді Мира Темірғалиева.

Балалардың жүздеріне күлкі үйіріліп, аяғынан нық тұрса науқастың азабын тартқан ата-ана үшін зор бақыт болмас па еді?! Ал осы жолда қарекет етіп, демеу болуда «Нұр әлемнің» ұжымы қал-қадірінше қамқорлық жасауды өз міндеттеріне алған. Ендеше, іске сәт дейміз.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні

17.05.2026
Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

17.05.2026
Олжас Бектенов Дүниежүзілік банкпен инвестиция тарту мәселесін талқылады

Олжас Бектенов Дүниежүзілік банкпен инвестиция тарту мәселесін талқылады

16.05.2026
Талдықорғанда құлпынай бағасы өзге қалалармен салыстырғанда қандай?

Талдықорғанда құлпынай бағасы өзге қалалармен салыстырғанда қандай?

16.05.2026
Мемлекет басшысы кітап оқуды дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы кітап оқуды дамыту туралы жарлыққа қол қойды

16.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.