Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

Діни тұрақтылықты қолдауға бағытталған бағдарламалар

26.02.2025
ДІН МЕН ДӘСТҮР
Діни тұрақтылықты қолдауға бағытталған бағдарламалар

Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева бастаған мәслихат депутаттары Римма Салықова және Ермек Егінбаев «Жетісу облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің және оған қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – аталған мемлекеттік мекеменің жылдық жұмыс жоспарымен танысып,  ұсыныс пікірлерін талқылау. Мекеме жоспарында жалпы діни ахуалға мониторинг жүргізу, реттеу, діни экстремизм мен радикализацияның алдын алу, қоғамда бейбітшілік пен келісім орнату бағытындағы іс-шаралар қамтылған. Қазір Қазақстанда дінге бетбұрушылық екпінді түрде күшейіп келеді.

Нәтижесінде халқымыз өзінің рухани бастауларына қайтадан бет бұра бастады. Міне осындай тарихи  кезеңде мекеме қызметкерлерінің ролі ерекше. Кездесу барысында депутаттар мен басқарма қызметкерлері діни саланы реттеу мен оңалту жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін қосымша шаралар қабылдауды ұсынып, діни тұрақтылықты нығайту, жастар арасында дұрыс діни түсініктерді қалыптастыру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар дін мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастар, қоғамдағы діни толеранттылықты сақтау үшін атқарылатын жұмыстар сөз болды.

Мәслихат депутаттары қоғамдағы діни тұрақтылықты қолдауға бағытталған әртүрлі бағдарламалар мен жобаларға өз тараптарынан қолдау көрсететіндерін жеткізді. Мұндай кездесулер дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға, қоғамда діни экстремизм мен радикализацияның алдын алуға ықпал ететіні сөзсіз.

«Жетісу-Ақпарат»

 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.