Қасиетті Қаратал ауданында соңғы жылдары атқарылған ау қымды іс көп. Іс пен нәтиже көз қуантады. Десе де алда атқары латын жұмыс қыруар. Ең бастысы – қараталдық тұрғындар дән риза. Оған облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВТЫҢ аудан тұрғындарымен кездесуінде куә болдық. Ең әуелі аймақ басшысы Үштөбе қала сындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Бейбіт Исабаев алдымен Қаратал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім ғимаратының күрделі жөндеуден кейінгі жаңа кейпімен танысып, құры лыс жұмыстарының сапасын көрді. 1982 жылы салынған бұл ғимаратқа күрделі жөндеу жасау үшін бюджеттен 397 млн. теңге бөлінген. Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары биыл маусым айында аяқталды. Жақын күндері қолданысқа беріледі. Мұнан соң облыс басшысы аудандық орталық аурухана блоктарының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жоспар бойынша «А» блогының жөн деуі алдағы қазан айында аяқталады. Ал «В» блогында жұмыстар баяу жүру де. Қазір құрылыс алаңында мердігер мекеменің небары 17 адамы жұмыс істеп жүр. Облыс әкімі мердігер ұйым ның сылбыр жұмысын сынға алып, құрылыс мекемесінің басшылығына үш күн ішінде жұмысшылар санын кемінде 40-қа жеткізуді міндеттеді. Жұмыс кестесінен кешігу жалғаса бе ретін болса, келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін мердігерге тиісті шара қолданылатынын қатаң ескертті. Жалпы, аудандық аурухананың мате риалды-техникалық базасын нығайту үшін жыл соңына дейін жалпы құны 642 млн. теңгеден асатын медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады.
Облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы аудан азаматтарын жеке мәселелері бо йынша қабылдады. Қабылдау барысын да жер, баспана, әлеуметтік мәселелер көтерілді. Бірінші болып аудан тұрғы ны Д. Перлов аймақ басшысынан кө мек сұрады. Оның айтуынша, «Үштөбе қаласының орталық саябағын сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы» келісімшартқа сәйкес алаңы 6,6 гектар орталық алаңды күтіп-ұстау жүктелген. Алайда 1 жыл ішінде бұл аумақта ешнәрсе салмаған, жерді жалға беру шартының мерзімі өткеннен кейін де жергілікті атқарушы органдарға жалға берілген жер телімінің мерзімін ұзарту туралы жедел хабарламаған. 2022 жылдың наурыз айында арыздану шы осы жер учаскесінде коммерциялық қызметті дамыту мақсатында заңсыз құрылыс «Қысқы ойын павильонын» тұрғызған. Қомақты қаражат жұмсаған азамат облыс әкімінен көмек сұрайды. Мәселенің мән-жайына терең үңілген аймақ басшысы Қаратал ауданының әкіміне, «Жетісу облысының мем лекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына, Қаратал ауданының проку рорына қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурстық негізде жер учаскесін беру туралы өтініш берушінің сұрағын қарап, азаматқа барынша қолдау көр сетуді тапсырды.
Тұрғын үй қорынан бөлінген жал дамалы жеке тұрғын үйінің алдынан жазғы ас үй салып беруді сұраған Л. Шалабаеваға «Нұрлы жер» мемле кеттік бағдарламасы аясында Үштө бе қаласынан 6 бөлмелі жалдамалы тұрғын үй берілген. Алайда, өтініш иесі тарапынан төлемдер уақытылы жүргізілмеген. Десе де көпбалалы анаға коммуналдық меншіктегі үй лердің күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат қарастырылмаса да аудан әкімі демеушілер есебінен бір миллион теңге көлемінде жөндеу жұмыстарын жүр гізуге мұрындық болған. Енді өтініш беруші жазғы ас үй құрылысын жүргі зуге әкімдік тарапынан тегін жұмысшы күшін бөлуді сұрайды. Аймақ басшысы аудан әкіміне өтініш иесіне мүмкіндігі не қарай көмек көрсетуді қарастырып, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Гүлжан Сарсенова ауданның тұрғын үй қорынан кезектен тыс жеке тұрғын үй бөлу туралы өтінішін жеткізді. Өті ніш иесінің отбасының тұрмыс жағда йын ескере келе демеушілер тарапынан тұрғын үй сатып беру мәселесін оңды шешу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Жалпы, аймақ басшысының жеке қа былдауына жазылған азаматтардың бар лық өтініш-тілектері тыңдалды. Арық қазу, егін егуге жер телімін қарастыру сынды сұрақтар да өз шешімін тапты.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залын да Қаратал ауданының тұрғындары мен кездесу жалғасты. Облыс бас шысы Бейбіт Өксікбайұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көр сеткіштері мен алдағы жоспарлары туралы айтты. Соның ішінде ауылша руашылығы, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, инженерлік инфрақұры лымдар мен әлеуметтік салаларды дамыту мәселелеріне тоқталып, қолға алынған жобалардың іске асырылу барысы жайлы баяндады.
Жалпы, Қаратал ауданы ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ. Жыл сайын бұл салада ілге рілеу жұмыстары байқалады. Биыл ауылшаруашылық дақылдары 22,1 мың гектарға егілген. 1200 гектарға күріш, 1461 гектарға қант қызыл шасы себілген. Күні бүгінге дейін дәнді дақылдардың 3,2 мың гектары орылып, қамбаға 6,3 мың тонна арпа, бидай жиналған.
Ауылшаруашылық саласының дамуы үшін арнайы заманауи тех никалар ауадай қажет. Бұл тұрғыда ауданда біршама жетістік те жоқ емес. Мәселен, ауылшаруашылық техникасын жаңарту мақсатында 532 млн. теңгеге 33 жаңа техника сатып алынған. Қант қызылшасын себу және жинауға бір сервистік дайындау орталығы құрылды. Қазіргі уақытта «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 356 млн. тең геге 2,5 пайыздық несиеге 10 техника сатып алынып, шаруалар қуанышы еселенген.
«Ірі жобалар» бағдарламасы ая сында «ТастөбеАгроФуд» ЖШС-нің тауарлы-сүт фермасын кеңейту жұ мыстары өз нәтижесін беруде. Қазіргі таңда фермаға германиялық 198 бас Голштино-фриз асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынған. Одан бөлек, ауданда бес сүт фермасы толық қуа тында жұмыс істеп тұр. Дегенмен, ауылшаруашылық, малшаруашылық саласын дамыту қажеттігін айтқан облыс басшысы аудан әкіміне ауыл шаруашылығы басқармасымен бір лесіп, ауылшаруашылық тауарларын өңдеу кәсіпорындарын ашу бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттігін тапсырды.
Биыл ауданның ветеринариялық қызметін жақсартуға 328,1 млн. теңге бөлінген. Өткен жылы Тастөбе, Елтай ауылдық округтерінде құны 33 млн. теңге болатын 2 модульдік ветери нарлық пункт салынды. Дәл осындай ветеринарлық пункттер Жолбарыс батыр және Балпық ауылдық округ терінде қыркүйек айында пайдала нуға беріледі. Ветеринария саласы жұмысының ілгерілеуі мақсатында 2 автокөлік, 10 бірлік компьютерлік техникамен қамтылған.
Ауданда бос жатқан жерлерді анықтау жұмысының нәтижесінде 119,8 мың гектар бос жатқан жер анықталды. Оның 52,3 мың гекта ры қайта айналымға енгізілсе, 67,5 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жерлерді пайдалану үшін өткен жылы 10,6 мың гектары конкурс арқылы бөлініп, 17,4 мың гектары ауыл тұрғындарына мал жаюға берілді. Қалған 39,5 мың гек тар жер ауданның босалқы жер қоры на өтті. Бірақ биыл ауданда 8,2 мың гектар жерді пайдаланбай отырған 7 шаруашылық анықталғандықтан заң бұзушылықты жоюға бір жылға нұсқама берілді. Нұсқаманың орын далуы келесі жылдың ақпанында тексеріліп, пайдаланбаған жағдайда жер мемлекет меншігіне қайтарыла тын болады.
Дегенмен, ауданда кәсіпкерлік ті дамытуға тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отыр. Өз кәсібін ашамын деген азаматтарға коммерциялық жер учаскелерін аукцион арқылы табыс тау жұмыстары ұйымдастырылмаған. Осыған орай, бос жатқан жерлерге аукциондар өткізіп, кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауды және жер конкурстардың әділ және ашық өтуіне тікелей жауапкершілік аудан әкіміне жүктелді.
Ауданның өнеркәсіп саласында 7 айда өндіріс көлемі 43,3%-ға азай ған. Өнеркәсіп көлемінің төмендеуіне «KazSilicon» ЖШС өндірісінің тоқ тауы, әлемдік нарықта кремний мен ферросилиций бағасының төмендеуі себеп.
Жыл басынан ауданға 6,7 млрд. теңге инвестиция тартылса да бұл былтырмен салыстырғанда 20%-ға төмен. Аудан бойынша жыл соңына дейін небәрі 3 жобаны іске асыру жоспарлануда. Егер жоспар жүйелі орындалса, 45 жұмыс орны құрылар еді.
– Инвестор тарту арқылы аудан ның жетістігін біршама арттыруға болады. Ұлан Әлдибекұлы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновация лық даму басқармасымен бірлесіп, ауданның барлық мүмкіндіктерін қарастыра отырып инвесторларды тарту жұмысын жандандыру керек. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар дың толық қуатына шығуы арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуды, жос парланған жобалардың уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл жақсы көрсеткіш деп айта алмаймын. Бірақ барлық мүмкіндікті пайдаланып жұмыс істеу қажет екенін ұмытпаған жөн, – деді облыс басшысы.
Аудан бойынша 2 мың 972 кәсіп керлік субъектісі тіркелген. 4,8 мың адам жұмыспен қамтылған. Биыл мемлекет қолдауының нәтижесінде 8 жоба іске аспақ. Оған 117 млн. қаржы қарастырылған.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы негізінде былтыр 414,4 млн. теңгеге 78 микрокредит берілген. Нәтиже сінде 87 жаңа жұмыс орны ашыл ды. Биыл аталмыш бағдарламаға 25 өтінім түскен.
Қазір баспана мәселесі ең өзекті. Бірақ бұл мәселе ауданда жоспар бойынша жүзеге асып келеді. Былтыр Үштөбе қаласында 40 несиелік тұр ғын үй құрылысы басталған. Алайда жүйесіз жұмыстың нәтижесінде құрылыс жұмысы аяқсыз қалған. Қазір жұмыс заң шеңберінде шеші мін табуда. Аз қамтылған отбасылар үшін биыл қараша айында 50 баспана беріледі деген жоспар бар.
Қараталдық тұрғындар сапалы ауызсуды қолданғандарына дән риза. Себебі, аудандағы 35 елді мекеннің 33-і орталықтандырылған сумен қамтылды. Тек 36 тұрғыны бар 47-ші разъезд және 183 тұрғыны бар Ұмтыл ауылы орталықтандырылған суға қосылмады. Көпбірлік ауылындағы сумен жабдықтау желілеріне жаңғыр тылған тұщыландыру қондырғысы орнатылып, ауыл тұрғындарына таза су берілді.
Қаратал ауданында 35 елді мекен нің 39 мың тұрғыны бар 19 елді ме кені газдандыруға жатады. Қаланың батыс бөлігіндегі 8 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді. Жыл соңына дейін 11 мыңға жуық адам тұратын қаланың қалған шығыс бөлігі газбен қамтылады. Осылайша Үштөбе қаласы жыл соңына дейін то лық газдандырылады. Сонымен қатар ауданның ауылдық елді мекендерін газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы шамамен 2 мың халқы бар Кәлпе және Оян ауылдары газ дандырылса, биыл Қанабек, Достық, Жаңаталап, Бастөбе ауылдарына газ тартылса, жыл соңына дейін тағы Ескелді би, Қызылжар, Тастөбе, Ортатөбе, Сарыбұлақ, Көкдала және Көкпекті ауылдары газдандырылады. Жылыбұлақ, Жасталап, Қаражиде, Кішітөбе және Үшкөмей ауылдарын газдандыру бойынша жобалық-сме талық құжаттама әзірленіп жатыр. Сөйтіп 2025 жылдың соңына дейін Қаратал ауданы толығымен газдан дырылады.
– Абоненттерді газға қосу – ма ңызды мәселе. Бұл сала бәсекелестік ортада болғанымен біз газ қазандық тарын 10 айға бөліп төлеу арқылы сатып алу мүмкіндігін қарастырдық. Сондай-ақ, қазандықтың бағасын есептемегенде, газ нүктесіне қосу құ нын 170 мың теңгеден асырмау керек. Жасалып отырған жеңілдікті жағ дайларды ескере отырып, халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, табиғи газға қосу мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды аудан әкіміне тапсырамын, – деді Бейбіт Исабаев.
Үштөбе қаласындағы жылу жү йелерінің жағдайы тұрақты. Қазіргі кезде Үштөбе қаласында 322 абонент жылу жүйесімен қамтылған. Тұтыну шылар санының өсуіне байланысты орталық қазандықтың қуатын арт тыру мақсатында былтыр 478 млн. теңгеге жалпы қуаты 12 Гкал/сағ. болатын қосымша блокты-модульді газ қазандығы орнатылды. Соның нәтижесінде қалада қосымша 50 мың шаршы метр аумақты жылумен қам туға мүмкіндік жасалды.
Биыл аудан аумағында 95 шақы рым жол жөнделеді. Бұл ауданның 10 елді мекеніне қатысты. Облыс әкімі нің айтуынша, Алмалы, Ескелді би, Айту би, Қызылжар, Айдар, Кәлпе, Қожбан, Қанабек, Көкдала ауылда ры мен Үштөбе қаласының жалпы ұзындығы 8,5 шақырым болатын 12 көшесін жөндеуге және күтіп ұстау ға 463,5 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта 10 көшенің жөндеуі аяқталып, 2 көшені жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
– Бұған дейін Көпбірлікке апа ратын жолдың мәселесін көтерген едіңіздер. Соған байланысты 4,8 млрд. теңгеге Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік автожолының 78,5 км. болатын үш учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде 52 шақырымы жасал ды. 26,5 шақырымы қараша айына дейін пайдалануға беріледі, – д е д і Б. Исабаев.
Былтыр Қаражиде ауылына кіре беріс 5,5 км. жолды жөндеу басталып, биыл маусым айында пайдалануға берілді. Көкдала ауылындағы көпір де күрделі жөндеуден кейін қыр күйек айында іске қосылады. Жыл соңына дейін Түгелбай ауылының 11 км. кірме жолы жөнделеді. Молалы – Үштөбе жолына орташа жөндеу жұмыстары басталып, 2025 жылдың соңында аяқталады.
Білім беру саласында ауданда 39 ұйым жұмыс істейді. «Мектептерді жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл жалпы 8,2 млн. теңгеге 7 мек тептің кітапханалары жаңартылды. Ауданның барлық мектептері мен балабақшалары қауіпсіздік шарала рымен, бейнебақылаумен қамтылған.
Ауданда 12 ауылдың 272 оқушы сы мектептерге автобуспен тасымал данады. Биыл Жаңаталап ауылы орта мектебіне және Ескелді ауылындағы Қошқарбаев атындағы орта мектепке 49 млн. теңгеге екі автобус сатып алынды. 2024-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Үш төбе қаласында 600 орынды мектеп тің құрылысы жоспарланған. Қазіргі кезде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тарапынан құрылыс-монтаж жұ мыстарының конкурстық құжаттары дайындалуда.
Қаратал ауданында 8 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарда бар. Соның 6 нысаны «Ауылдық жерлер де денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтереді. Ортатөбе, Қызылжар, Қанабек, Оян, Қаражиде, Дөңши ауылдарында 5 фельдшерлік-акушерлік пункт пен бір медпункт салынады. Олардың құрылысы жыл соңына дейін аяқ талады.
Бейбіт Исабаев өз сөзінде инф рақұрылымды дамыту мен кадрлар тапшылығы проблемасын шешу ме дициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырудағы негізгі факторлар екенін атап өтті. Өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жақ сарту үшін нысандар құрылысына блокты-модульді конструкцияларды пайдалану тұрақты қолға алынған. Бұл шалғайдағы ауылдарды заманауи медициналық объектілермен қамта масыз ете отырып, құрылыс процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
– 2022 жылы облыс көлемінде 12 блокты-модульді медпункт са лынса, 2023 жылы осындай 20 нысан тұрғызылды, биыл тағы 27-сін салу жоспарланып отыр. Соның ішінде осы жылы 2 блокты-модульді ме дициналық пункт Сарыбұлақ пен Кішітөбе ауылдарында орнатыла ды. Олардың құрылысы қарашаның соңына дейін аяқталады. Сонымен бірге «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 59 нысан салу жоспарланса, соның алтауы – 5 фельдшерлік- акушерлік пункт пен бір медпункт Қаратал ауданында тұрғызылады. Медицина маманда рын тарту шаралары да назардан тыс қалған жоқ. Осы мақсатта биыл облыста дәрігерлерге бір рет тік өтемақы ретінде қалалық жерде 5 млн. теңге, ауылдық жерде 10 млн. теңгеден әлеуметтік көмек қарас тырылып отыр. Қаратал ауданында 2022 жылдан бастап дәрігерлерге 13 пәтер бөлінді. Жалпы, пәтерақы төлемі беріліп, көтерме жәрдемақы лар төленеді, тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие беріледі, – деді облыс басшысы.
Биыл ауданға 3 маман, яғни, акушер-гинеколог, анестезиолог реаниматолог және жалпы тәжірибе дәрігері келеді деп күтілуде. Ауданға 3 «Жедел жәрдем» көлігі Ескелді би, Көпбірлік ауылдары мен Үштөбе қаласының дәрігерлік амбулатория ларына әперілді.
Былтыр Үштөбе қаласында өлке тану музейі және Кәлпе ауылында Мәдениет үйі салынып, қолданысқа берілді. Көкпекті ауылдық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары басталып, келесі жылы аяқталады. Көпбірлік, Тастөбе ауылдарында биыл блокты-модульді спорттық кешендері салынып, қолданысқа ұсынылды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының сұранысы бойын ша Жаңаталап, Ескелді би ауылда рында блокты-модульді Мәдениет клубы және спорт кешенін, Алмалы ауылында Мәдениет клубын салуға жергілікті бюджеттен 625 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары бастал ды. Осы жылдың желтоқсан айында жұмыстар толығымен аяқталады.
Ауданның әрбір саладағы жетіс тіктері мен кемшіліктерін саралай келе Бейбіт Исабаев орынбасарлары на аудан әкімдігімен, тиісті басқарма лармен бірлесіп, бөлінген бюджет қа ражатын уақытылы, сапалы игеруді, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орын алған кемшіліктер ді жою жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Облыс әкімінің баяндамасынан кейін кездесуге келген тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, оннан астам адам елді мекендерге Мәдениет үйі, спорт кешені, балалар ойын алаңы сияқты әлеуметтік нысандар салу, интернет байланысын жақсарту, ауыл жолдарын, суару каналдарын жөндеу мәселелеріне қатысты сауал қойды. Сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, кейбір өзекті мәселелердің шешімін қарастыру жөнінде тиісті лауазымды тұлғаларға міндет жүктелді.
Еңлік КЕНЕБАЙ





