Талдықорған: +13°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АВТОЖОЛДАРДЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАЛАЙ? АРНАЙЫ КОМИССИЯ ТЕКСЕРДІ

16.10.2020
ЭКОНОМИКА
АВТОЖОЛДАРДЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАЛАЙ? АРНАЙЫ КОМИССИЯ ТЕКСЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Қыстың көзі қырауда» демекші, қазан айында бірден ауа райы суытып кетті. Таулы аймақтарға қар түсті. Қазір мизамшуақ болып тұрғанымен аязды күндер алда. Ауа райы қандай болса да милиондаған адам автокөлікпен қатынайтын тас жолдың адамзат алдындағы жауапкершілігі өте жоғары екенін сіз бен біз жақсы білеміз.

Республикалық маңыздағы күре жолға жауапты кәсіпорындардың қысқа дайындығын тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылған болатын. Олардың құрамына төтенше жағдай департаментінің бас маманы Рустем Ахметжанов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалы зертханасының меңгерушісі Ғалия Асанова, жол полициясының аға лейтененты Талғат Қасым, «Алматы-Қорғас» участогінің бас маманы Нұрбол Сапаров, «ДЭУ-90» кәсіпорынның басшысы Жанатбек Байсейітов, «Алматы-Қапшағай» участогінің бас маманы Н.Алипова, «ДЭУ-15» мекемесінің басшысы Бауыржан Абировтар қазан айының алғашқы аптасында «Алматы-Қапшағай» мен «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолына қызмет көрсететін кәсіпорындардың алдағы қысқа дайындықтары қандай деңгейде екенін өз көздерімен көріп қайтты.

Оның нәтижесі туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалы зертханасының меңгерушісі Ғалия Темірханқызы былай деп баяндап берді:

— Ашығын айтқанда, көңіл толарлықтай емес. Мекеме басшылары «Әлі де уақыт бар ғой» деген сыңаймен арқаны кеңге салып отырғандай көрінді. Алдымен комиссия мүшелері Заречный поселкесінде орналасқан «ДЭУ-15» кәсіпорынына барды. Олар 67 шақырымды қамтитын «Алматы-Қапшағай» участогіне жауапты. Мұнда жылыту қазандығы, автотұрақ, қойма мен жол тазалауға арналған екі техникасы бар екен. Жылыту қазандығына 140 тоннадай көмір мен екі электр насостың қажеттілігі белгілі болды. Сондай-ақ, қыс мезгілінде ауадай қажетті 4000 текше метр құмның 140 текше метрі ғана дайындалыпты. Орындалғаны 6 пайыз десек те болды. Ал техникалық тұзды жоспардан артық 453 тоннаға жеткізіпті. Қалай десек те, кәсіпорынның қысқа дайындығына көңіліміз толмады. Кемшіліктердің орнын жуық арада ретке келтіріп, қосымша техникаларды жалға алуын тапсырдық. Дәл осындай көріністі «Алматы-Шелек-Қорғас» участогіне жауапты «ДЭУ-16» кәсіпорнынан да көрдік. Мекеме Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында орналасқан. Олар таспа жолдың 175 шақырымына жауапты. Кәсіпорында үш техника болса, оның біреуі ғана жарамды. Қысқа қажетті 9000 текше метр құмның 150 текше метрі жинақталған. Техникалық тұздың жоспар бойынша жиналуға тиіс 800 тонна болса, мұндағының бары 150 тоннаға әзер жетеді, — деді зертхана меңгерушісі.

Комиссия мүшелері Панфилов ауданының Көктал ауылындағы «ДЭУ-90» кәсіпорнында да аталған олқылықтардың орын алғанын өз көздерімен көрді. Атап айтқанда, қажетті 3000 текше метр қиыршық құмның 280 текше метрі ғана дайындалған. Сол сияқты техникалық тұздың қажеттілігі 400 тонна болса, жиналғаны 150 тонна. Қысқа дайындығы 19 пайыз деген сөз.

Комиссия тарапынан аталған кемшіліктерді шұғыл арада жөнге келтіріліп, қысқа дайындық жұмыстарын жедел ширату керек екендігі әр кәсіпорын басшысына қатаң ескертілді. Техникаларды жалға алу жұмыстары да тапсырылды.

Ақбөпе ЖИЕНҚҰЛОВА

Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

27.04.2026
Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

27.04.2026
«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

27.04.2026
Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

27.04.2026
Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

27.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.