Талдықорған: +38°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Экология мәселесін кешенді шешудің жол картасы әзірленді

05.06.2023
ЕКІ ТІЗГІН
Экология мәселесін кешенді шешудің жол картасы әзірленді

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай басқа өңірлермен салыстырғанда салыстырмалы түрде қолайлы. Экологиялық мониторинг нәтижесі бойынша экологиялық ахуалы нашар деп саналатын Талдықорған және Текелі қалаларының атмосфералық ауасының ластану деңгейі төмен екендігі анықталған. Демек, аймақтағы экологиялық ахуал қалыпты. Десе де, бұл мәселе әрқашан жіті қадағалауда болғаны жөн.

Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес жерүсті суларының ластануын, бітелуін болдырмау, сондай-ақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау мақсатында облыс аумағында жыл сайын су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу бойынша жұмыс жүргізіледі.  2006-2022 жылдар аралығында облыстың ірі өзені мен көлі, су қоймасында су қорғау аймағы мен белдеуі орнатылған. Биыл  жоба бойынша «Жұмақ көлдері», Мельничная, Голубиновка, Тыныбас, Қоғалы, Сарыбұлақ өзендерінің су қорғау аймағы мен белдеуін орнату жоспарлануда. Оған 30,0 млн. теңге қаржы қарастырылған.

Қоршаған ортаны бүлдіріп, экологиялық ахуалды қиындататын кәсіпорындардан шығарылатын ластаушы заттар қалдықтары екендігі де белгілі. Былтыр оның нақты көлемі шамамен 18,6 мың тоннаны құрады. Бүгінгі таңда коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеудің тиімсіз әдістері және ескірген кәріз тазарту жүйелері де  негізгі экологиялық мәселеге айналды. Осыған орай облыс жұртшылығы, жергілікті атқарушы орган, Экология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп Жетісу облысының экология мәселесін кешенді шешудің жол картасы әзірленді.

Табысты жұмыстар атқарылып, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғауға қатысты шаралар түсіндіріліп жатса да оны ескермейтіндер жетерлік.  Өткен жылы экология департаменті 34 лауазымды адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Ол қатарда Талдықорған және Текелі қалалары, Сарқан, Қаратал, Кербұлақ және Панфилов аудандарының лауазымды тұлғалары бар. Оларға  жалпы сомасы 1 млн. теңгеден астам айыппұл салыныпты. Әрине, мәселенің бәрін айыппұлмен шешуге келмейді. Ең бастысы, адамдардың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған түсінігін тереңдету керек. 

Аймақта қатты тұрмыстық қалдық төгілетін полигондардың жұмысын реттеп отырудың да маңыздылығы жоғары. Алайда Талдықорған, Ескелді және Кербұлақ аудандарында 3 полигон рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп келеді. Ақсу, Сарқан аудандары мен Текелі қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін арнайы полигон жоқ. Жерді қашықтықтан зондтау (Геопортал) жүйесінің дерегі бойынша заңсыз  қоқыс үйінділері анықталып, әрбір координаттарға жеке фототүсірілім жасалған. Анықталған фактілердің негізінде жергілікті әкімдікке заңсыз қоқыс үйінділерін арнайы орындарға шығару қажеттігі туралы тапсырма берілген.

Кейінгі жылдары Жетісу облысында жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы Талдықорған қаласы, Көксу және Ескелді аудандарының 6 қазандығы газға ауыстырылды. Ескелді ауданының кәріз желілерін жаңғырту жұмысы жүргізілуде, Талдықорған қаласының LED-экрандарында Қазгидрометтен берген атмосфералық ауаның сапасы туралы ақпарат көрсетіліп, тұрғындарға түсіндіру жұмысы жиі жүргізілетінін де айта кеткен жөн.

Өткенде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысының хаттамасына сай рұқсат етілмеген барлық полигондарды жоюды қамтамасыз ету қажеттігі туралы тапсырмасы түскенін білеміз. Осыған орай «Жетісу облысының елді мекендерін көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру айлығын өткізу туралы» облыс әкімдігінің №46  қаулысы қабылданып, оның орындалуын қадағалау мақсатында құзырлы органдардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Олар 16 мамырдан бастап елді мекендерді аралап, қордаланған мәселелерді зерделейтін болады. 

Омар АҚЫН
Сурет: көрнекілік үшін

Қатысты жаңалықтар

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды

18.06.2025
Зейнетақы шамамен 200 мың теңгеге дейін өсті – министр

Зейнетақы шамамен 200 мың теңгеге дейін өсті – министр

18.06.2025
Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды

Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды

18.06.2025
Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

18.06.2025
Өңірде қазақ киносының онкүндігі басталды

Өңірде қазақ киносының онкүндігі басталды

18.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.