Өз қызметін агроөнеркәсіпт ік кешенде өнд іру және қайта өңдеу, сондай-ақ, өңдеуші өнеркәсіп пен қызметтер саласында жүзеге асыратын кәсіпкерлер басым жобаларды несиелеу тетігі бойынша немесе «Қарапайым заттар экономикасы» – бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ҚЗЭ бағдарламасы) аясында несие ала алады.
Осының шеңберінде кәсіпкерлер ин- вестицияларға немесе айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктерден (бұдан әрі – ЕДБ) несие ала алады (несие со- масының 50 пайызынан аспайды), бұл ретте несие сомасы шектелмейді. ЕДБ несиелерді жылдық 15 пайызға дейінгі сыйақы мөлшер- лемесі бойынша береді. Оның ішінде жылдық 9 пайызға дейін мемлекет субсидиялайды. Осылайша кәсіпкерлер несие бойынша жылдық 6 пайызды төлейді.
Инвестициялық несиелер бойынша субси- диялау мерзімі – 10 жыл, айналым қаражатын толықтыруға – 3 жыл. Сондай-ақ, кәсіпкерде несие бойынша кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» қоры несиенің барлық мерзіміне өз кепілдігін беруге дайын. Бір жоба шеңберіндегі кепілдік мөлшері 3 млрд. теңгеге дейін несиелер бойынша несие сомасының 50 пайызына дейін, ал 3 млрд. теңгеден 5 млрд. теңгеге дейін несиелер бойынша 30 пайызға дейін құрайды. Субсидиялау және кепілдендіру құралдарын «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұсынады.
Бұл ретте «Даму» қоры тарапынан несиелерді субсидиялау онлайн режимде «Электрондық үкімет» (E-gov) және online. damu.kz платформалары арқылы жүзеге асырылады. «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына маңызды өзгерістер енгізілді. 2020 жылғы 30 шілдеден бастап бағдар- ламаның бірінші бағыты бойынша сыйақымөлшерлемесін портфельдік субсидиялау және банктердің несиелері мен микроқаржы ұйымдарының шағын несиелері бойынша ішінара кепілдік беру түрінде қаржылық қолдау көрсетіледі. Бұл ретте несиені субси- диялау және кепілдендіру туралы шешімді енді банктер немесе микроқаржы ұйымдары «Даму» қорының келісімінсіз дербес қабылдайды.
Шағын және микрокәсіпкерлік субъекті- лері инвестициялар мен айналым қаражатын толықтыруға салалық шектеулерсіз 20 млн. теңгеден аспайтын сомада несиелер ала алады. Субсидиялауды ескере отырып, кәсіпкерлер үшін соңғы сыйақы мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды. Ал кепіл жетіспеген жағдайда кәсіп- керлер несие сомасының 85 пайызы мөлше- рінде «Даму» қорының кепілдігін пайдалана алады. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша тиімді кәсіпкерлер мен индустриялық-иннова- циялық қызмет субъектілері салалық шектеулерсіз, сауда саласындағы инвестициялық жобалардан басқа мемлекеттің субсидиялары есе- бінен 6 пайыз сыйақы мөлшерлемесі бойынша 7 млрд.теңгеге дейін несие ала алады.
Бұл ретте айналым қаражатын толықтыруға бері- летін несие сомасы 500 млн. теңгеден, ал сауда саласында 100 млн. теңгеден аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда кәсіпкерлер «Даму» қорының кепілдендіру құралын да пайдалана алады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер- ге кепілдік 360 млн. теңгеден аспайтын несие сомасының 85 пайызына дейінгі мөлшерде берілуі мүмкін. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерге несие сомасының 50 пайызына дейінгі мөл- шерде 1 млрд. теңгеге дейінгі несиеге кепілдік беріледі.
Облыста іске асырылатын немесе іске асыру жоспарланған жобаларға қатысты барлық сұрақ бойынша Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 86 мекенжайында орналасқан «Даму» қорының өңірлік филиалына немесе 8-7282-55-87-10 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Айгүл БАЙБОСЫНОВА





