Талдықорған: +17°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«БАҚПАЙСЫҢ, БАҚЫЛАЙСЫҢ»: ДЕПУТАТТАР GPS ОРНАТЫЛҒАН ЖЫЛҚЫЛАРДЫ КӨРДІ

10.01.2020
ЭКОНОМИКА
"БАҚПАЙСЫҢ, БАҚЫЛАЙСЫҢ": ДЕПУТАТТАР GPS ОРНАТЫЛҒАН ЖЫЛҚЫЛАРДЫ КӨРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Айдынды Алакөл өңіріне жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Марат Бопазовты, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты аудан әкімі Әлібек Жақанбаев бастаған топ «Үшарал» әуежайынан күтіп алды.

Құрметті қонақтар ең алдымен төрт түлік төлін өрбітуге таптырмас мекен саналатын, Арқарлы ауылдық округінің аумағында орналасқан «Алакөл асыл жылқысы» ЖШС жұмысымен танысты. 2019 жылдың қарашасында белгілі меценат Бауыржан Оспановтың ұйытқы болуымен ашылған нысанға 988 миллион теңге жұмсалған болатын. Қазір Өмірбек Ахметовтың басшылығымен жұмыс істеп жатқан серіктестік 56 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, 10 мың бас асыл тұқымды жылқы өсіруде. Жалпы қуаттылығы 20 мың басқа жоспарланған ферма ықылым заманнан қанымызға сіңісті болған мал шаруашылығын дамытуды, оның ішінде, жылқы малын асылдандыру мен көбейтуді негізгі бағыт ретінде ұстанып отыр. Құрылысы бір жылдың ішінде аяқталған ферманың айналасындағы жер көлемі 146 мың гектарды құрайды.

Бір айта кетерлігі, мұнда жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалған. Жылы да жайлы баспаналар, демалыс орындары, балалардың ойын алаңы, тіпті, жеке кинотеатр да жұмыс істейді. Құбыласынан жаңылмаған жандар үшін намазхана, рухани азықтың түпқазығы — кітапхана, одан бөлек, асхана мен сауна да осы жерден табылады. Қысқасы, керек-жарақтың барлығы қасыңда. Сондай-ақ, тұрақты бақылап отыру үшін асыл тұқымды жылқыларға GPS қондырғылары орнатылған. Бұл шетке шыққан малдың орналасқан жерін анықтауға яки ұры-қарылардың қолына түссе жылдам әрекет етуге септігін тигізеді. Яғни, қазіргі таңда заманауи техникалардың арқасында малды бағудан гөрі бақылау алдыңғы қатарға шықты.

«ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов ферманың бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында сөз қозғап, жұмысшылар үшін жасалған жағдайды және жаңа технологиялардың мал шаруашылығында тиімді пайдаланылып отырғанын жеткізді. Ең алдымен, еңбек адамының хал-ахуалы назарға алынып, құмды далада күн өткізген малшыларға қаладағыдай күтім қарастырылғанын атап өтті.

Облыс әкімі Амандық Баталов жаңа нысанның өңірдегі ауылшаруашылығын, соның ішінде, асыл тұқымды жылқы санын көбейтуге елеулі үлес қосқанын айтып, оң бағасын берді. Еліміздің дәстүрлі шаруашылығын дамытып, ХХІ ғасырдың сұранысына сай істің ыңғайын табудың оңай еместігін, мұндай заманауи шаруашылықтардың еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетінін жеткізді.

Мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов жылқыға орнатылған GPS қондырғыларының артықшылығын атап, өте тиімді әрі қолайлы дүние екендігін тілге тиек етті. Себебі, Елбасы Н.Назарбаев та, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та кез келген кәсіп көзінде жаңа технологияларды пайдаланып, сол арқылы өнім қуаттылығын ұлғайтып, шығынды азайту керектігін, жұмысшыларға да қолайлы жағдай туғызу қажеттігін ескертуден жалыққан емес.

Бұдан соң Көлбай ауылдық округіне қарасты Бұдыр елді мекенінде орналасқан «Қайыңды» ЖШС-нің бес мың басқа арналған мал бордақылау алаңы мен ет өңдеу цехын аралап көрген меймандар бордақылау алаңына 800 миллион, ет өңдеу цехының құрылысына 835 миллион теңге жұмсалғанын сұрап білді. Қос нысан да қазіргі уақытта жұмыс қарқынын үдетіп, ісін ілгерілете түскен. Бордақылау алаңында 24 мың тоннаға жуық қыстық мал азығы дайындалып, 5 мың бас мал ұсталуда. Олардың күтіміне жауапты 12 адам тыңғылықты ісімен мал семіртуге елеулі үлес қосуда.

Ал ет өңдеу цехының жылдық қуаттылығы 1800 бас, күніне 60 бас мал сойылып, 300 тонна шұжық, консервіленген және өңделген ет өнімдері шығарылуда. Бүгінгі күні серіктестікте бордақыланған австралиялық және еуропалық асыл тұқымды ірі қара етінен 30 түрлі шұжық өндірілуде. Халал стандарты бойынша дайындалатан өнімдер әзірге облыс аумағы мен Алматы қаласына жөнелтілуде. Алдағы уақытта шетелге шығару жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Амандық Баталов мал шаруашылығындағы осындай іргелі нысандардың өңірдегі ет өндірісін, экспорттық мүмкіндікті ұлғайтуға зор ықпал ететінін айтты.

– Осындай айтулы жобаларды ғылыми әдістемелік орталық ретінде қарастыруға болады. «Мың рет естігеннен бір рет көрген артық» дегендей, бүгінгі аралаған нысандардың аграрлық салада тәжірибе алмасу, үйрену алаңы болуға әбден лайық екендігін өз көзімізбен көрдік. Біз ірі кәсіпкерлердің көмегімен осындай өте пайдалы, заман талабына сай жобаларды жүзеге асыру арқылы облысқа инвестиция тарту жұмыстарын одан ары жалғастырамыз, – деді ол.

Мәжіліс депутаты Марат Бопазов соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталып, бірталай адамға тұрақты жұмыс орнын ашқан цехтың аз ғана уақыттың ішінде атқарған ісіне жақсы пікір білдіріп, алдағы қадамдарына сәттілік тіледі.

Аудан әкімі Әлібек Жақанбаев өз сөзінде былтыр Алакөлге 1 миллион 300 мың демалушы келсе, олардың ішінде экотуризмге бет бұрғандарының да мол болғанын айтты. Осыдан туризмді өркендетуге таптырмайтын өңір саналатын Алакөлдің аталмыш саладағы әлеуеті жоғары екендігін аңғаруға болады. Тек көл жағалауы ғана емес, аудан аумағының әр нүктесі саяхат жасап, сергіп, серуендеп қайтуға жарап-ақ тұр.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Алакөл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.