Талдықорған: +8°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Бағалы дақылдың бабы көп

10 қазан 2016
ЭКОНОМИКА
Бағалы дақылдың бабы көп
WhatsAppTelegramFacebook

Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваның 80 жылдығына орай Көксу ауылшаруашылық колледжінде «Алматы облысын қант қызылшасын дамыту болашағы және жандануы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Онда қант қызылшасын өсірудің түйткілді тұстары баяндалып, еңбеккерлердің қолын байлап отырған кемшіліктерді жою жолдары сөз болды. Конференцияны облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Сексембай Бекішов жүргізіп, ауылшаруашылық саласының білгір ғалымдары баяндама оқыды.

Шара аясында облыстың Құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев пен Көксу ауданының Құрметті азаматы Ақжолтай Көлбаев Зылиха апамыздың адами болмысы мен өңірдің өркендеуіне қосқан үлесі жайын тілге тиек етті. Ал Қазақ егін және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, профессор С. Кененбаев, осы институттың Талдықорған филиалының қант қызылшасы бөлімінің басшысы К. Қонысбеков пен инситуттың минералды қорек және агроэкология бөлімінің бас ғылыми қызметкері Е. Сүлейменов, экономика ғылымдарының докторы А. Шәріпов, «Жетісу» ӘКК ҰҚ»АҚ-нің агротехнология бойынша кеңесшісі А. Бексұлтанов баяндама оқыды. Олар отандық селекцияның қант қызылшасы сорттары мен будандарын шығару мен оны өндіріске енгізу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын таныстырып, тұқым шаруашылығын дамыту жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, қант қызылшасын өсірудің инновациялық технологиялары мен кооперацияға бірігудің тиімділігін айтып, мол өнім алу мүмкіндіктерін саралады.
Ғалымдардың айтуынша, бүгінде күнделікті қолданатынымыз – шетелдік қант қамысынан жасалған шекер. Ал оның тәттілігі жергілікті өнімнен әлдеқайда төмен. Қазіргі кезде басымдыққа ие дақылдар қатарына жататын және күтімді қажет ететін қызылшаның бейнеті де жетіп-артылады. Өйткені оны өсіруде көбісі қол еңбегіне сүйенеді. Кезінде осындай тәтті дақылды өсірудегі қиындыққа қарамастан Жетісудың абыройын аспандатқан қаншама еңбек адамы абыройға бөленіп, жоғары марапаттарға ие болды. Сол қатарда Зылиха апамыздың атының да ерекше құрметпен аталатыны анық.
Зылиха Жанболатқызының мамандығы мал дәрігері болса да  Еңбекші ұжымшарын басқарып тұрған кезінде қант қызылшасының әр гектарынан 600 центнерден өнім алып, бүкіл одаққа танымал болыпты. Осыдан-ақ, апамыздың еңбексүйгіштігін, біліктілігін, жауапкершілігін, ұйымдастырушылық қабілетін аңғаруға болады. Ал технологиясы дамыған, өндірісі өркендеген бүгінгі таңда неліктен сондай жетістікке жете алмай отырмыз? Кеңес одағы кезінде елімізде 80 мың гектарға дейін қант қызылшасы себілген екен. Апамызбен ұзақ жылдар бірге жұмыс жасаған Ақжолтай Көлбаев ағамыздың айтуынша, 1979 жылы Еңбекші ұжымшары қант зауытына 78 мың тонна қант қызылшасын өткізіпті.  Кейінгі жылдары бұл көрсеткіш бір жарым мың гектарға дейін төмендеген. 
Осы олқылықтың орнын толтыруға Елбасының Жетісу жеріне келген іссапары барысында қант қызылшасын қайта түлету жөнінде берген тапсырмасы айтарлықтай ықпал еткен. Жүктелген міндетті ойдағыдай орындау үшін облыс әкімі Амандық Баталов өткен жылы егіс көлемін 4 мың гектарға жеткізсе, биыл 6 мың гектардан асырып, одан мол өнім алу мүмкіндігіне негіз қалауда. Жоғары жетістікке қол жеткізуге Үкімет тарапынан да барынша қолдау көрсетіліп, демеуқаржы қарастырылып отыр. 2020 жылға қарай бағалы дақыл себілетін жер аумағы 14 мың гектарға жетіп, облысты сапалы қантпен қамтамасыз ету қиындығы шешілмек. Ол үшін тыңғылықты жұмыс, жүйелі басқару, белсенді еңбек керек. Осы тұста ғалымдар: «Зылиха Тамшыбаеваның қант қызылшасын өсірудегі озық тәжірибесін өндіріске қолдану артықтық етпейді» деген пікірде. 
Қалай десек те тәтті түбірдің күтіп-бапталуы  жүйеге келтіріліп, механикаландырылса, қызылшашылар бұл дақылды егіп, өсіруден бас тартпайтыны рас. Сонда қаншама ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылып, тұрмысын түзетер еді. Пайдалы дақылға деген көзқарастың қайта өзгеріп, жаңалыққа бетбұрыс жасалынуы да сондықтан болса керек. Зылиха апамызға арналған конференция көпшілікке осындай терең ой салды. 

Қажет Андас
Шұбар ауылы,
Ескелді ауданы.

 

Қатысты жаңалықтар

Еліміздің бірқатар аймағында үсік пен көктайғақ болады

Еліміздің бірқатар аймағында үсік пен көктайғақ болады

Бүгін, 07:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.