Талдықорған: +18°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

15.11.2022
ЭКОНОМИКА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облыстық мәслихатының кезекті ХХІХ сессиясы өтті. Оған  Алматы облыстық мәслихат хатшысы Дәулет Жарасбаев төрағалық етті.

Сессияда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыс аумағына атом электр стансысын салу туралы бастамасын қолдау, өтемақы төлемдерімен қамтамасыз ету шаралары, Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 31 шілдедегі № 51-257 «Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары» шешімінің күшін жойылды деп тану және қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйі туралы мәселелер қаралды.

Сессияда «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин атом электр стансысы жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Өздеріңізге мәлім, 2018 жылы Қазақстанда АЭС салудың техникалық-экономикалық негіздемесінің маркетингтік бөлімі әзірленді. Оның міндеттері стансының перспективалық аудандарын бағалау, блоктың жалпы және жеке қуатын анықтау. Ал биылғы мамыр айында ТЭН маркетингтік бөлімі жаңартылып, негізгі тұжырымдар өзгеріссіз қалды. Үлкен ауылы аумағында қуаты 1,4 ГВт-қа дейінгі және жалпы қуаты 2,8 ГВт-қа дейінгі 2 блоктан тұратын АЭС салу ұсынылды. Бұл ҚР атом саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қолдау тапты.    

Осы орайда, АЭС салудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, электр энергетикасы жүйесіне қалай енгізілетіні, қуатын анықтау, құрылыс алаңын таңдау, реакторлар бойынша талданған ұсыныстар, салаға қажет кадр тапшылығын болдырмау, жобаға сәйкес жұмыспен қамту және АЭС салу бойынша Үлкен ауылы аймағының бірқатар инфрақұрылымдық артықшылықтары аталып өтті.

Елде АЭС салу атом индустриясы мен экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Мәселен, ғылыми-техникалық және жоғары білікті кадрлардың өсуіне, құрылыс кезінде 8 мың адамға дейін жаңа жұмыс орындарын және пайдалану кезеңінде 2 мың адамға дейін сапалы кадр құруға, жергілікті өнеркәсіпті дамытуға, тұтынушыларды 60 жылдан аса сенімді энергиямен қамтамасыз етуге, парниктік газдар шығарындыларын жылына 10 миллион тоннаға дейін төмендетуге, меншікті отын базасының әлеуетін кешенді пайдалануға, сондай-ақ, басқа да экономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық артықшылыққа ықпал етпек. Тимур Жантикиннің сөзіне жүгінсек, АЭС шамамен 2035 жылы қолданысқа беріледі.

Белгілі болғандай, облыста 1,8 мың гектар алқапқа 0,9 миллион ағаш отырғызылған. Аймақтағы 7 тұрмыстық қатты қалдық полигонының 6-уында экологиялық рұқсат құжат бар. Ал 1-уі рұқсат құжатынсыз жұмыс істейді. Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында тұрмыстық қатты қалдық жеке полигоны жоқ. Геопорталдың дерегі бойынша биыл аймақта 351 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталып, бүгінде соның 72 пайызы тазаланған. Атмосфералық ауаның ластануы, қалдықты басқарудың жетілмеген жүйесі және кәріз тазарту құрылғыларының ескіруі аймақтағы экологиялық негізгі мәселенің бірі саналуда. Осының негізінде құзырлы органдармен экологиялық мәселені шешу бойынша «Жол картасы» әзірленіп, осының аясында 8 іс-шараны жүзеге асыру қарастырылған және оның 3-уі орындалған.

Сессияда облыс орталығының ауысуына байланысты қызметкерлерге пәтер жалдау ақысын өтеу бойынша мемлекеттік органдардың шығындарын қаржыландыруды талап ететін негізі проблемалар сөз етілді.       

Соңында облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізіліп, жер комиссиясының дербес құрамы мен жер комиссиясының ережесі бекітілді. Сонымен бірге, облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде индустрияландыру саясатын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамы бекітілді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.