Талдықорған: +22°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«АЛМАТЫЛЫҚТАР АУЫЛДЫҢ ДӘМІН ӘБДЕН САҒЫНҒАН»: ЕКІ КҮНДІК ЖӘРМЕҢКЕ

13.10.2020
ЭКОНОМИКА
"АЛМАТЫЛЫҚТАР АУЫЛДЫҢ ДӘМІН ӘБДЕН САҒЫНҒАН": ЕКІ КҮНДІК ЖӘРМЕҢКЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Сенбі және жексенбі күндері Алматы қаласында облыстық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен кеңейтілген жәрмеңке өтті. Аталған шара қаланың екі нүктесінде – «Астана» алаңында, ал екіншісі – «Алматы Арена» кешенінің алдында ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов бастаған арнайы топ жәрмеңкенің өту барысын қадағалап, әрбір сауда орындарын аралап шықты.

— Өздеріңіз білесіздер, коронавирус індеті халықтық шараларға тосқауыл болды. Міне, бүгін ұзаққа созылған пандемиядан кейінгі алғашқы жәрмеңке өтіп жатыр. Оған 17 аудан, 3 қала және «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корапорациясы қатысып, өз өнімдерін ұсынуда. Олар өте сапалы және нарықтық бағамен салыстырғанда 10-15 пайызға арзан. Алматылықтар ауылдың дәмін әбден сағынған болар, – деді Серік Мелісұлы.

Иә, айтса айтқандай-ақ, адамзатты әбігерге салған індет елімізді де айналып өтпеді. Төтенше жағдай енгізіліп, халық әуре-сарсаңға түсті. Барыс-келіс, алыс-беріс тоқтады. Өйткені, ауруды ауыздықтаудың жолы тек осы ғана еді.

Бүгінгі таңда қатаң карантиннің арқасында коронавирустың таралуы біршама төмендеді. Бірақ, әлі індет тоқтаған жоқ. Сондықтан аталған жәрмеңкеде сақтық шаралары толықтай сақталды.

— Жыл сайын «Астана» алаңында өтетін жәрмеңкеде 130-ға жуық сауда орындары қойылатын. Биыл мұнда тек 80 орынға ғана рұқсат берілді. Өйткені, карантин талаптары сондай. Есесіне, қалған 50 орын «Алматы Арена» кешенінің алдында орналасты, – дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов.

Жәрмеңкеге келген әрбір адамның дене қызуы арнайы медициналық құралмен тексеріліп, бетперде тағу міндеттелді. Сауда сөрелері ауылдан келген өнімдерге толып тұрды. Мұнда не жоқ дейсіз, бәрі бар. Ет-сүт, құрт-май, ірімшік, көкөніс пен жемістер самсап тұр. Ең бастысы, олар экологиялық таза және сапалы өнімдер. Алматылықтар оны жақсы біледі. Жәрмеңкеде, әсіресе, картопқа деген сұраныс өте жоғары болды. Қала тұрғындары қап-қабымен сатып алып жатты. Өйтпегенде ше? Бір килосы 70 теңге тұратын картопты қалалықтар еш жерден таппайтыны анық.

– Жәрмеңкеге 7 тонна картоп алып келдік. Оған қоса 1200 кило сиыр еті, 700 кило жылқы және 600 кило қой еттері бар. Биыл ауданда 6044 гектар жерге картоп егілді. 2018 жылы Голландиядан 236 тонна картоп тұқымын сатып алдық. Соның арқасында жылдан жылға өнім көбейіп жатыр. Мәселен, өткен жылы әр гектардан 208 центнер картоп алсақ, биыл ол көрсеткіш 215 центнерге жетті. Бүгін міне, жәрмеңкенің басталғанына бір сағат өтпей жатып 3 тонна картоп саудаланып үлгерді, – деп қуанып жатыр Райымбек аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Оралқұлов.

Қала тұрғындары Бақанастың күрішін, Кербұлақ пен Кегеннен келген мал еттерін, Талғар, Іле және Еңбекшіқазақтың көкөнісі мен жеміс-жидегін сүйсіне сатып алып жатты.

– Ауданымызда күзгі жиын-терін ойдағыдай жүріп жатыр. Бұйыртса, қараша айында ол жұмыстар толықтай аяқталады. Жәрмеңкеге 37 тонна болатын 39 түрлі ауылшаруашылық өнімдерін алып келдік. Ауданда балық шаруашылығы ерекше қарқын алуда, – дейді Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Бименов.

Шынымен-ақ, Еңбекшіқазақ ауданының шаруалары алып келген тірі балықтар биылғы жәрмеңкенің басты жаңалығы болғандай әсер етті. Тұтынушылардың кезекке тұрып балықтарды сөмкелеріне сүңгітіп жатқанын қызыға тамашаладық. Осындай мүмкіндік туғызып отырған «King FISH» компаниясына алғыстан басқа не айтамыз?!

– Біздің компания Есік қаласында орналасқан. Балық шаруашылығымен айналысып жатқанына сегіз жыл болды. Осы уақыт аралығында қанатымыз кеңге жайылды. Ташкенсаз және Тескенсу ауылдарында, сонымен қатар Ұйғыр ауданында компанияға қарасты шаруашылықтар балық өсірумен айналысуда. Аталған шаруашылықтардан жылына 1000 тонна балық алынады. Жүздеген адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Алдағы уақытта балық өнімдерін өндіретін заманауи зауыт салу жоспарда бар, – дейді «King FISH» компаниясының өкілі Нұрбол Абайұлы.

Аталған компания енді Жамбыл ауданынан балық шаруашылығын ашуды қолға алып жатыр екен. Егер бұл іс ойдағыдай жүзеге асса, елімізде балық шаруашылығы ерекше қарқын алатыны сөзсіз.

Сонымен, екі күнге созылған жәрмеңкеде 400 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері саудаланды. Ауылдықтар да, қалалықтар да дән риза болып қайтты.

Болат МӘЖИТ

Фото — автор

Алматы қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Елімізде салықты есептегенге жасанды интеллект енгізілді

Елімізде салықты есептегенге жасанды интеллект енгізілді

28.04.2026
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды

Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды

28.04.2026
Достық стансысында көлік прокуроры тағайындалды

Достық стансысында көлік прокуроры тағайындалды

28.04.2026
Жетісуда 4 қап балық тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Жетісуда 4 қап балық тасымалдаған жүргізуші ұсталды

28.04.2026
Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

28.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.