Талдықорған: +19°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АСҚАР МАМИН ІРІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

24.05.2019
ЭКОНОМИКА
АСҚАР МАМИН ІРІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Премьер-Министрі Асқар МАМИН жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына барды. Мұнда ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ тапсырмаларының іске асырылу барысын тексерді. Сондай-ақ, Үкімет басшысы еліміздің орнықты көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысына баса көңіл бөлді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында Асқар Мамин «Өскемен-Талдықорған» автожолын салу жобасын қарады. Биыл 265 шақырым жолда қозғалысты ашу көзделген. Жалпы, ұзындығы 763 шақырым болатын жол 2020 жылы пайдалануға толықтай беріледі. Мұнымен қоса, «Қалбатау-Майқапшағай» трассасында реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, онда жыл соңына қарай 135 шақырым автожол пайдалануға беріледі.

Алакөл жағалауының шығыс бөлігінде соңғы екі жылда 5,3 млрд теңгеге ауқымды жұмыстар жүргізілген. Жағалауды дамыту жұмыстары жалғасуда, жағалау жиегіндегі адамдар серуендейтін жол кеңейтілді. Биыл 31 млрд-тан астам теңгеге 8 ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру басталады. Яғни, 250 орынға арналған «Керуен Плаза» қонақүйі, емдеу-сауықтыру кешені, велосипед пен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынады, парк кеңейтіледі. Биыл шығыс жағалауға 650 мың турист келеді.

Алматы облысында Үкімет басшысына ұзындығы 355 шақырымдай болатын «Өскемен-Талдықорған» автожолының шығыс бөлігін реконструкциялау, ұзындығы 184 шақырым болатын «Үшарал-Достық» автожолын салу жобасы туралы баяндалды.

Асқар Мамин Ақши ауылындағы көлді қоршаушы бөгеттің құрылыс орнын тексерді. Нысан жағалауға жақын орналасқан ауылдардың 2,5 мыңнан астам тұрғынын толқыннан қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Премьер-Министр Алакөл жағалауындағы демалыс аймағын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Өңірде 200-ден астам туристік нысан іске қосылған, 450 орынға арналған «QOQTEM GRAND RESORT» жаңа қонақүй кешені пайдалануға берілуде. Биыл жаңа қонақүйлер, сервис нысандарын салу арқылы туристік әлеуетті дамыту шаралары жалғастырылады. Биыл Алакөлдің оңтүстік жағалауына 1,3 млн турист келеді деп болжанған.

Қарағанды облысында «Қарағанды-Балқаш» автожолы учаскесіндегі жұмыс тексерілді. Аталған жоба бойынша биыл 187 шақырымда жол қозғалысы ашылады. Нысанды толық пайдалануға беру 2020 жылға жоспарланған. «Қарағанды-Теміртау» және «Қарағанды қаласы айналма жолы» жобалары бойынша жұмыстар жыл соңына дейін 61 шақырым жолды пайдалануға берумен аяқталады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысы жолдарының учаскелеріндегі құрылыстың жоғары қарқынмен жүріп жатқанын атап өтіп, Алматы және Қарағанды облыстарының нысандары бойынша құрылыс жұмыстарының екпінін күшейтуді тапсырды. Қарқынды жұмыс режимі мен жұмылдыру үшін жоба құрылысының мерзімдеріне тиісті түзетулер енгізу қажет. Үкімет басшысы жергілікті тұрғындарды объектілерді іске асыруға тартудың, еңбекақы төлеудің қажетті жағдайларын қамтамасыз етудің және қазақстандық қамту үлесін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«Инфрақұрылым жұмыс істеуі керек. «Өскемен-Талдықорған» және «Қарағанды-Алматы» жобалары бойынша міндет – 2020 жылы жолдағы қозғалысты ашу. Сапа мәселесі негізгі басымдықта болуы қажет», — деді А. Мамин. —  Алакөлде туристік әлеуетті дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет. Биыл шығыс және оңтүстік жағалауларға 2 млн-ға жуық турист келеді». 

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ» 

Қатысты жаңалықтар

Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.