Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр жолы» учаскесінде полицейлер қоғамдық тәртіпті қатаң қадағалап жүр. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.
Қазақстан-Қытай шекарасында жүк көлігінің кезегі мен олардың жылжуын бақылауды Панфилов ауданы әкімі басқаратын штаб жүзеге асырады. Қазіргі таңда жүк көліктерінің жүруі үшін электрондық кезек құрылды.
Күн сайын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етілген жиырмаға жуық полиция қызметкері патрульдеу режимінде екі ауысымда қызмет атқарады. Полиция қызметкерлері учаскеде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді және жол ережелерінің қатаң сақталуын бақылайды.
Ағымдағы жылдың басынан «Нұр жолы» кеден бекетіне қатысты 13 хабарлама мен өтініш тіркелді. Әр азамат жол берілген құқықбұзушылық туралы өтінішті жазбаша да, телефон арқылы да 8(72831)51362 жолдауға құқылы. Азаматтардың кез келген ескертулері дереу қаралады, оларды жою бойынша іс-шаралар дер кезінде қабылданатынын ескертеміз.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





