Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

Алғаш рет ораза ұстағандар нені білу керек

03.03.2025
ДІН МЕН ДӘСТҮР
Алғаш рет ораза ұстағандар нені білу керек

Өмірінде алғаш рет ауыз бекітіп, ораза ұстаған адамның қиналып қалары анық. 

1. Ең үлкен жұбаныш – бұл оразаны сізге дейін миллион адамның ұстағандығын ұмытпаңыз және сізден кейін де миллиондаған адам жалғастырады. Және олардың бәрі де бұл айды өте жақсы нәтижемен өткерді. Алдыңызда қандайда бір қиындық шықса, мұны сіз ғана көріп тұрсыз деген сөз емес. Бұл тығырықтарға көптеген адам тап болды және шешімін тапты.

2. Оразаның құндылықтарын, Алла арасындағы дәрежесі туралы толығырақ білуге асығыңыз, жиі еске алыңыз. Бұл сіздің оразаға деген құлшынысыңызды арттырады.

3. «Биыл ораза ең ұзақ мерзімге түсіп тұр, әй шыдай алмаймын-ау» деген ой маза бермей жатыр ма? Ғалымдар адамның қарнында өз денесін 2 тәулік бойы алып жүруге жеткілікті деңгейде тамақ болатынын дәлелдеген екен. Адам белгілі деңгейде бір уақытта жүйелі түрде тамақтанып үйреніп қалғандықтан, қарны аш болмаса да, асқазанына сөл бөлініп, ол миға қарнының ашқандығы туралы жалған ақпарат береді екен. Демек, адам ашығып бара жатқандықтан емес, ең әуелі жүйелі келетін тамақтың келмей қалғандығынан қиналады. Ең бастысы, «тамақ ішуім керек еді» деген ой аштыққа шыдатпайды екен.

4. Бірнеше жыл бойы Рамазан оразасын ұстап жүрген білімді, салиқалы кісілермен сұхбат құрыңыз. Кеңес сұраңыз. Тіпті, оразаны бір рет қана және биыл бірінші рет тұтқалы отырған адамдармен де пікір алысыңыз.

5. Нашар әдеттеріңізді тастауға бел буыңыз. Ғайбат, өсек-өтірік айту секілді нашар қасиеттерді біртіндеп жеңуге тырысыңыз. Пайғамбарымыз келген хадисте: «Сендерден біреу ораза болған күні жаман сөздер айтпасын, даусын көтермесін. Ал, егер біреу оны балағаттаса, немесе төбелескісі келсе ондайға: «Расында, мен оразамын десін!» деген.

6. Күн тәртібіңізді біртіндеп өзгерте бастаңыз. Бұл айда күн тәртібіңіз күрт өзгереді. Тамақты басқа уақытта ішіп, ерте оянасыз. Асқазаныңызды таңертең едәуір тамақ жеуге үйретіңіз. Ерте тұруды әдетке айналдырыңыз. Бұрын-соңды дүниелік шаруаларыңыз көп болса, рухани жаттығуларға орын босату керек болады.

7. Ауру-сырқаттарыңыз болса, дәрігерге қаралыңыз. Қажетті ем-домды қабылдаңыз. Алла Тағала бекіткен құлшылықтар адам баласына қиындық тудыруды мақсат етпейді. Оразаның денсаулығыңызға орын толтыра алмастай зарарын тигізбейтіндігіне көз жеткізіңіз.

8. Арнайы дұғаларды жаттаңыз. Рамазан – дұға айы. Ауыз ашар сәтте айтылған дұғалар қайтарылмайды. Дәл сол сәтте, кітап іздеп кетпес үшін дұғаларды жаттай беріңіз. Ауыз ашарда айтылатын дұғаны да жаттауды ұмытпаңыз.

9. Отбасы мүшелеріне, әріптестер мен достарға оразаға деген ниетіңізді айтыңыз. Алайда, қарсы келушілердің болатындығына дайын болыңыз. Әдетте, жанашыр адамдар сіздің денсаулығыңызды, аптапты ыстықта қиналатындығыңызды ойлап қарсы келіп жатады. Алайда, сіз барынша сабыр сақтап, оразаның қасиеттерін, негізгі мақсатын және оның денсаулыққа пайдасын жеткізіңіз.

Фото: dalanews.kz
Дереккөз: muslim.kz

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.