Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ТУБЕРКУЛЕЗДЕН САҚТАНЫҢЫЗ

17 қыркүйек 2024
ДЕНСАУЛЫҚ
ТУБЕРКУЛЕЗДЕН САҚТАНЫҢЫЗ
WhatsAppTelegramFacebook

Туберкулез әлемде ең көп таралған жұқпалы инфекциялық ауру. Бұл дерт бүкіл әлемге аса қауіп төндіріп отыр. Сондықтан сау адам туберкулезді тек ауырғандардың мәселесі деп санамауы қажет.


Туберкулез жұқпасының ең қауіпті көзі тыныс алу жолдарының зақымдануы мен өкпе тінінің ыдырауы. Мұндай науқастар туберкулездің қоздырғыштарын жөтелген кезде, түшкіргенде, қатты сөйлегенде ұсақ бөлшектер түрінде сыртқы ортаға көптеп шығарады. Аурудың негізгі көзі туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас. Туберкулез баяу дамитын, ұзаққа созылатын ауру. Оны дер кезінде анықтап, дұрыс емдесе, басқа ағзалардың қабынуын сақтап қалуға болады.

Туберкулезге шалдыққан жануарлар да ауру таратушы болып саналады. Ол әсіресе ірі мүйізді мал арасында жиі кездеседі. Адамдар жұқпаны көп жағдайда малдардан сүт арқылы жұқтырады. Сондықтан сүтті шикі күйінде емес, тек қайнатып алып немесе пастерленгеннен кейін ғана ішу керек. Туберкулез бір ғана емес, қоғамда өмір сүріп жатқан барлық адамның мәселесі. Сондықтан оның өсуін және таралуын тоқтату үшін алдын алу шараларын жақсы меңгеріп, күнделікті өмірде сауатты қолданса ғана нәтиже береді.

Әрбір адам туберкулездің алғашқы белгілерін білуі керек. Бұл дертке шалдыққан адам әлсіз келеді. Екі аптадан артық ұзаққа созылған жөтел мазалайды. Жиі қақырық бөлінеді. Дене қызуы көтеріліп, қан құсып, алқынады. Тәбет бұзылып, салмақ тастап, жұмысқа деген қабілеті төмендейді. Осы келтірілген белгілерді байқасаңыз міндетті түрде дәрігерге көрініп, медициналық кеңес алуға асық­қаныңыз жөн. 

Туберкулезбен емделетін науқас емдеудің толық курсын уақытымен алса бұл дерттен құлан таза айығуына болады. Жылына 1 мәрте  ретфлюорографиялық тексерісті міндетті түрде жасаған жөн. Егер әрбір адам туберкулез туралы жетік білсе және бұл тұрғыда өзінің білімін күнделікті қолданса, аталмыш дерттің өршуіне және таралуына тосқауыл қоюға болады.

Нүркен СМАҒҰЛ, 
облыстық фтизиопульмонология орталығының эпидемиолог дәрігері

Қатысты жаңалықтар

Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43
Пайдалануға берілетін нысан көп

Пайдалануға берілетін нысан көп

Бүгін, 12:29
Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Бүгін, 12:27
Шырайы кірген шағынаудан

Шырайы кірген шағынаудан

Бүгін, 12:25

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.