Талдықорған: +14°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІНЕ ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

20.08.2020
ЭКОНОМИКА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІНЕ ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Серік Мұқановтың төрағалық етуімен кезектен тыс 60-шы сессия өтті. Онлайн режимде өткен бейнеконференцияда бірнеше мәселе қаралды.

Басқосуда облыстық мәслихаттың «Алматы облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №55-282 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобалары бойынша мемлекеттің міндеттемелерін қабылдау, елді мекендерден тыс жерлерде, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының, ашық кеңістікте елді мекендерден тыс жерлерде жарнаманы орналастыру тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту, облыстық мәслихат депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» тобы бойынша даму бюджетінің шығындары Талғар қаласының «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жапсарлас құрылыс салу жобасын іске асыруға 256,4 миллион теңге бөлінгенін айтты. Сонымен қатар, «Білім» саласының ағымдағы шығындарына қосымша 2,1 миллиард теңге бөлу керектігін, білім саласынлдағы 4 нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 1,1 миллиард теңге қарастырылғанын тілге тиек етті.

– Жаңа 2020-2021 оқу жылында облыстың білім беру ұйымдары қашықтан оқыту жүйесіне көшуіне байланысты 43095 оқушыны ғаламтормен қамту үшін роутерлерді сатып алуға 748,7 миллион теңге қаржы қарастырылған. Облыстағы 34 колледжге жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жалпыға орта білім беру пәндері бойынша оқулықтар сатып алуға 135,9 миллион теңге және «Цифрлық Қазақстан – 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында оқыту процесін «Platonus College» бағдарламасы арқылы толық автоматтандыру үшін 52,5 миллион теңге, білім мекемелерін материалдық техникалық құрылғылармен жабдықтауға 84 миллион теңге бөлінеді. Біздің болашағымыз – жас өрендер болғандықтан оқушылардың білімді де, талантты болуы үшін біз барлық жағдайды жасауымыз керек. Сондықтан да Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында 50 орындық Өнер мектебін салу жоспарға енгізілген. Бұл құрылыстың жобасын әзірлеуге бюджеттен 377,1 миллион теңге бөлінбек, – деді басқарма басшысы.

Денсаулық саласындағы шығындарға 3 миллиард теңгеден астам жұмсалатынын айтқан Жомарт Әмірханов денсаулық сақтау мекемелеріне 3 бірлік компьютерлік томограф сатып алуға 1,6 миллиард теңге, Талдықорған қаласында 200 төсектік тез салынатын жұқпалы аурулар ауруханасын салу жобасын іске асыру үшін қосымша 7,5 миллиард теңге қарастыру керегін жеткізді. Сонымен қатар, баяндамашы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша шығындар 2,5 миллиард теңгені құрағанын айтты.

Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Кеген, Қаратал, Райымбек, Сарқан аудандарын сумен және жылумен жабдықтауға, отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалануға, спорт алаңдарын салуға бөлінетін қаржыны толық баяндаған басқарма басшысы газ тарату желілері құрылысы бойынша 7 жоба, қалаішілік, кентішілік жолдарды күрделі және орташа жөндеу бойынша 9 жоба және кірме жолдарды орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізу үшін 3 жоба іске асырылатынын баяндады.

Басқосуда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асыру жұмыстары да қаралды. Кентішілік желілерді тарту бойынша Талғар ауданындағы Ақдала ауылында құрылыс жұмыстары жүргізілсе, газ тарту желілерінің құрылысы бойынша Талғар ауданына қарасты, Ақтас, Жалғамыс ауылында, Балқаш ауданының Бақанас ауылында және Кербұлақ ауданы Сарыөзек кентінде құрылыс жұмыстары атқарылатын болады.

Облыс аумағында сыртқы жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың кеңістігінде, жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерлерде орналастыратын тәртібі мен шарттары туралы мәселе көтерілді. Мысалы, аудан көлемінде жарияланған жарнама «Жарнама туралы» Заңға қайшы болса, жергілікті атқарушы орган Заңға сәйкес шара қолдануына толық мүмкіндігі бар екені айтылды. Мәслихат депутаттары шығарылған шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихатының индустриялық-инновациялық инфрақұрылымдарды, туризмді дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктеді.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 20 бабына сәйкес, облыстық мәслихаттың депутаты Жақсылық Үшкемпіровтың қайтыс болуына байланысты депутаттық өкілеттігін мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

27.04.2026
Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

27.04.2026
«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

27.04.2026
Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

27.04.2026
Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

27.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.