Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

АДАМДЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚҰТҚАРАДЫ

01.03.2025
ДІН МЕН ДӘСТҮР
АДАМДЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚҰТҚАРАДЫ

Жетісу облысының топырағы қандай құнарлы, нәрлі болса халқының да ниет-пейілі, ықыласы сондай деңгейде кіршіксіз дер едім. Мұнда жоқ-жітікке, жетім-жесірге алғаусыз көңілмен көмек қолын созатын жандар жеткілікті. Осындай ерікті жандардың арқасында тіршілік түзеліп, қоғам өмірі жақсы жағына өзгереді. Шын мұқтажға қолындағы барын бөліп беруден тартынбайтын жомарттардың қатарын Талдықорған қаласындағы мешіттердің жамағаттары толтырып отыр.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облыстық өкіл имамы ретінде жұмыс істей бастағаныма 2-3 жылдың жүзі болды. Осы жылдар ішінде облыс орталығы Талдықорған қаласында көптеген игілікті істер атқарылып, жақсы бастамалар жүзеге асты. Өткен жылы орталық «Иман» мешітін күрделі жөндеуден өткізіп, еденіне жылу құбыры жүргізілді. Одан бөлек, мешіттің кілемі толығымен ауыстырылды. Жалпы, қоғаммен тікелей байланыс орнататын мешіттерімізде 297 131 мәрте түрлі насихат өткізіліп, көптеген тақырыптың пәтуасына байланысты жергілікті халықтан келіп түскен 15 388 сұраққа толыққанды жауап берілді.

Өткен жыл еліміздің солтүстігі мен батысындағы жұртшылық үшін сынаққа толы болғаны белгілі. Ел басына түскен ауыртпалықты жеңілдетуден Жетісу жамағаты да сырт қалмай көктемгі қарғын су басқан Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарына 11 300 000 теңге қаржы жинап, 56 тонна түрлі заттай, 100 000-ға жуық мөшек қаппен қолдау көрсетті. Осындай игілікті істің басы-қасында облыстағы мешіттердің имамдары жүргенін мақтанышпен айта аламыз.

«Дін мен Дәстүр» бағыты аясында облыс аумағында 658 түрлі шара өткізілді. Солардың арасында еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен өткен «Ислам және отбасы құндылығы» атты республикалық конференцияны ерекше атап өтуге болады. Себебі, облыс орталығында өткен конференция мешіт имамдарына артылар жауапкершілік жүгінің жеңіл еместігін көпшілікке ұғындырып, халықты руханиятпен сусындатудың маңыздылығын паш етті. 

Уақыт өткен сайын әрбір ауылда мешіттер ашылып, жергілікті жұртшылыққа рухани қызмет ұсынылып келеді. Мысалы, облысымызда 5 мешіт ашылып, құжаттары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына тіркелді. Сол мешіттерге еліміздегі діни оқу орнын бітірген 17 түлек қызметке тағайындалды. Олардың бәрі де білікті де білімді мамандар. Осындай имамдарымыздың ұйымдастыруымен Жетісу жерінің әр ауданында мұқтаж отбасыларға 14 баспана беріліп, жетім балалар үйіне монша салынды.

Білім алудың дұрыс екендігін дініміз құптайды. Осыған орай Жетісу жамағаты «Мектепке жол» акциясы кезінде 1215 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар әперіп, мұқтаждарды қуантып отыр. Сондай-ақ, жаңа өмір жолына қадам басқан білім алушы шәкірттерге 1770 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді. Осындай игілікті істерді жүрегіне Жаратқан Алла Тағала мен пайғамбарымыз Мұхамедке (с.а.с) деген сүйіспеншілік орныққан жандар атқарып келеді. Сондай жанашыр жандардың қолдауымен зағип жандарға арналған браиль жүйесімен оқыту курсы іске қосылып, тілінде мүкісі бар және құлағы естімейтін жандарға сурдоаударма арқылы насихаттар жүргізіліп тұрады. Мұндай қайырымдылық шарасынан облыстағы 161 мың 465 отбасы сырт қалмай, мұқтаждықтары өтелді. Мешіттеріміз 107 мәрте сенбілік өткізіп, шаншыған шыбық өніп кететін Жетісу жерінің топырағына жамағаттарымыз 3 мың 997 көшет отырғызды. Қасиетті Рамазан айында ауызашарлар ұйымдастырылып, Құрбан айт мерекесінде 11 мың 432 отбасыға құрбандық еті таратылды. Биылғы қаңтар, ақпан айларында мұқтаж отбасыларға 117 тонна көмір жеткізілді. Осындай шаралардың ұйытқысына айналып, жұртшылықты жақсылыққа шақырып жүрген мешіт қызметкерлері мен жамағаттарға тосын сый ретінде Умра қажылық пен шипажайларға жолдамалар берілді. Бірқатар мешіт қызметкерлері Құрмет грамоталары және  Алғыс хаттармен марапатталды. Республикалық «Үздік мешіт тазалықшысы» аталымы бір қызметкерімізге бұйырды.

Міне, еліміздің оңтүстік-шығысын алып жатқан Жетісу облысында атқарылған игілікті істердің нәтижесі осылай қалыптасты. Ендеше жақсылыққа жарысып, қайырымдылық жасауға ұмтыл, ағайын!

Керімбек СӘРСЕМБАЙҰЛЫ,
Жетісу облысының бас имамы
Фото: muftyat.kz

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.