Талдықорған: +30°C
$ 519.26
€ 602.13
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

«Мама, әл-Фараби атамның ұшқыны 8 жасында келіп қойған, менікі қашан келеді»: 9 жасында кітап шығарған баламен сұхбат

05.04.2023
ЕКІ ТІЗГІН
"Мама, әл-Фараби атамның ұшқыны 8 жасында келіп қойған, менікі қашан келеді": 9 жасында кітап шығарған баламен сұхбат

Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский ауданы, Прапорщиково ауылында ерекше дарынды бала тұрады. Ералы Пазылбекұлы 4 жасында оқуды үйренген. 6 жасында қазақ халық ертегілерін оқып тауысқан. Қазір Д.Қонаев атындағы орта мектептің 4-сыныбында оқиды. 9 жасында кітап шығарып, ең дарынды жас жазушы атанып отыр.

Бұл туралы Massaget.kz порталы жариялады. Сайт тілшісі жас жазушының анасы – Гүлнұр Зұлқаршынқызымен тілдескен. 

«7-su.kz» желілік басылымы қызықты материалды қаз-қалпында ұсынып отыр. 

Жас қаламгердің анасының айтуынша, үйде ұлына ешкім оқу-жазуды үйретпеген.

«Теледидардан ауа райына қатысты қала аттары шығады. Сол кезде ұлым Алматы шықса «Алматы» деп оқитынын байқадық. Өзі тума талант қой. Әпкесі сабақ оқығанда соған қосылып отыратын. Ақырындап сөйлемдерді оқи бастады. Сөйтіп, 4 жасында кітап оқитын дәрежеге жетті», — дейді Ералының анасы.

 

Гүлнұр Зұлқаршынқызы А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жұмыс істейді. Ұлын 3 жасынан бастап кітапханаға алып барып жүрген. Ералының кітапқа деген қызығушылығы сол жерден басталған.

«Кітаптарды қызығып қарайтын. Оның оқуға деген ынтасы содан пайда болған болуы керек. Шағын ертегілер оқып жүрді. Оқығандарын бізге әңгімелеп беретін. «Кітапханадан не оқыдың?» десем бәрін қайтадан айтып беретін. Кейін ойынан ертегі құрайтын болды. Оны бізге «тыңдаңдар-тыңдаңдар» деп отырғызып қоятын. Кейде әңгімелері бір сағатқа дейін созылады. Біз оны жалықпай отырып тыңдайтын едік», — дейді Гүлнұр Зұлқаршынқызы.

Ералының анасы уақыт өте келе ұлына айтып жүрген әңгімелерін кітап етіп жазуды ұсынған.

«3-сынып оқып жүргенде ертегі-әңгіме жазуын бастады. Бір әңгімесін облыстық кітапханадағы байқауға қатыстырдық. 1-орын алды. Содан шабыттанып: «Менің жазғандарымды оқиды екен ғой» деп тағы да жаза бастады. «Қазақ әдебиеті» газетінде де әңгімесі жарық көрді», — дейді ол.

Ералы 9 жасқа толғанда оның он шақты әңгімесін ата-анасы кітап етіп шығаруды қолға алған.

«Балам бір күні келіп: «Мама, менің жазғандарымды кітап етіп шығаруға бола ма» деп сұрады. Мен де ақынмын ғой. Бір жыр жинағының авторымын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесімін. Кітабымды  шығарған баспадағы мамандарға 1-2 әңгімесін жібердім. «Оқып көріңіздер, ұнаса кітап етіп шығарайық» деген ұсыныс айттым. Олар оқып көріп, бірден келісті. Мөлдір Сайлаубекова дейтін 7-сынып оқитын қыз бар еді. Суретті өте жақсы салады. Соған суреттерін салғызып, кітапты баспаға жібердік», — дейді жас жазушының анасы.

Жас жазушының «Ералының ертегілері» деп аталатын кітабы 28 беттен тұрады, ата-анасы 500 данамен өз қаржысына шығарған.

Жинаққа «Ғажайып саяхат», «Кітаптар мұңы», «Ғажайып қалам», «Судың да сұрауы бар», «Айымның қателігі», «Үшінші бала», «Екі дос», «Жанашырлық», «Көгершіннің балапандары», «Менің әпкем» сияқты ертегілері топтастырылған.

Ералы тек жазуға ғана емес, музыкаға да қатты қызығады. Конструктор ойыншықтарды құрастырғанды жақсы көреді. Ералының анасы баласының кітап жазуға деген ынтасын сол ойыншықтар ашуға көмектескенін айтады.

«2 жасынан бастап конструктор құрады. Баланың қиялын дамытуға көмектеседі екен. Ұлым көп балалармен ойнамайды. Өзі жалғыз ойнағанды, кітап оқығанды жақсы көреді. Түркиядағы жер сілкінісі кезінде бір үй құрап, маған келіп: «Мама, мына үйді жер сілкінісіне төзімді ету үшін не істесем болады? Болашақта осындай үйлер салып, оларды жер сілкінісіне төзімді еткім келеді. Еліміздің үйлері құламаса екен, халық қаза таппаса екен» дейді. Ұлым сондай нәрселерді ойлап жүреді», — дейді Гүлнұр Зұлқаршынқызы.

Ералы әл-Фарабиді қатты жақсы көреді, болашақта ғалым болғысы келеді. Өскесін алаштықтарды зерттейтінін айтады.

«Бір күні маған келіп: «Мама, әл-Фараби атамның ұшқыны 8 жасында келіп қойған, менікі қашан келеді» деп менен сұрайды. «Асықпа болашағың алда» деп айтамын», — дейді жас жазушының анасы.

Жас қаламгердің қоржынында шығармашылық, әдеби байқаулардан алған жүлделері де аз емес. «Республикалық балалар оқулары» байқауында 3-орын иеленген. Қазақстандағы балалар әдебиеті жылы аясында А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының «Ертегілер – ғажайып әлем» байқауында жеңімпаз атанған.

Фото: ашық дереккөзден 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

24.06.2025
Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

24.06.2025
Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

24.06.2025
Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.